Материалдар / "Білім күні – Бірінші кыркүйек" Тақырыптық оқу қызмет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Білім күні – Бірінші кыркүйек" Тақырыптық оқу қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2019
363
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылы МКҚК «Әсем-Ай» Экологиялық балабақшасының

І- санатты әдіскері;

Сулейменова Айнагуль Усербаевна


Тақырыпты оқу қызмет


Тақырыбы: Білім күні – Бірінші кыркүйек

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 қыркүйек Білім күні екенін айтып, білім алу мақсатында балаларды құттықтау. Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін әр адам оған ат салысу керектігін түсіндіру.

Көрнекіліктер: Суреттер

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.


Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Күндей жадырап,

Айдай арайланып,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз сәтті болсын, Деніміз сау болсын!

Ұйымдастыру, іздестіру

Бүгінгі біздің сабағымыз «Бейбітшілік сабағы» деп аталады.

Балалар сендерді бірінші қыркүйек «Білім күні» мерекелеріңмен құттықтаймын. Дендерің сау болып, ата-аналарыңның саналы, тәртіпті, ақылды ұл-қыздары болуларыңа тілектеспін!

Білім.

Білім терең теңіз бе,

Білім еңбек егіз бе?

Рухани азығым –

Осы екеуі деңіз де,-

Дейді атам- білімді

Еңбекпенен сен ізде!

  • Балалар, өлең не жайлы айтылып тұр?

  • Дұрыс, жарайсыңдар!

«Білім керек бәріне» атты әнімізді орындап берейік.

Білім жайлы тақпақтарыңызды айтып беріңіздершы.




Суретке қарап әңгімелеу.

  • Мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Олар қайда бара жатыр?

  • Қолдарында нелері бар?



Бұл балалар мектепке білім алу үшін бара жатыр. Жақсы білім алсаңдар, білімді боласыңдар, сендер жақсы жерлерде жұмыс істейсіңдер. Елімізде бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр қайсыларың ат салысыңдар.

Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар.

1. Жазу жазып жалықпаған, жаза жаза арықтаған.

2. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама.

3. Өшірді сүртті. Өзгені құртты. Өзін де құртты.

4. Алты қырлы, алтын сырлы.


Ойын: «Оқу құралдары мақсаты». Ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын тауып алу.



















  • Білім жайлы айтылып тұр.




Сымбат:

Корабльді басқарып,

Көк жүзіне самғасам.

Тауды бұзып, тас жарып,

Мұхиттарды жалғасам.


Исламхан:

Туған тілді мақтаймын.

Салт дәстүрді сақтаймын.

Білім алып, ер жетіп,

Ел сенімін ақтаймын!


Жанель:

Бұл алғашқы қадамым, Таудай менің талабым.

Білім нәрін алуға

Мен мектепке барамын



-Балаларды көріп отырмыз.

-Мектепке бара жатыр.

-Қолдарында сөмкелері бар.










Сергіту



Бор


Кітап


Өшіргіш


Қарындаш



Балалар екі топқа бөлінеді. Әр қайсысына бөлек шеңбердің ішіне ойыншықтар мен оқу құралдары араласқан заттар салынады. Әуен қосылады. Ол тоқтағанда тез оқу құралдарын жинап, сөмкеге салып бітірулері керек. Кім бірінші болса сол топ жеңеді.

Рефлексивті түзетушілік

Сабақты қорытындылау.

  • Бүгін қандай мереке?

  • Жарайсыңдар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.


Білім күні мерекесі.

Күтілетін нәтиже: Нені білді?

Суретке қарап әңгімелеп береді. Өлең оқып, ән салуды, жұмбақты шеше біледі.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!