Материалдар / Біз өмір сүріп жатқан елміз 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Біз өмір сүріп жатқан елміз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға туған елдің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №71 ЖББОМ

Мұғалiм: Нургалиева Маншук Куатовна

Сынып:2 «Б» Оқушылар саны:

Тақырып: Біз өмір сүріп жатқан ел

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, бауырмалдық, бірлік

Сабақтың мақсаты:оқушыларға туған елдің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға «Туған жер», «Отан» ұғымдары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды туған жерге, Отанға құрметпен қарауды үйрету арқылы бірлікке баулу.

3. Татулыққа, бауырмалдыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық,дәптер,музыка,түрлі түсті қағаздар


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену».

Елестетіп көріңіз: Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 102 бетіндегі А.Карабутованың «Біз бәріміз бірдейміз» мәтінін оқып келу

Сұрақтар:

1. Майкл кім?

2. Оның ата-анасы біздің елге не үшін көшіп келді?

3. Оның ұлты қандай?

4.Майкл сыныпқа кірген кезде балалар өздерін қалай ұстады?

5.Нұрайдың Алмасқа жауап берген жауабы дұрыс болды ма?

6.Бір ай өткен соң Майкл қалай өзгерді?

7. Оның бойынан қандай қасиеттер көрінді?

8.«Біз бәріміз бірдейміз» дегенді қалай түсінесіңдер?

9. Сендердің өмірлеріңде басқа адамға достық қолын созған кездер болды ма?




ОқушОқушыларды түстер арқылы топқа топтастыру

(Ынтымақ

Бірлік

Татулық )

  1. Дәйексөз.

«Ынтымақ түбі — береке».
Нақыл сөз
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ұлдар-2рет, қыздар-2 2рет, барлығы 2 рет

  1. Әңгiмелеу

Әнет баба өсиеті

«Мөлдір бұлақ» журналы 2010 ж

Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтың алты оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп оны екі шыбық етіп, ортасынан буып:

- Міне, енді сындырып көрші,-дейді.

Төле бірден бір бума шыбықты қайдан сындырсын. Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып;- Айып етпеңіз, бұл жұмбағыңызды түсінбедім, Әнет баба,-депті. Сонда Әнет баба былай деп өсиет айтыпты.

-Төлежан, ешқашан да өзімшіл болма, көптің айтқанын тыңда. Көптің айтқанын тыңдасың, көп те сенің айтқанынды орындайды. Көп болсаңдар өзара ынтымақта боласыңдар, сендердің белдеріңді ешкім сындыра алмайды. Ал, әрқайсың жеке дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса мына жеке шыбықтарды сындырған секілді әркім-ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді.

Сұрақтар:

1.Әнет баба Төле биге қандай тапсырма берді?

2.Әнет бабаның тапсырмасында қандай мән жатыр?

3.Әнет бабаның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

5.«Бірлік», «ынтымақ» сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?

6. Сендердің сыныптарыңда ынтымақ пен бірлік барма?

7. Сыныпта бірлік,ынтымақ болу үшін сен өз үлесіңді қалай қосып жүрсің?

Сергітусәті

Орнымыздантұрамыз,

Алақандыұрамыз,

Бір отырып ,бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз.


  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1 .«Ынтымақ»тобы.

Көпнүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтау.

Отан елдің........

Отан үшін......... – ерге тиген.......

Ынтымақ түбі-..........

Тиістісөздер: анасы, күрес, үлес, береке.

2.«Бірлік»тобы.

Отанымызға арнап сыйлық әзірлеңдер. Түрлі-түсті қағазға алақандарыңды салып, қиып алыңдар. Отаныңа тілектерінді жазындар. Қиылған алақандардан «Достық гүлдестесін» жасаңдар.

3.«Татулық» тобы «Халықтар достығы» эмблемасының суретін салыңдар.


6.Топпен ән айту

Достық әні

Сөзі: Е.Елубаев

Әні: И.Нүсіпбаев
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет


  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 106 бетіндегі ел аузынан алынған үзіндіні оқу.

Дәптердің 66 бетіндегі 1-тапсырманы орындау.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

-Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.








Мұғалім: Нургалиева Маншук Куатовна


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!