Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗУҒЫШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗУҒЫШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
Алдашева У.Ж.
№5 орта мектебі Тайынша қаласы
Статья посвящена новым педогогическим технологиям и метододам приёмов использованных на уроке биологии. Методы обучения тесно связаны с методическими приемами. Прием — это часть метода и выполняет при нем вспомогательную роль. Методические приемы дополняют и конкретизируют методы. Пользуясь ими, учитель имеет возможность проявить свое педагогическое мастерство, выдумку и творческую инициативу. Таким образом, в целом использование описанных приемов педагогической техники могут быть полезны учителям-предметникам с целью повышения интереса к предмету.
The article is devoted to pedagogical tehnologies and methods of using
Tehnoloques in biology lesson. Teaching methods are closely related to methodical techniques. Approach is part of the method and performs a supporting role with it. Meathodical techniques complement and specify methods. Using them, the teacher has the opportunity to show their pedagogical skills, imagination and creative initiative. Thus, to general,
the use of the described pedagogical tehniques can be useful to subject teachers in order to increase interest in the subject.
Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер!
Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстанның өркениеті елдер қатарынан мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден – бір құдірет – білім мен білімді ұрпақ екеніне назар аударып, «XXI ғасыр білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі» деп атады.
Биология пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарды қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді. Биология өте қызғылықты, ерекше жан-жақты пән. XXI ғасыр биология ғасыры аталуының өзі биологияның басқа пәндермен қатар орнының ерекше екенін көрсетеді. Бұл пәнді оқытуда өзіндік өзгешеліктер бар. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияны қолдануға ерекше мән беріледі.
Әрбір пән мұғалімінің мақсаты – оқушылардың білім сапасын көтеру. Ал сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі формалары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығуын, сонымен қатар әр оқушының сөйлеу тілін, ойлау, байқау, есте сақтау дәрежесін, ізденімпаздығын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мен де оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапымнан шығармашылық ізденістер жасап, әдістемелік тәжірибемді жетілдіріп отырамын. Өз сабағымда жаңа технология элементтерін, оның ішінде В.Ф. Шаталовтың тірек-сызба белгілері, сын тұрғысынан ойлау, аралас сабақ, сайыс, шығармашылық кеш деген оқытудың әр түрлі әдістерін қолданамын.
1.Тірек-сызба әдісі:
Оқушы сызба белгілер бойынша жүйелі түрде әңгімелеп, тақырыптың мәнін ашып беруі, оқып отырған материалды толық меңгергенін дәлелдейді.тірек-сызбасы жеке-жеке орналасып немесе жеке орналасып, бір-бірімен жуан сызықтармен бөлінген 3-4 блоктан құрылады.сабақты блокпен оқытудың бұл түрі біріншіден, мұғалім тарапынан теориялық білімді, ал оқушы тарапынан ойлау, сараптау және қорытынды жасай білуді талап етеді.
Мысалы: 7-сыныпқа арналған оқулығы бойынша тақырып «Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері» 20 сабақ.
Т өбе органикалық заттар
флоэма
б
кам - -
б ий - - -
ссс
қабық ксилемасу+минералды заттар
7- сынып «Өсімдіктердің тыныс алуы» 27 сабақ
Оттегі (О2)
Ф отосинтез Көмірқышқыл газ Тынысалу
(СО2)
Органикалық заттар
қ/з Тынысалу
m = 6 кг m=3 кг + энергия
өсу көбеу, даму
осындай тірек-сызба белгілерінің оқушылар үшін тиімділігі мынада-өтіп жатқан материалды терең меңгеруде, сызба-белгіден түсінбей қалған бөлігін тауып бірігіп талдауға;
-материалды оңай есте сақтауға;
- сызба-белгіні пайдаланып, өткен тақырыпқа нақты жауап беруге;
- алған білімді белгілі бір жүйеге келтіруге мүмкіндік алады.
2.Келесі әдіс: Сын түрғысынан ойлау
7-сынып «Экологиялық сукцессиялар» 5 сабақ
Ой қозғау. Ассоциациялық картаны толтыру.
Балдырлар Қыналар Мүктер
Өсімдіктер дүниесі
П лаунтектестер
Қырықбуынтектестер Қырықжапырақтектестер Тұқымды
Ашық Жабық
Картаны толтыра отырып оқушылар өз білімдерін пысықтап, жаңа тақырыпқа ой қозғайды.
Венн диаграммасы арқылы тақырыптың негізін анықтап, талдау жасайды, салыстыруды үйренеді.
Ұқсастығы
айырмашылығы
тұқымдылар
Ашық
тұқымдылар
3.Оқушылардың ынталылығын, қызығуын арттыратын әдістің бірі – аралас сабақ.
