Материалдар / Білім негізі - бастауышта
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім негізі - бастауышта

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала жас маманға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Тамыз 2019
305
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім негізі - бастауышта

Оқушыны білім нәрімен нұрландыру бастауыш сынып мұғалімінің негізгі міндеті. Біздің алдымызға бала жас шыбық сияқты иілетін кезінде келеді. «Жас бала жас шыбықтың, жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол шыбық сол күйінде қатып қалмақ.»- деп айтқан екен ұлы педагог М. Жұмабаев. «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Қазіргі нәтижеге бағытталған білім алу кезінде жаңа формалы сабақты, жаңа технологияны қолданып, оның әртүрлі әдіс-тәсілдерін енгізіп отырмын. Өз сабағымда соңғы жылдары көбінесе ойындық технологияларды, дамыта, деңгейлеп- саралап оқыту технологияларын пайдаланамын. Бұрынғы оқуда мұғалім түсіндіруші, ал оқушы тыңдаушы ғана болған. Ал, қазіргі оқу ондай үлгіде болуы мүмкін емес. Осы сабақта қолданып жүрген әрбір технологиялардың өзіндік пайдасы, нәтижесі бар. Ойындық технологиялар бойынша сабақта көптеген ойын түрлерін Мысалы: қазақ тілі пәнінен «Сократтық семинар», «Сөз құра» ойынын, «Почтальон әдісі», «Микрафон» әдісін қолданамын. Ойын арқылы бала дүниені таниды. Ал белгілі педегог А.С. Макаренко: «Балалар ойында қандай болса, өскенде де сондай болады»,- дейді. Ойын әдісін қолданғанда баланы ойынға үйрету, ойынға қатысу арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек деп ойлаймын. Өз тәжірибемде ойын әдісін қолданғанда мынадай нақты нәтижеге жеттім.

Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшелігін жақсы білуге көмектесті. Бала өзін еш уақытта дәл ойын үстіндегідей еркін ұстап, өзін анық көрсете алмайды. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады.

Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез-келген пәнде топқа бөліпжүргізеді. Ойында, оқушы өз тобының жеңіп шығуына, өзінің тікелей байланысы бар екенін ұғынады.Басқалардың алдында жауапкершілікті сезінеді, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындайды. Сонымен бірге олардың бойында бауырмашылық, жанашырлық, ізеттілік сияқты жақсы қасиеттер қалыптасады.

Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын, жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, пәнге деген қызығушылығы артады.

Ал, дамыта оқыту технологиясы бойынша жұмыс жасаған кезде, оқушының ақыл, ойы, дүниетанымы, сөз қоры, сөйлеу мәдениеті, логикалық ойы, танымдық көзқарасы, бір сөзбен айтқанда жан- жақты дамыған бір тұлға болып қалыптасады.

Балаңа балық аулап берсең, бір күнгі азығың,

Балаңа балық аулауды үйретсең, мың күнгі азығың.

Дамыта оқытудың басты міндеті, оқушыға сабақты дайын күйінде емес, сол тақырыпты оқушы өзі шешіп, өзі шығара алатындай жәрдем беруіміз керек. Бұл тұрғыда ұстаздың еңбегін «ортақ еңбек алаңына айналдыру». Дамыта оқытудың тағы бір ерекшелігі оқушының сенімділігі артады. Менің тәжірибемде дамыта оқыту технологиясын қолданғаннан кейін оқушыларым «Менің ойымша», «Мен былай ойлаймын» деген өзіндік, тұлғалық көзқарас қалыптасты. Сонымен қатар дамыта оқытудың бір ерекшелігі, сабақ барысында, оқушы өзі жіберген қатесін, басып айтпай, сабақ барысында басқа оқушы байқамағандай түзету арқылы жасау керек. Ал, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын да өз сабағыма пайдаланған кезде мынадай нәтижесін байқадым. Әр оқушы өз деңгейін бағалайды. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.

Ұлы неміс педагогі Энштейн «Мен шәкірттерді үйретпей, үйренуіне жағдай жасаймын», деген екен. «Мұғалім адам жанының хирургі» деп бекер айтпаса керек Педагог ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеттілігі мен шеберлігін, интелектуалдылығын, төмен бөліктермен анықтауға болады.

1. Мұғалімнің сыртқы келбеті мен мәдениеттілігі.

2. Мұғалімнің өзін- өзі басқару шеберлігі.

3. Мұғалімнің мимикасы және поптомимикалық ишараларының (жест) мәнерлі негіз.

4.Мұғалімнің әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.

Ал нәтижеге бағдарланған білім моделінде мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда«оқушыны қалай оқытуды» емес, «оқушыны оқуға қалай үйрету» қажеттігін ойлатыруды талап етеді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!