Блум таксономиясыда қолданылатын әрекет етістіктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Блум таксономиясыда қолданылатын әрекет етістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетін оқытудығы тиімді тәсілдерінің бірі - Блум таксономиясында қолданылатын әрекет етістіктері екі тілде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Күрделі шарттар

Сабақтың мақсаты: Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Сабақтан алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі.

Сабақ кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Ынтымақтастықты оқытуды орнату;

ІІ.Үй тапсырмасы «Сиқырлы сандар» ойыны

Бұл жерде экранда жылдар жазылған ұяшықтар тұрады, жылдар берілген сұрақтардың жауабы. Ұяшықтардың астында үй тапсырмасын сұрауға арналған сұрақтар орналасқан.

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? 1995 ж 30 тамыз

  2. Желтоқсан оқиғасы қайжылы болды? 1986 ж. 16-17 желтоқсан

  3. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

  4. ҚР Президент күні? 1991ж. 1 желтоқсан

  5. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? 1992ж. 4 маусым

Ұяшық сұрақтары:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар? (үш, сызықтық, тармақталған, циклдық)

  3. Алгоритм түрлеріне анықтама бер?

  4. Тармақталған алгоритмнің неше түрібар? (2 түрі, толық және толық емес)

  5. Тармақталған алгоритмде шарт қандай фигурамен беріледі? (ромб)

  6. Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы ол қандай алгоритм деп аталады (циклдік)

ІІІ. Шаттық шеңбері

Оқушыларға шаттық шеңберінің ережесімен таныстыру. Оқушылар ортаға шығып бір – бірінің жұмсақ ойыншық ұсынып жақсы тілектер айтады.

ІV. Жаңа сабақ

Күрделі шарттар

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Күрделі шартты тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады:
if - егер , then – онда , else – әйтпесе

if - егер , then – онда , else – әйтпесе сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF
THEN ELSE ;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

= Тең
= Үлкен немесе тең
<> Тең емес

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.

Берілу формалары:

  1. Сөздік формада

  2. Графикалық формада (блок-схема)

  3. Программалау тілінде

1 мысал:

Функция мәнін есептеп шығару




Сергіту сәті.

Логикалық тапсырмалар


V. Тапсырмамен жұмыс

І топ – квадрат теңдеуді математикалық жолмен шешуді көрсетеді;

ІІ топ – квадрат теңдеудің блок – схемасын сызады.

ІІІ топ – квадрат теңдеуді шешудің программалау тіліндегі программасын жазады.

  1. Тапсырма: Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға шығару керек.

Жауабы:

program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write('
ыстык ') else
if t>=25 then write('
калыпты ') else write('суык ');
writeln('t=',t);
end.

  1. Тапсырма: х2 + 5x + 4 = 0, түбірлерін табатын программа құру. х1,2 >= 0 болса «есеп қате» сөзі, х1,2 =< 0 онда «есеп дұрыс» сөзі шығу программа құру


Оқушылар топпен жұмыс істейді. Топтық жұмыста оқушылар тармақталу операторлары туралы білімдерін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын өздері қорытып шығарады.


VІ. Сабақты бекіту. «Домино» ойыны. Оқушыларға үлестірмелі парақшалар беріледі. Сол парақтың ортасынан қаламмен бөліп, оң жақ бөлігіне сұрақ. Кеінші парақшаның екінші бөліміне жауабын жаз. Содан соң доминоны келесі топқа бер. Дауыстап оқимыз.

Пысықтау сұрақтары:

1. Күрделі шарттар дегеніміз не?

2. Шарт өрнегін жазу үшін қандай салыстыру

белгілерін пайдаланамыз

Оператордың жазылу түрі?

3. Күрделі шарттың берілу формаларын ата?

4. Күрделі шарт операторлары программалау тілінде қалай

жазылады?

5. Не үшін бұл күрделі шарт деп аталады?

Рефлексия «Ашық хат»

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?




Оқушыларға түрлі- түсті стикерлер беріледі. Оқушылар тақтадағы бүгін не үйренді, не ұнады, не ұнамады соныстикерлерге жазып, ашық хатқа жабыстырып қоямыз.

VІІІ. Үйге тапсырма

Күрделі шарттар, есеп №2

Дені сау күшік күніне кем дегенде 8 сағат ойнауы керек. Ақтабан деген күшік күніне 13 сағат ойнайды. Оның денсаулығын анықтайтын программа құр.

VІІ.Оқушыларды бағалау

Топ оқушыларын жинаған баллдарына қарай және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі