Материалдар / "Біз - болашақ ұланбыз" әскери-патриоттық сайыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Біз - болашақ ұланбыз" әскери-патриоттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
әскери патриоттық сайыс 8-11 сынып арасында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
2126
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№1 Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің«Біз болашақ ұланбыз» атты әскери- спорттық сайысыныңжоспарыЖарыстың мақсаты:
  • Патриоттық тәрбие бере отырып, оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау.
  • Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру.
  • Оқушылардың арасындағы достықты нығайту.


Өткізетін орны мен мерзімі«№1 Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің спорт залы16.11.2017ж. сағ 17.00- де басталады.

Жарыстың өтілу барысы:

Жарыс алдында 9 «А»,10 «А»,11 «А» сыныптары бірінші және екінші бөлімше командасы бір сызық бойына рет-ретімен тұрғызылады.Оқушылардың үстіне киген киімдері әскери форма (комуфляж). Жарыстың барлық кезеңдері 5 баллдық ұпаймен бағаланады.

Оқушыларды жарыс жоспарымен таныстыру:

1-кезең. «Таныстыру» сайысы. Бұл кезеңде әр сынып өз командасын таныстырады, яғни топтың аты, ұран т.б.

2- кезең. «Оқжатарды уақытқа жинау» сайысы. Бұл сайыста әр командадан бір оқушы шығып оқжатарды уақытқа шашып жинайды. Есккерту: өте жақсы 34 секунд, жақсы 38 секунд,қанағаттандырарлық 44 секунд. Уақытына қарай, 5 баллдық жүйемен бағаланады.

3-кезең. «Сұрақ-жауап» сайысы. Мұнда әр командадан бір оқушы шығып,билет бойынша сұраққа жауап береді. Жауаптың дұрыстығына қарай ұпай қойылады.

4-кезең. «Әскери дала асханасы» сайысы. Әр командадан бір бала ортаға шығып әрқайсысы 3 картоптан тазалайды. Ескерту: Қабығының қалыңдығы ескеріледі.5-кезең. «Қол күрес» сайысы. Әр командадан бір қыз бала шығады, алған орнына қарай бағаланады.

6-кезең. «16 кг гир көтеру» сайысы. Мұнда әр командадан бір ер баладан шығады, алған орнына байланысты ұпай алады.

7-кезең. «Патриоттық ән» сайысы. Бұл кезеңде командалар өздері қалаған патриоттық ән айтады.Орындау шеберлігіне қарай бағаланады.

Жарысты қортындылап, жеңген командалар марапатталады.

Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын, жарысымызға әділ бағасымен төрелік ететін әділ қазылармен таныс болыңыздар__________________________________________________________________________________________________________________________

1)Ал, енді бірінші кезеңіміз «Таныстыру» төменгі сыныптардан бастап өз-өздерін таныстырып шықса.

2)Отанымызды қорғау ісі - Қазақстан Республикасынның бүкіл халқының ардықты парызы. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызымет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген. Қазіргі уақтта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу-жауапты іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызыметке дайындауға, өз Отаны-Тәуелсіз Қазақстан халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Екінші кезең» «Оқжатарды уақытқа жинау» сайысы. Командалар ортаға шақырамыз.

3) Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны потриотизм рухнада тәрбиелеудің темір қазығы. Үшінші кезең «Сұрақ жауап» командалар отраға.

4) Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын пида етті. Сондықтанда біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенсары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды. Төртінші кезең «Әскери дала асханасы»

5) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу-білім берудің мектепке дейінгі жүйесін жоғары оқу орнына орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным-сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патротизм элементері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және ол сезімнен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Олай болса, осы жерді жан тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да-отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жастар болып табылады. Бесінші кезең «Қол күрес» сайысы.

6) «Біздің басты мақсатымыз-Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында. Қарулы күшіміздің алдағы сапында қазақ жастарының тұру, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, прзенттік парызын орындауды негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі. Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери дайындық пәнін жетекшісінің білімі, тәжірибесі мол және жоғары болу тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ, алғашқы әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді. Алтыншы кезең «Гир көтері» сайысы

7) Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогокалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтардың жаршысы болуы керек. Ал, енді соңғы бөліміміз «Патриоттық ән».

Осымен бүгінгі «Біз болашақ ұланбыз» атты сайысымызда өз мәресіне жетті,ендігі сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз.











Әскери жетекші: Е Актакв



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!