7-сынып «Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар» 14 сабақ. Сабақта көмірсудың маңызы мен құрамын анықтайды. Бұл жерде дәнді дақылдар туралы айтылады, дақылдарды тану, оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу және диханшылық еңбегін қастерлеуге үйрету мақсаты белгіленеді. Тақтаға бірнеше алаңға бөлінген кесте ілінеді. Кесте артында нақыл сөздер жасырылған. Оқушылар бірнеше сатылар бойынша өтілетін айтылады. Олар осы сатылардағы алаңдардан сүрінбей өтсе, алаң артындағы құпия нақыл сөзді оқи алады. «Жаналықтар алаңында» дәнді дақылдар туралы жаңа ақпарат беріледі. Дақылдар пайдалануына қарай 2 топқа бөлінеді: азық-түлік, жемшөп. Өсіру жүйесі – егіншілік кәсібінің ең күрделі саласының бірі.
В,Е дәрумендері тамақ өнеркәсібі
техникалық май жасынды жібек
Жүгерінің маңызы
мал азығы медицина
линолеум желім
азық
Күріштің маңызы
В дәрумені крахмалқағаз спирт
мал азығы бұйы
қатырма қағаз
«Зерттеушілер» алаңына келгенде топтарға бөліп, кеппешқп таратылады. Оқушылар азық-түлікте көмірсулар дәлелдеуге байланысты № 3 зертханалық жұмысын орындайды.
Дақыл |
Гүлшоғыры |
Тозаңдануы |
Сабағы |
Тамыры |
Жапырағы |
Жүгері(отаны-Онтүстік Америка) |
Дара жынысты, бір үйлі, сыпыртқы, собық |
Айқас тозаңданады |
Тік, жуан, іші бітеу |
Шашақ тамыр, қосалқы тамыры болады |
Қатар жүйкелі |
Күріш(отаны-Оңтүстік Шығыс азия) |
Қос жынысты, сыпыртқы гүл |
Айқас және өздігінен тозаңданады |
Сабан сабақ іші қуыс |
Шашақ тамыр |
Қатар жүйкелі |
Тары (отаны-Қытай) |
Қос жынысты, сыпыртқы гүл |
Өздігінен тозаңданады |
Сабан сабақ |
Шашақ тамыр |
Қатар жүйкелі |
Сынып түгелдей «Зертхана» алаңынан өтіп, «Ойын» алаңына келеді.
К
Дәнді дақылдардың маңызы
ел балалар, ойлайық,О йнайық та ойлайық.
Қ андай жұмбақ бола да
Шешпей оны қоймайық!
«Миға шабуыл».
Нан дастарқанға қалай келеді?
Нан туралы, еңбекті бағалау туралы 1-2 оқушыдан қандай мақал-мәтел немесе өлен білетіні сұралады.
Соңғы алаң – «Сыйлық» сыйлықтарын алады. Сабақ барысында жауабына қарай таратылып берілген белгілер бойынша коментарий жазылады.
Тақтадағы алаңның бәрі ашылып, құпия сөз анықталады:
«Екпей- егін шықпас,
Үйренбей – білім жұқпас».
Оқушылардың іздінісін, шығармашылық қабілетін дамытуда аралас түрінде өткізілген бұл сабақ нәтижесі жоғары болады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу оқушылардың оқып-үйренуге, ізденуге, білімге құштарлығын арттыратыны анық.
4.Шығармашылық кеш әдісі арқылы сыныпты бірнеше топқа бөліп, өзара сайысқа түсіре отырып оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, өз бетімен оқып-үйренуге, жұмыс істеуге талаптандыру.
Бір үлкен бөлім аяқталған соң алдынала тапсырма беріледі, сол тапсырма бойынша кітапша шығарылады. Сол кітапшаны әр топ қорғау үшін презентация жасайды.
Осы әдіс арқылы пәнге қызығуын арттырып, мамандық таңдауға ықпал жасау көмектеседі.
Биология пәнінен оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу менің басты мақсатым. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге көңіл бөлемін. Осындай оқушылардың шығармашылық жұмыстарына бағытталған «Биологияның ғажайып әлемінде» атты шығармашылық сағаты өткізілді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны танып білу үшін, кітапшаларын тек көрсетпей, сол кітап ішіне еңгізілген ақпаратпен таныстыру өтеді. Оқушыларды шығармашылығын қалыптастыра отырып, өз ісін қадағалауғу, жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында, сабақта оқушылар мұғалімдің рөлін атқарады.
Мұғалім ең алдымен оқушылардың ынталылығын, қызығуын арттыратын әдістерді сабақта кеңірек қолдануға көңіл бөлуі керек. Әр сабағының мән-мағынасына терең мән беріп, оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету мұғалім жауапкершілігінде деп ойлаймын.
«Әр мұғалім-өз ісінің шебері» деген сөзбен аяқта отырып, мен барлықтарына зор деңсаулық, жоғары дәрежелі шығармашылық тілеймін.