Материалдар / Біз болашақты тәрбиелейміз.

Біз болашақты тәрбиелейміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы білім мен ғылым министірлігінің мектепке дейінгі орта білім департаменті «Жарқын болашақ» «KATEV» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе отырып, қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мекемелердің 7-11 сынып мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізу жылда дәстүрлі түрде жалғасын табуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біз болашақты тәрбиелейміз. Қазақстан Республикасы білім мен ғылым министірлігінің мектепке дейінгі орта білім департаменті «Жарқын болашақ» «KATEV» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе отырып, қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мекемелердің 7-11 сынып мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізу жылда дәстүрлі түрде жалғасын табуда. Әрине, бұл ұстаздар мен оқушылар үшін асыға күтетін іс-шаралар қатарының бірі деп айтуға болады «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту болып табылады. Бұл олимпиада 5 бөлімді қамтиды. «Тілші - әдебиетшілер», «Жас ғалым , «Жазушылар», «Сөз шебері», «Әнші- бұлбұлдар». Міне , осы аудандық кезеңде өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасына біздің Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебімізден де оқушылар қатысып, бақтарын сынап қайтты. Қорытындысы бойынша «Тілші - әдебиетшілер» бөліміне қатысқан 8- сынып оқушысы Уахит Ақбота 43 балл жинап «Білімпаз» номинациясна , «Жас ғалым» бөлімі бойынша 8- сынып оқушысы Жақсылық Балнұр «Қазіргі кездегі бесіктің сипаты қандай?» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғап 2-орынды қанжығасына байлады. Балнұр өз сөзінде : «2017 жылғы 17 сәуірдегі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы ел тарихы мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, қайта жаңғыртуға үлкен септігін тигізуде . Міне осы атаулы мақала аясында менде ұлттық құндылықтарымыздың бірін жаңғыртып, болашақ ұрпаққа жаңаша сипатын көрсеткім келеді. Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болған қазақтың қасиетті мүлкі бесік баға жетпес асыл қазына екенін ғылымда дәлелдейтін фактілер көп. Ата-бабамыз талдан иіп жасап жүрген сол бесіктің ХХІ ғасырда маңыздылығы мен мазмұны өзгермегенмен сыртқы сипат өзгеріске ұшырап отыр. Мен өз жұмысымда қазіргі заманауи бесік үлгілерін насихаттауды жөн көрдім. Бесіктің бала тәрбиесіндегі ролі зор. Тым болмаса осыны ескере отырып , заманауи бесік түрлерін пайдалануды ұсынамын. Жұмысымыздың құндылығы да осында» - деп атап көрсетті. «Жазушылар» бөлімі бойынша 9-сынып оқушысы Сағит Айым қатысып өз шеберлігін байқатты, «Сөз шебері» бөлімі бойынша мәнерлеп оқудың қас шебері 10-сынып оқушысы Мұхатова Айнұр 3орынды иеленсе, «Әнші- бұлбұлдар» ән айту бөлімі бойынша 7- сынып оқушысы Ахмедия Алмат «Ұлы дала» әнін орындап «Әнші бұлбұл» номинациясымен марапатталды. Осылайша оқушыларымыз мол олжамен оралды. Әрине, ол алдымен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Мұқашева Фарида мен Қалиева Гүлімнің зор еңбектерінің арқасы. Алдағы уақытта оқушылар мен жетекші ұстаздарына шығармашылық табыс, мерейлі жеңіс, қажымас шабыт тілейміз. Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас ұрпақты Отан сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу –біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдап, халқымыздың жарқын болашағының кепілі-еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, отанымыздың бақыты үшін еңбек ете берейік. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар жалғасын табады.Қалам-Қарасу ауылыҒ.Қайырбеков атындағы орта мектебіТәрбие ісі- жөніндегі орынбасарыКарпыкова Гульнар









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