Материалдар / Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі отбасы тәрбиесінің мәселелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі отбасы тәрбиесінің мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
984
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш ымкент қаласы

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Баржаксиева Гаухар Дуйсебаевна

Тәрбие саласы бойынша шығармашылық жұмысының тақырыбы:

«Әдеби шығармалардағы отбасы тәрбиесінің мәселелері»

Оның ішінде зерттеу тақырыбы: «Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі отбасы тәрбиесінің мәселелері»


Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны, ұлттық салт дәстүр негізінде жас буынды жеке тұлға етіп тәрбиелеу, жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін бойындағы бар құңдылықтарын дамыту.

Міндеті: Балалардың рухани – адамгершілігін дамыту аумағындағы жұмыс жүйесін құру;Бала тәрбиесіндегі ата- аналармен педагогтардың бірлескен іс- әрекетінің нәтижелі жолдарын қолдану.

Күтілетін нәтиже: бала бойында өз ісіне деген жауапкершіліктің қалыптасуы, мектепке, үйге, қоғамдық орындарда мінез – құлық ережелерін қолдана алуы; бала бойында рухани – адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы;отбасындағы жағымды қарым – қатынас ата – аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінуі, оларға сүйіспеншілік, сыйластық таныта алуы.

«Отбасы өнегесі- Отан өнегесі» Б.Момышұлы


Халық педагогикасы мәселелерінің өзектілігі, ең алдымен адам өміріндегі халықтық тәрбиенің алатын ерекше маңызды рөлімен анықталады. Адам әлеуметтенуінің маңызды құралы бола отыра, халықтық тәрбие балалар мен жасөспірімдерді қоғамда өмір сүрудің түрліше тәртіптеріне даярлайды. Егеменді еліміздегі өзгерістердің бірі халқымызға тән салт-дәстүлердің оралуы.Ол халықтың кәсібімен , дінімен, өнерімен, тарихымен біте қайнасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі екенін қазіргі таңда жете түсіндіруді халық педагогкасы өз мақсаты етіп отыр.Бұл тұста бала тәрбиесі баршаның ісі екенін және ұрпағымыз өнегелі болуына үлес қосуымыз қажет. Егерде қазақ халқының өткен замандардағы бала тәрбиесінің классикалық тәсілдеріне назар салсақ, қазақ елі өмір тіршілігінде мұндай түбегейлі мәселелерді ұрпақ тәрбиесінің жүйелілігімен шешіп отырған.Оның мәнісі, әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық психологияны қалыптастыратын ата-ана, әке, ене мектептері арқылы халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған.Сол себепті егеменді елдің болашағын тәрбиелеу үшін жаратылысында дана, ақылгөй, ілтипатты, сыпайы ұлтымыздың психологиясы мен педагогикасын қайта жандандыру халық талабы, ел мүддесі. Отбасы- адамның жеке басын тәрбиелеуге үнемі ықпал жасайтын әлеуметтік ортаның негізгі бір бағыты.Тәрбие мәселесі ұрпақтан ұрпаққа өтіп, жетілдіріп отырған өмір мектебі. Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық.Өйткені атам қазақ тәрбиені бесіктен емес, құрсақтан бастаған.Қазақтың «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол»ұлағатты сөзінің астарында да сан қырлы тәрбиеніңтылсым тарамдары бар.Тұқым бұзылмасын, ұрпақ азбасын, тәрбие бетімен кетпесін деген ізгі ниет тағы бар.Заманымыздыңұлы суреткері Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды.Отбасының ұрпақ тәрбиелеуде әсері мен ықпалын өмірде еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Ғасырлар бойы жинақталған тәсілі тәрбиенің қайнар көздері, яғни халық эпостарында, жыр- толғауларында және ақын жазушы туындыларында көрініс береді. Халықтың бай рухани мұралары салт- дәстүрі, әдет-ғұрпы, ойын сауығы және отбасы, ауыл-аймақ, ел-жұрт намысын қорғау, ата-бабасының қанына сіңіп, тері тамған атамекенді сүюге баулып, ізгі адамгершілік қасиеттерді бойға қалыптастыру, тіл ұстарту, ойлау қабілетін дамыту, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу мәселелері Б.Момышұлының балалық бал дәуренін суреттеген «Ұшқан ұя»повесінің өзегі болып табылады.

