Материалдар / Білім беру мазмұнын жаңартудағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім беру мазмұнын жаңартудағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда білім беру саласы алдында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген негізгі сауалдар тұр.Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын педагогикалық әдістермен тығыз байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
322
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру мазмұнын жаңартудағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Койлыбекова Назира Демесовна

№ 2 жалпы білім беретін орта мектебіҚарағанды облысы Теміртау қаласы Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.Қазіргі таңда білім беру саласы алдында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген негізгі сауалдар тұр.Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын педагогикалық әдістермен тығыз байланысты. Елдің бәсекеге қабілеттілігі әркімнің бәсекеге қабілеттілігінен басталмақ.Мұның басты бір жолы-әлемде қордаланған,адамзат жинаған білім мен ақпаратқа жедел қол жеткізу.Қазіргі жас жеткіншек алдындағы келелі міндет-өзіміздің ана тіліміздің қайнар бұлағынан қана ішіп,өз тұнығымыздан сусындай жүріп,өзіміздің бір байлығымызға айналып айналып үлгерген орыс тілімен қоса, білім мен ақпарат түгелдей дерлік тұнып тұрған ағылшын тілін меңгеру.Олай болса, «Тегінде адам баласы бір –бірінен ақыл, білім, ар,мінез деген нәрселермен озады» деген Абай атамыздың сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Ал бұл міндет- елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне де жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң,биіктей береді,үңіле қарасаң,тереңдей береді;қол созсаң-қарсы алдыңда,айналсаң-артыңда тұрғандай» деп Сократ айтқандай,егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп,жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына басқаша қарау- ұстаздар қауымынан шеберлікті қажет етеді..Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектенетін,ой қабілетімен ерекшеленетін жастарды тәрбиелеуді көздейді.Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер-ертең ел тағдырын шешетін,тіліміздің жанашыр азаматтары.Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету- біздің міндетіміз.Сондықтан да алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Осы бағытта тіліміздің оқытылу әдістеріне көз жүгіртсек...Қажетті деп тапқан әдіс-тәсілдердің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды.Заман талабына сай оқушының ой-өрісін дамытатын,пәнге деген қызығушылығын арттыратын,мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін ұтымды технологиялар қазір шексіз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай атамыз айтқан озық ойлы,білімдар адамдар заманның,қоғамның дамуына,өзгеруіне үлесін қосып келеді.Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса,берген білім күткен нәтижені бермейді.Оқушының озық ойлы адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның да басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып ой еркіндігін,белсенділігін,ізденімпаздығын қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Менің тәжірибемде қолданып жүрген –«Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы сабақтың сапасын арттырып,оқушының ой еңбегін арттырады. «Сабақ-оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деп А.Сухомлинский айтқандай, осы стратегиялардың ішінде өзімнің пәніме тиімдісі,ойын жарыққа шығарары,баланың қызығушылығын оятары,білімін жетілдірері қайсысы екеніне мән беретін болдым.Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше стратегияларды қолдануға болатынына көз жеткіздім.Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім-өз сабағының көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі.Ал көшті дұрыс бағыттай білу-оның шеберлігіне байланысты.Сол стратегиялардың біріне тоқталар болсақ:1.Қызығушылықты ояту-жаңа сабақты түсіндірер кездегі үйрену үдерісі.Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікірталас жатады.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян-қолтық қарым-қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасауға, диалог құруға тиіс. Өзімізге сыни тұрғыдан қарауымыз керек. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту үдерісі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс атқарады, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып, ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.3. Ой-толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ұғынады. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады.Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл тәсілдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам; ой пікірін ашық, еркін айту,бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту,жақсы қасиеттерін үйрену,сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы Әбуғали ибн Сина (Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы – балалар оқу-тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру» Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар:Оқушылар өзара достасады,бірін-бірі сыйлауға үйренеді,өзара дауласады,жарысады,шешім шығарады.Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады,әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады.Сонымен қатар бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны бала есінде тез жатталады.Сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:-дәстүрлі сабақ түрлерінен арылу керек;-оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс;-оқу,жазу,тіл дамыту жұмыстарын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,қасиетін дер кезінде айқындай білу керек;Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу оқушының өзін-өзі дамытуына,өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып,өз сұрағына өзі жауап іздеп,жан-жақты білім алуына көмектеседі. Қорыта келгенде жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың тілдік қорын дамытуын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер 1.Оқу-әдістемелік көмекші құрал.А., 2008.2.Мұғалімге арналған нұсқаулық МАН.3.Қазақ тілі мен әдебиеті.№1.2014.4.Кәсіби даму мектебі.А.2004.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!