Материалдар / Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сарбаздардың саптық жарғы негізінде командирлер мен бастықтарға сәлемдесуі, өзара сәлем беру, сапта келе жатқанда сәлемдесуі мен қатарласу, қарсы келу, басып озу кезінде сәлемдесуі, құрмет көрсетуі туралы айту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
565
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Саптық дайындық

11 сынып оқушыларына арналған

Сабақтың тақырыбы:Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс

кезінде сәлемдесуге жауап беру.

Сабаққа бөлінетін уақыт: 40 мин.

Сабақтың түрі: Хабарлау, таныстыру сабағы. Көрсету.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Оқытулық: Сарбаздардың саптық жарғы негізінде командирлер мен бастықтарға

сәлемдесуі, өзара сәлем беру, сапта келе жатқанда сәлемдесуі мен қатарласу, қарсы келу, басып озу кезінде сәлемдесуі, құрмет көрсетуі туралы айту.

  1. Дамытулық. Әскери өмірге бейімделу мақсатында күнделікті осы әрекеттерді жасау арқылы, әскери сыпайыгерлікке жаттығу.

  2. Тәрбиелілік.Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге даярлау, Отан алдындағы борыш, патриоттық тәрбие ұғымдарды бойларына ұялату.

Пән аралық байланыс : Тарих. Құқық.Дене тәрбиесі.

Көрнекіліктер: АӘД журналы, деректемелер жиынтығы. Саптық даярлық бейнефильмін көру.

Сабақ өтілетін орын: Саптық алаң

Қолданылатын әдебиеттер: 10,11сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.

Сабақтың өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы мәлімет беруі. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға ескертулер жасау) қаралады. Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау.

2. Қайталау сұрақтары: 10 сынып бойынша т.6.1-6.3. бойынша: Сап дегеніміз не? Сап элементтерін атап өт.

3. Жаңа материалмен таныстыру: Саптық жарғының 3.3.63 бөлігінде «Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.» делінген. 64. Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек. Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (1-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады. Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек. 65. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.
Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (2-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек. Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек. 66. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.






67. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретте карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгАӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Б.Байдулдаев

ермейді және қол бас киімге апарылмайды. Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.
Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек. 68. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; «арқаға» күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау. 97. Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)» командасын береді. Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады. Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.98. Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының 74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды. Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов». Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады. Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді. Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді. 99. Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.
Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
100. Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.
134. Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей жүргізіледі. Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.


  1. Үйге берілетін тапсырма: Саптық дайындық бойынша 10 сынып оқулығынан т.6.1. –т.6.6 210-225 беттер.

  2. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: ҚР ҚК әскери Жарғылары бойынша ә.қ. міндеттерін қайталау..

АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Б.Байдулдаев




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!