«Бала түсінігі, қабылдауы және дүниені танып білуі ұшқан ұядан басталады әрі мәңгі жадында қалады», деп батыр Бауыржан атамыз айтқанындай-ақ, баланы от басынан, асыл мұрамызбен, ұлттық нақышта тәрбиелейік! Туындыда бұлар ана тәрбиесі Қызтумас әже, Рәзия ана, ата тәрбиесі Имаш ата, Аққұл қария, әке тәрбиесі Момыналы арқылы нығайып, дамып отырады. Қазақ жастарын ұлттық рухани сарқылмас қазыналарымызбен тәрбиелеу турасында қазіргі кездегі ұрпақ тәрбиесі, оның болашағы заман ағымына байланысты жас ұрпақты рухани дамыған отбасы тәрбиесінде өзара қарым қатынас қабілеттерінің қалыптасып, дамуы бағытындағы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінде кездесетін отбасы тәрбиесі мәселелері деген тақырыпқа сүйене отырып, бұл ғылыми баяндамам алғашқы қадам болғандықтан, онда еркін егеменді еліміздің еркелерін тәрбиелеудегі басшы отбасы, бүгінгі күннің өзектіде күрделі мәселесі болып табылғандықтан, мен оны бүкіл әлем халқының аңызы болған, қазақ елінің ақиық қыраны атамыз Бауыржан Момышұлының ғажайып сырға толы өмір жолы баяндалған. «Ұшқан ұя» көркем туындысындағы отбасы тәрбиесі мәселелердің желісі бойынша баяндамақпын. «Ақ бөпемді» әлдилеп, әнге қосатын әжелер ұрпақ тәрбиелеуде сарқылмас қазына екені анық.Әлемге әр беретін де, нәр беретін де, ән беретін де, ақ босағаның алтын діңгегі саналатын әжелер «әлдиі» бүгінде сиреп барады... Повесте шынайы аналық мейіріммен өрнектелетін аяулы жан Қызтумас. Халыққа «сары кемпір», сүікті немереге «аяулы әже» бола білген, иарасат пен танымтабыла білген асыл әже. «Отан от басынан басталады» дегендей, әйелді қоғамдық ортаның ұйытқысы ретінде танытады. Төңірегін уыздай ұйытып, «бауырларын баулып, асырап, үйлік ұымының басын құраған әйел» адамгершілік жолында бала жүрегін жылыта білген жан әже.Повесте әже образы былай беріледі: «Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен.Ондай ару ол кезде ел арасында некен саяқ». Кәрі әжені сыйлай сөйлеу парасатқа ұмтылу, ұлттық тәрбиеге деген жарасамды құрмет. «Бала тәрбиесін бесікке салардан баста...» деп дана халқымыз айтқандай, бесік жыры арқылы сәбиді жұбату, оған тілек айту, сүйкімді де сүйсінерлік әсермен жан жүйесін рахатқа бөлеу, бөбек жүрегіне барар әуен «Ұшқан ұяда»былай беріледі: «Арада неше заман өтті, Қызтумас апамның сүегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып басымда бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:

- Балам менің қайда екен?

Қыздарменен тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен.

Алмасынан кәнеки?..

Жаңа теріп жүр екен

Қызыл алма қолында

Қыз бозбала соңында, деуші еді ау».

«Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсем алдында алып отырып:

Жылама бөпем жылама,

Жілік шағып берейін.

Жілігінің майы жоқ

Жіпке тағып берейін.

Көк сиырдың сүтінен

Көже жасап берейін.

