Материалдар / Білім беру саласы: Таным Пән: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Жеті ата
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім беру саласы: Таным Пән: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Жеті ата

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Таным Пән: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Жеті ата ортаңғы топ балаларына арналған. Рухани Жаңғыру бағдырламасы аясында жасалған ҰОҚ. Мақсаты: балаларға жеті ата туралы түсінік беру, әңгімелесу, жеті атаны біліп жүруге баулу. Үйге тапсырма жеті атаны жаттап келуге беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
373
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Күні: 13.04

Тәрбиеші: 

Білім беру саласы: Таным

Пән: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Жеті ата
Мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға жеті ата туралы мәлімет беру
2. Дамытушылық: сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелігі: Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу
Педагогикалық технологиялар: түсіндіру, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс
Ресурстармен қамтамасыз ету: нақыл сөздер
Ұйымдамстырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық ізденіс:

Шаттық шеңбері

Ерте замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

2.Негізгі бөлім

Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз 7 санына байланысты «Жеті атаны білу - парыз» деп аталады.
Қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай бір - бірімен қыз алыспайды. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар бір - бірімен туыстық, бауырмалдылық, сыйластық та болады

Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Өздерің қандай мақал – мәтелдердер дайындап келдіңдер:

1. Ағайын - туыс
2. Алты аға бірігіп әке болмас,
Алты жеңге бірігіп ана болмас.
3. Аға – бордан, іні – зордан.
4. Ағайын ала болса
Ауыздағысынан айырылады. 5. Ағасы ақылдының ауылы азбайды, Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.6. Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.

Балалар, сендер өз жеті аталарыңды білесіңдер ме?

(Балаларды тыңдау)

3.Қорытынды:
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінің мол болды деп айтуға болады. Өйткені бүгін айтылып жатқан нақыл сөздер, барлықтарыңызға үлкен әсер еткен болар. Жеті атамызды, өз тегімізді біліп жатсақ ол бізді тектілігіміздің белгісі деп білемін.
Балаларды мақтап мадақтау. Қоштасу.





























































Picture 6

«Жеті ата»

Тәрбиешілер : Сыздыкова А.М. Капарова Ш.А

Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға жеті ата туралы мәлімет беру
Дамытушылық: сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру
Тәрбиелігі: Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу


«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ «Балапан» тобында - «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен арнайы жоба «Дәстүр мен ғұрып» «Жеті ата» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен жеті ата деген қандай салт екенін анықтап алдық, әңгіме жүргізілді. Балалар өз жеті аталарын атап, мақал мәтелдер айтты

Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!