Материалдар / Биология пәніне «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» енгізу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Биология пәніне «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» енгізу

Материал туралы қысқаша түсінік
СТО технологиясының негізгі міндеттері: • Әр сабақта тиімді әдістерін қолдану. • Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру. • Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу. • Оқушылардың қызығушылығын оята отырып, белсенділігін арттыру. • Пәнаралық және өмірмен байланыстылығын жүзеге асыру. СТО технологиясының әдістері барлық сабақтарға пайдалануға тиімді.СТО технологиясы бойынша жұмыс жасап келемін. Әсіресе қазақ тілі сабағында өте көп қолданамын. Мен өз тәжірибемдегі СТО технолнгиясының әр әдісінің тиімділігі туралы атап өткім келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2018
420
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ

Жамбыл облысы Жуалы ауданы №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Кемелбекова Гүльзағира Кембайқызы

Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету.
Эдисон

Мемлекетіміздің болашаққа нық қадаммен бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры-ол білім. Білім беру жүйесін жаңа заман талабына сай өзгерту, түрлендіру, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу-қоғамдағы ең үлкен мәселе. Еліміздегі білім беру жүйесі-оқытудың жаңа жүйелері мен озық технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үрдісіне енгізумен ерекшеленеді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, жерін, халқын сүйетін өз шешімін қажет ететін, іс жүзіне асыра алатын тұлға қалыптастыру үлкен мәселе болып отыр. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Осы мақсатта кейбіреуі сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолдануда. Қай әдісті пайдаланса да мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірттің бойына сіңіру.
Білім негізі бастауышта болғандықтан, оның мұғалімі-басты тұлға. Демек, бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық ізденісті талап етеді. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе - оқушылардың оқу белсенділігін арттыру, олардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын ояту. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан жаңа талпыныстар өте көп. Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып өз болмысын таныта алатын, қоғамда белсенді жеке тұлға тәрбиелеу. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Оқушының белсенділігі-оның оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Жалпы білімге деген құштарлық - кез-келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Оқушылардың белсенділігін арттыру барысында мен өз сыныбымда: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістерін сабақтарымда пайдаланып келемін. Бұл технологияның тиімділігі оқушының өзі ізденіп, дәлелдеуі. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әректке бағыттаушы, ұйымдастырушы.


СТО технологиясының негізгі міндеттері:
• Әр сабақта тиімді әдістерін қолдану.
• Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.
• Оқушылардың қызығушылығын оята отырып, белсенділігін арттыру.
• Пәнаралық және өмірмен байланыстылығын жүзеге асыру.
СТО технологиясының әдістері барлық сабақтарға пайдалануға тиімді.СТО технологиясы бойынша жұмыс жасап келемін. Әсіресе қазақ тілі сабағында өте көп қолданамын. Мен өз тәжірибемдегі СТО технолнгиясының әр әдісінің тиімділігі туралы атап өткім келеді.
Ой қозғау стратегиясында: Бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші деп 2-3 минут ойландыру, бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп,ойлана білуге бастайды. Не жазарын білмей қиналған оқушыларға қасына барып, жай ғана Оның түсі қандай? Қандай сұраққа жауап береді? деп бағыт беріп отырдым.
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, толықтырып, бір-бірінің қатесін түзетіп, өз пікірлерін айтатын дәрежеге жетті. Орындаған тапсырмаларын өз топтарында әр топ мүшелері кезекпен оқитын болды. Тапсырмалардың дұрыстығына қарай, құраған әңгімелерінің мазмұнына қарай талдау жасап, жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды.
Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді. Алғашында оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.
-Осы мәтінді оқып отырғанда сендерге не әсер етті? Осы мәтіннен қандай үлгі алуға болады?-деген сұрақтармен бағыт беріп отырдым. Бірте-бірте оқушылар мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай батылдық сезіле бастады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясымен байланыстырылып өткізілген сабақтар тәртіпті және жақсы оқитын оқушылар үшін ғана емес, барлық оқушылар үшін қызық, мәнді болып өтері сөзсіз. Соның ішінде ЖИГСО әдісі.
ЖИГСО -ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы тәселені алдымен жұпта,сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы өзін бір сәт мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген қызығушылығы артады. Ұжым мүшелері бірігіп жұмыс істейді,бірінің білмегенін бірі толықтырады. Ұжым мүшелері Жанұя,жұмысшы тобы болып бөлінеді. Ұжым мүшелері үйреніп келген дүниесін ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бір-бірін оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ЖИГСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, үйренгенін есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген белсенділігі артады,ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Венн диаграммасы-оқушылардың салыстыра білу қабілетін дамытуда пайдаланылады. Сабақты бекіту үшін бұл стратегия тиімді болып есептеледі. Сабақтың басында қолданылса,сабақтың соңында оған міндетті түрде қайта оралып, ақпаратты толықтыруға болады.

Ішіне-Сыртына әдісі-оқушыларды тиянақтылыққа, нақтылыққа, білімділікке, аңғарымпаздыққа жетелейді.
Керекті сөздер: әдепті, қызыл, ұқыпты, ұзын, жоғары, келбетті, сары, бойшаң, кең, жинақы.
Ішіне Сыртына
қызыл әдепті
ұзын ұқыпты
жоғары келбетті
сары бойшаң
кең жинақы
СТО-ның басқа Түртіп алу жүйесі, тірек сызбалар, кері байланыс парағы, рөлмен ойнау сияқты әдістерін қолданып отырамын. Сонымен бірге өткен сабақтарымды басқа сабақтармен және өмірмен байланыстырып отырамын. Бұл оқушылардың жан-жақты білім алуына, терең ойлай білуіне жағдай туғызады деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін сабақта пайдалану оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын көрудемін.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдылық белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, оқушыларды ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын аңғаруға болады.





















Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Мирсеитова.Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
2.Биолог анықтамалығы. №4, 2014 ж.
3.Жаңа тұрпатты мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу жинағы. Тараз 2013 ж.
4.Ашық сабақ журналы. №3, 2010 ж.
5.Оқыту мен оқудың белсенді әдістері.Астана 2013ж7

























































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!