Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

«Біліммен бірге ғылымға жол»

Автор:Кадыкенова Нурипа Сайлауовна
Бағыты: Сынып жетекші
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 6 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-05-08

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

«Біліммен бірге ғылымға жол»

Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейі КММ



Тақырыбы: «Біліммен біпге ғылымға жол»


Сынып жетекші: Кадыкенова Н.С










"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".(А. Байтұрсынұлы)Тәрбие сағатының мақсаты: Биік шыңдарға біліммен.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.Сабақтың түрі: «Дарабоз» зияткерлік ойыны.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, таптауСабақтың көрнекілігі: слайд - шоуПәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, арыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих,бейнелеу.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.2. Кіріспе сөз.3. «Дарабоз» зияткерлік ойыны:а) 1 - айналым «Бәйге»ә) 2 - айналым «Дода»б) 3 - айналым «Жорға»4. Сергіту сәті.5. Қорытынды.1. Кіріспе сөз.Оқысаңозарсың, Оқымасаңтозарсың.Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз.2. «Дарабоз» зияткерлік ойыныІ – «Бәйге»Әр бала бір сұраққа тез жауапбереді. (он бес сұрақ беріледі, әр жауап - бір ұпай.)1. Білім күні қай күн?2. Бес қаруды ата.3. Еліміз Тәуелсіздік алған күні?4. Жеті қазынаны ата5. Бейнеу ауданының әкімі кім?6. Үш қуатты ата.7. ҚР - ның рәміздерін ата.8. Төрт кітапты атап бер.9. Желтоқсан құрбандары кімдер?10. Маңғыстау облысының әкімі кім?11. ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?12. Бес жаратылысты ата13. Астананың туған күні?14. Үш көзді ата15. Күн көзі жылына неше рет шығады?Жауаптары:(1 - қыркүйек)(Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта) (1991ж. 16 желтоқсан)(Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)Басшы Әзірханов.(Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат) (Әнұран, Елтаңба, Ту)(Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы) (Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол)Бауыржан Мұханбетжанов(1995ж. З0 тамыз)(Күн, ай, жұлдыз., күндіз, түн)(6 – шілде)(Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.Сөз анасы - құлақ)(365 - 366)ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар1. Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга - bооk )2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa - dog).3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)4. Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk5. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок - bеІІ)III - «Жорға»Ұяшықтардың ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті,Математика, Тарих пәндерінен сұрақтар берілген. Әр пәндерді кезегімен таңдай отырып ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз.Қазақ тілі мен әдебиеті1. Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын (Абай Құнанбаев)2. Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала (Лексика)3. Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?4. Әуес көріп жүгірген жас балаларБеті - қолы домбығып үсік шалды.Шидем мен тон қабаттап киген малшы,Бет қарауға шыдамай теріс айналды. (Абай Құнанбаев «Қыс»)Математика1. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)2. Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (Поезда 13 вагон болған)3. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?(12 өріктен бөлінеді)4. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?(Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста)Тарих1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (97)4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? (1млн. 200мың)3. Сергіту сәтіАйырмашылықты тап5. Қорытынды. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақылжастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасатымол азамат болып өсейік.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.