Оның тұзын кім татар,

Жыламайтын ұл татар, деп мәпелейтін еді. Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап ұйықтап кетер едім». Сонымен бірге, отбасында ұрпақтың ұлағатты, білгір, батыр әрі батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болып өсуі үшін, оған үлгі өнеге, аңыз-әңгімелер, ертегілер арқау болатынын қарт әже парасаттылықпен көңіл бөліп отырған.Әрбір аңызәңгіме, ертегі ұлттық тағлымның қайнар бастауы, онда халық арасында жылдар бойына қалыптасқан философиялық ұстам жатыр. Расында да, әлди жыры, аңыз-әңгіме, ертегі сиқты халық тағлымын құлағына құйып, бойына дарытпаған жас жеткіншек уызына тоймаған ботақан секілді. Бал балалық балғын шақтың керемет дүниесі де сол ертегілер, аңыз-әңгімелер емес пе? Батыр бабамыз бұл мәселеде былай толғанады, жаны ауырады: «Ертексіз өскен бала рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не аналары ертек айта бермейді.Содан қорқам.Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта бермейді.Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын». «Балаларым, құлақ салыңдар» деп бастайтын Қызтумас әженің немерелерінің уызын тойындыратын аңыз әңгіме, ертегілері әуелде Күн мен Ай, қараңғы мен жарық, күн, апта, ай, жылға ат қою мақсатындағы «жыл басы», қарлығаш құйрығының неге айыр болғаны, маса тілінің неге жоқ екені турасындағы, күннің жылуын, самалдың шипасын, айдың ақ сәулесін, жер жемісін пайдаланғаны жөніндегі аңыз-ертегілермен ұласады.Бала өн бойына рухани азық алып, дүние- танымын, өзін-өзі тану жолындағы бір сабақтастық көпірдің бар екеніне сенеді. «Адам ұрпағымен мың жасайды», демек өткеннің өнегесінен жас жеткіншектерді тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы, қазіргі кездің өзекті мәселесі екені анық.Ең алдымен жас буын өзөзін танып алмай, ол өзгені өзінше танымақ.Сократтың «өзіңді өзің біліп, танып ал», деген даналық сөзі осы тұста дәл айтылған тәлім сөз.Бұл орайда, қазіргі уақытта көпшілікке таныс, зиялылар қауымының ой елегінен өтіп, мектеп бағдарламасына енген «өзін- өзі тану» атты, яғни адам өзін-өзі тану, бақылай алуы, мақсат-міндет қоя білуде көмек көрсетер жол, ғылыми негізді пән. «Ана тілің ана сүтің, ата- дәстүр сана құтың» демекші, әже арқылы қыз балалалды тәрбиелеудің толып жатқан ұлттық ерекшеліктері шығармада сыр шертіледі.Әже ең алдымен, ұл мен қызды өз міндетін айқын түсінетін, адал жанды етіп тәрбиелеуді мақсат тұтқан.Сондықтан да ол қыз баланың мінез-құлқына, талғам-талабына, ой сезіміне, өзін қоршаған ортаға көзқарасына, жолдас жора, қатар құрбыларымен қарым- қатынастарына, тұрмыстық жайттарды бағалап, түсіне білуне, бүкіл жан дүниесінің қалыптасу, дамуына көрегендікпен қараған жан.Әже тәрбиесінде, әсіресе қыз баланы отбасылық өмірге икемдеу басым орын алған.Қыздардың жүн сабау, ұршық иіру, кесте тоқып, киіз басуға, қонақ күтуге жастайынан тәрбеленген. Қаймағы бұзылмаған қазақы отбасында, әкешеше, лұғатты әже өнегесінің негізінде ұлтының бар жақсы қасиетін, салт-дәстүрін еркін меңгеріп өскен ортада, әсіресе, қыз баланың әрқашан бетінен иманы төгіліп тұратындығы, аса инабатты, көргенді, мінезі тым биязы болатыны да сондықтан.Момыш отбасындағы тәрбиеленген ұл мен қыздың бірбірімен тату- тәтті өмір сүріп, бірінбіріқадір құрмет тұтқан, өздерін де, өзгені де сыйлайбілген, үлкен достықтың үлгісін, бірлігін көрсеткен отбасында өскен ұл мен қыз әжесінен, ата-анасынан және әулеттен алған жарқын өнегесін бүкіл саналы өміріне нәр етеді. Қазақ салт- дәстүрлерінің нағыз шоғырланған ортасы повестің Үбиан сұлуды ұзату тойынан басталады. Күйеу келтіріп, қыз ұзату, қалыңмал жайы, қалындықпен танысу, ұрын бару, беташар, неке қияр сынды халқымызға тән қастерлі салтымыз, ғұрпымыз айшықталған.Соның бірі елге «ұрын бару». Ол қыз баланың не сол елдің ар-абыройы, бойжеткеннің пәктігі. Бұл ғұрыпты Х.Арғынбаев өз еңбегінде былай деп түсіндіріледі: «ұрын бару сапаныда күйеуі де, оның жолдастары да жақсы аттар мініп, тәуір киімдерін киеді. Әдептілік салтын сақтаған олар қайын атасының ауылына баса көктеп кірмейді.Бірер серігімен күйеу жігіт ауыл сыртында қала тұрады да, күйеу жолдас ауылға келіп түседі.Бұл ғұрыпқа алдын ала дайындалып отырған қыз әкесі бұларды қошеметпен қабылдап, оған жеке отау тігуге рұқсат береді». Қуанышы мен күйігі қолдасқан бұрынғы ата дәстүрімізде «ұрын бару» салты болған.Бұл сапарды дұрыс ұйымдастырып, жақсы өтуне қыз жағы да, жігіт жағы да ерекше мән берген. Себебі, құда түсіп, қыз айттыру ісі атаана еркінде болғандықтан,бойжеткен мен бозбала бірін бірі осы жолы көріп,танысуға мүмкіндігі болады.Қазақтың салты бойынша қалындықтың ауылында мал сойылып,той басталады.Ат шабыс,күрес,көкпар,теңге алу сияқты қызғылықты сайыстар жасалады,домбыра тартылып,өлең айтылады. Бұл кездерде күйеу басқа қыз келіншектермен үнемі бірге отырады,бірақ мұның ішінде қалындығы болмайды.

