Материалдар / Бірінші байлық денсаулық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бірінші байлық денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысының орынбасарларына, сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
259
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бірінші байлық – денсаулық» деген нақылды білмейтін адам жоқ шығар.
Дегенмен де, осындай қарапайым ақиқатқа күнделікті өмірде мән беріп
жатқан жандар аз. Адамдар денсаулықтың қадірін тек аырғанда ғана
біледі және олардың негізгі денсаулықты сақтау тәсілдері – емханаға
барып, дірігер жазып берген дәріні сатып алып ішумен шектеледі. Содан
болар, бүгінде емханаларда кезек күткен адамдар легі жылдан жылға
көбеймесе, азаяр емес.
Денешынықтыру жаттығулары не береді?
Күнде таңертеңгілік 15-20 минут денешынықтыру жаттығуын жасау
адамға не береді? Бұл жөнінде медициналық терминдермен ғылыми
тілмен баяндаудың еш пайдасы болмас, өйткені ондайларды көбіміз
әржерден оқып, естіп жүрміз. Осы жайды қарапайым ұғынықты
тілмен, қисынға (логика) салып баяндап көрейік.
Денешынықтыру жаттығуын жасағанда жүрек қатты соғып, тыныс
алу жиілейді. Бұл жұрттың бәріне белгілі жай. Ал енді осыдан адам
ағзасына қандай пайда келеріне назар аударып көрелік. Өзіңіз таңдап
алған денешынықтырудың кешенді жаттығуын жасау барысында
жүрегіңіз қатты соға бастайды. Жүрек соғысы жиілеген кезде қан ағысы
шапшаңдайды. Ал қан ағысы шапшаңадуымен бірге қан тамырлары
ақырындап кеңиді.
Мәселен, суды ойпаң жермен ағызса, су ақырындап әлгі ойпаңды үңгіп
кеңіте бермек. Сол сияқты қатты қан ағыны тамырларды кеңітеді.
Яғни, денешынықтырудың нәтижесінде қантамырларыңыз кеңиді. Ал
қантамыр кеңісе қанның ағысы жақсарады. Қан ағысының жақсаруы
денсаулыққа игі ықпал ететіні бес жасар балаға да белгілі ақиқат. Бұл –
бірінші пайдасы.
Денешынықтыру барысында жүректің соғуы жиілеп, қатты соға
бастайтынын жоғарыда айттық. Осының нәтижесінде жүректің
бұлшық еттері созылып, жетіледі. Яғни, денешынықтыру арқылы
жүректің бұлшық еттері дамып, оның жұмысы жақсарады. Инсульт,
инфаркт деп аталатын аурулардың бәрі жүрек бұлшық еттерінің
әлсіреуінен туындайтыны шындық. Бұл – екінші пайдасы.
Денешынықтыру барысында сіз қатты ентігіп, демала бастайсыз. Яғни,
демалысыңыз жиілейді. Осының арқасында өкпенің жұмысы жылдамдай
түседі. Өкпенің бұлшық еттері де созылып, жетіледі және жұмыс істеу
қабілетін жақсартады. Бұл – үшінші пайдасы.
Денсаулықты жақсартудың үш негізі
Жүрек пен өкпенің жақсы жұмыс істеуі және қантамырларымен қанның
кедергісіз жалдам ағуы – бұл адам денсаулығын жақсартуға әсер ететін

ҮШ НЕГІЗГІ БУЫН. Осы үшеуі дұрыс болса, денсаулығыңыз жақсы
болмақ. Ал, бұл үшеуінің жақсы жұмыс істеуі – қарапайым
денешынықтыру жаттығуларының арқасында болады.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!