Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)» эко көрініс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)» көрініс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакиева З.М

Емешова А.Т


Сыныбы: 3 «Г»

Күні:22.01.2026ж

Уақыты: 12.30

Өтілетін орны: Акт зал


Тақырыбы: «Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)»


Мақсаты:оқушыларға судың өмірдегі маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу, Арал теңізінің экологиялық жағдайы туралы танымын кеңейту, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


Кейіпкерлер:

Жүргізуші, Тамшы, Бұлт, Өзен, Арал теңізі, Адам, Балалар (4 оқушы)


Әуен: Жұмсақ, табиғатқа ұқсас (тыныш)


Жүргізуші:

Табиғат – ортақ үйіміз.

Су – өмірдің негізі.

Әрбір тамшының өз жолы бар.

Ал сол жолдың соңында

Тұтас бір теңіздің тағдыры тұруы мүмкін…


Тамшы (қуанышты):

Мен кішкентай Тамшымын,

Таза судың бірімін.

Жаңбыр болып жерге түсіп,

Өмір сыйлап жүремін.


Әуен: Жаңбыр дыбысы (қолмен қағу немесе барабан)

Бұлт:

Кел, Тамшы, бізбен ұш!

Жаңбыр болып жерге түс!


Тамшы:

Қуана-қуана барамын,

Табиғатқа нәр беремін!


Әуен: Су ағу дыбысы (баяу музыка)

Өзен:

Мен тамшыларды жинап,

Теңізге қарай ағамын.

Егер суым азайса,

Теңіз де әлсіреп қалады…


Тамшы:

Мен де сенімен ағып,

Теңізге жетемін!


Әуен: Мұңлы, баяу музыка

Арал теңізі:

Бұрын мен айдынды едім,

Балыққа толы мекенмін.

Адам суды бағаламады,

Сол үшін әлсіреп кеттім…


Тамшы (қиналып):

Мен жалғыз не істей аламын?..


Әуен: Драмалық, ойландыратын музыка

Сахна: Адам шығады, басын төмен салған


Адам:

Суды босқа ағыздық,

Табиғатта ойламадық.

Енді түсіндік –

Әр тамшы маңызды!


Әуен: Қуанышты, оптимистік

Балалар (бірге):

Біз суды үнемдейміз!

Кранды ашық қалдырмаймыз!

Табиғатты қорғаймыз!

Аралды сақтаймыз!


Әуен: Көңілді, торқалы музыка

Арал теңізі:

Үміт барда – өмір бар!


Тамшы:

Бір тамшы – кішкентай,

Бірақ болашақтың кілті!


Барлығы бірге:

Суды сақтайық!

Табиғатты аялаайық!

Арал – біздің аманатымыз!


Қозғалыс: Барлығы сахнада қолдарын көтеріп тұрады, көрерменге қарау.






«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің

«№ 273 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анықтама

Сыныбы: 3 «Г»

Күні:22.01.2026ж

Уақыты: 12.30

Өтілетін орны: Акт зал

Тақырыбы: «Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)»


Мақсаты:оқушыларға судың өмірдегі маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу, Арал теңізінің экологиялық жағдайы туралы танымын кеңейту, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


Оқу жылының жоспарына сәйкес экологиялық бағытта «Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)»сахналық қойылымы өткізілді. Іс-шараға 3 «Г» сынып оқушылары қатысты.


Қойылым «Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)» тақырыбындағы сценарий негізінде қойылды. Сценарийде судың өмірдегі маңызы, табиғатты қорғау, Арал теңізінің экологиялық мәселесі көркем түрде ашып көрсетілді.


Қойылымға жүргізуші, тамшы, бұлт, өзен, арал теңізі, адам және 4 оқушыдан құралған балалар кейіпкерлері қатысты. Оқушылар өз рөлдерін жоғары деңгейде орындап, экологиялық тәрбие беруге бағытталған сахналық көрініс ұсынды.





«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің

«№ 273 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Сахналық қойылым


Тақырыбы : «Бір тамшы – бір тағдыр (Аралға жол)»

Сыныбы: 3 «Г»

Сынып жетекшісі: Абишова С.Е.






Байқоңыр қаласы, 2026 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12