«Ұшқан ұяда» бұл салт екі рет келеді.Оның біріншісі «Алты айдан соң Аюбай күйеу жолдасы Оңдас екеуі іңір қараңғысын жамылып елге келіпті. Бұл болашақ жармен жүздесудің басы екен.» Алайда қалындық ықыласын ала алмай,ауылына бара алмай Аюбай мен Оңдас түн жарымына дейін тұрады.Ақыл айтып, қыз жеңгетайлары ортаға түседі.Сөйтіп жүргенде тағы да алты ай өте шығады.Күйеу жігіт қыздан жақсы лебіз естіп, бір күні кештетіп тағы келеді. «Бұл жолы жеңгейлер күйеу бала мен күйеу жолдасты қолпаштай күліп, жайраңдап қарсы алады. Қалжыңмен қағытып,әзілге қарық болысып жатыр.Оңаша отау тігіліп Оңдасты базарлығымен қоса сонда алып кірді.Отаудың ішін жихазға жайнатып қойған екен.Екі жас алғаш рет осында жүздеспек, Аюбайды бірекі жеңгей ішке алып кірді.Екі жігітті құрметті орынға отырғызып, жеңгейлер жүгірісіп жүр. Сол кезде ауыл жастары жинала бастады.Қыз- келіншектер, қызыл-жасыл киініп құлпырып алыпты. Бәрі де күйеу баламен жүздесіп, жақын таныспақ. Мұндайда әрқайсысы өткір сөзбен, оңтайлы әзілмен, ойнақ қылықпен,жарқын күлкімен көрінгісі келеді ғой. Күйеу баланы жан-жақты сынап,биігін білгісі келгендер жағалай ұтымды сөз айтуға тырысады. Кейбіреулер жұмбақтай сөйлеп, астарлы пікірдің жауабын күтеді».

«Әке қадірін баланы болғанда білерсің» демекші,отбасының мерейі, шаңырақтың қорғаны,ақылшысы от ағасы әке. Сондықтан отбасында бала тәрбиелеуде әке жауапкершілігін, тәрбиелік мүмкіндігін арттыру, қазақ әулетінің ер азаматты бағалау, оны пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру қазіргі ұлттық тәрбиенің өміршең талабы. Осы тұста, бүгінгі қазақ отбасындағы әкелер үшін «Тура Момыш» атанған Момыналы әке сияқты зерделі де ширақ,пайымшыл да алғыр, әділ, еңбекқор, парасатты өнер иесінің тағлымдық өнеге өрісінің орны ерекше, берері мол.

Жастайынан оқып үйреніп,жақсылық пен ізгілікті,парасаттылық пен адамгершілік үлгілерін көңіліне тоқи білген. Сонымен бірге, ағаш ұстасы,етікші атанып, тәуіпшілік қасиеті болып, оны аймағында «Момыш молда» деп те атаған. Осылайша ол отбасының алтын діңгегі, берік босағасы, қуат берекесі де бола білген жан. Оның өн бойында айбарлық,естілік пен көсемдік, көш бастаушылық сияқты абзал қасиеттер молынан ұялаған. Әке Момыш ешқашан дүниеқоңыздыққа қызықпаған, мансапқорлық, қызғаншақтық, бақталастық сияқты жеңіл мінез оған мүлде жат. Әркез қолы ашық,адал, қайырымды, жомарттық танытудан тайынбаған. Сондықтан да ол өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кеткенді. «Имаш бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы келін кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әженің өзі де: Момыштан сұраңдар. Момыш біледі, деп отырады екен. Ағайын туған арасындағы алыс беріс, көш қон мәелесі,ас той, дау дамай бәрі бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген...», деуі де оның осы бірегей адамгершілік қасиеттерді иемденген ел ағасы болғандығын айқын танытса керек. Момыш әке отбасының жемісі бала екенін, оның жан дүниесінің сырларын жан-жақты танып білген ұлағатты ұстаз: «Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке шешесі ақша бермей,бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп қояды да бақалшыға: Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпесиден бір қадақ тарт, дейді. Соның бәрін тепе тең бәрімізге бөлі береді». Осының өзінен ақ ертеңгі өсер ұрпаққа деген әке махаббатын мейірімділігін, жомарттығын танимыз.

Жас Бауыржан, көбінесе, әкесінің қасында жүріп, соның істеген, жүріс- тұрысынан, мінез- құлқынан, маржандай сөз өрнегінен тағлымды өнеге алған, одан көңіліне медет, ісіне бағдар сілтер тірек тапқан. «Ата көрген оқ жнар...» дегендей, ең алғаш ата тегін білуді, сәлемдесуді, күн мен ай аттарын, жыл аттарын жаттау, жыл қайыруды, малды күтіп баптауды, сөз тыңдауды, жөн- жоба білуді, қонақ күту, меймандостықты, өнерге деген қызығушылықты, атбегілікті үйреткен де, ізгі адамгершілік қасиеттер мен сұлулық ләззатын жас Бауыржанның шым шымдап бойына сіңірген де осы «асқар тау» Момыш әке еді.Енді оның ғибраты мол тәлімгерлік үнін туындыдан көрсек:«Әкем мені арабша, орысша оқуға үйрете бастады. Есепті де үйретіп жүрді. Әртүрлі тірлікке араластырып бұғанамды қатайта бастағанын сонда сездім. Ат суарып, ақырға жем салу, өгізге мініп тас бастыру сияқты жұмыстар енді менің де қолымнан келе бастады». « Әкемнің зергерлік өнері бар еді деп айтқан едім ғой. Сол өнерін қызынан аямапты... зергерлік ісіне біржолаберіліп алды. Мен қасында тұрып, айтқандарын қалт жібермей зыр жүгіріп орындайын. Әкенің тапсырмасын орындағаннан артық не ғанибет бар дейсің, шіркін... Өз өнеріне деген сүйіспеншілігі шығар, әйтеуір әкем әңгіме айтқанда әшекей, өрнек жайлы, оның нақыстары жайлы көбірек сөз ететін». «Қыстың ұзақ кештерінде әкем бізе ертек айтып беретін. Өлең үйретіп, дауыстап кітап оқитын...». Иә, қарап отырсақ, повесте осындай тәлімгерлік әке өнегесін паш ететін ұлттық нақышпен бедерленген педагогикалық ой маржандары қаншама. Бір ғажабы, «Ұшқан ұяда» Бауыржан атамыз ұлы ақынымыз Абайдың сырлы, даналық дүниесінің қақпасының барар жолдағы «Жаз» өлеңінен үзінді келтіре отырып, «Шіркін Абай көктем көркін, жаз алдының жарқын сәттерін сенен әрлі, сенен нәрлі етіп жырлай алған ақын бар ма екен, сірә!» деп болашақ жас ұрпаққа жыр әлемінің есігін ашып та береді, сиқырлы сұлулық сезіміне бөлей түседі. Сөйтіп, осынау жүрек толғанысына бірден бір рухани азық болған, сол бір бозбала шағындағы данышпан Абай туралы айтқан әке өсиетін, әке тағлымын былайша тебіреніп еске алады: «Әкем көңілді кезінде бізге Абай жайлы айтушы еді. Балаларым, сонау «жеті өзеннің» ар жағында, бізден алыс ауылда Тобықты руынан шыққан Абай деген кісі тұрады. Бүкіл елдің арын қорғаған ақылды азамат, оған қоса ақын. Оның өлеңін ел біткен жаттап, әнін бүкіл дала шырқайды екен, дейтін». Міне, жас Бауыржан Абай мұрасын алғаш сүюді әкесі Момыштан үйренген. Сонымен қатар, «Әжем базардан келе жатқан... Әкем қоржынды түзулеп ерге мені отырғызды... Үйге дейін отыз шақты қадам болса да мен ердің екі жағына алма кезек ауытқып, қоржын ішіне сырғып түсе бердім. Әкем рахаттана күліп алып қайтадан ерге отырғызады...Бұл менің ат жалыны алғашқы қол артуым еді».


«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп көрнекті жазушы М.О.Әуезов айтқандай,әже тәрбиесі- адамгершіліктің ақ жолы, ал бесік жыры- рухани уыз, әже ертегісі, аңыз-әңгімелері- адамгершілік тәрбиесінің іргетасы,қыз абыройы- ел мерейі,бата тілек, алғыс- өсиет- адамгершілік өрісінің өрісі,«Ата көрген оқ жонар...», азамат жолы-ар жолы екенін ешқашан ұмытпай, ұрпақ тәрбиелеуде «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген халқымыздың дана жолымен жүрейік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!