№2 Алматы мемлекеттік
гуманитарлық –педагогтік колледжі қазақ тілі пәні
оқытушысы Дандыбаева Қарлығаш
Жунусовна
Болашақ мамандарды даярлау
мәселелері
Қай кезеңде де, қай қоғамда
болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім
саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті
талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан жақты ізденетін, алдағы
өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздың
қолында.
Қазіргі таңда еліміздің білім
беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы ойланып, жаңа
идеялармен жұмыс жасау – №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық -
педагогикалық колледжінің оқу тәрбие үрдісінің негізгі бағыттарының
бірі. Ең негізгі мақсаты - Қазақстан балаларына үздік пелагогтарды
даярлау. Осыған байланысты қазіргі таңда мектепте білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болғаны
белгілі.
Бүгін мектеп партасында
отырған бүлдіршіндер ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы
білім алуын қамтамасыз ету мұғалімнің басты міндеті. Осыған
байанысты, яғни болашақ ұстаздарды даярлауда, алдымызда оқытудың
әдіс- тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияарды меңгеру,
оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Әйгілі зерттеуші
Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту- бала дамуына тек қондырғы болып,
дамуға стихиялы әсер етсе, яғни «дамудың –соңында жүрсе», жаңаша
оқыту -«дамытуды өзімен бірге ала жүреді»- деген болатын. Сондықтан
тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте
болып, өзіне, шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.
Қазіргі кезде колледжімізде жаңа технологияларды енгізу күннен -
күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу
қажеттілігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары
болса да , мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген
білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз пәнін, өз мамндығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей
алады.
Жаңартылған білім берудің
маңыздылығы – білім алушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру
ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ - ны қолдану, коммуникативтік қарым
қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды
сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті оқыту әдіс тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу,
бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) колледж ішінде
және сыртта ұйымдастырылған курстардың рөлі зор
болды.
Бағалау жүйесі де өзгеріске
ұшырап, балдық –рейингтік бағалау жүйесіне өтіп жатыр. Бағалау
кезінде білім алушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген бағалау
өлшемдері жиынтығымен өлшенеді.
Сонымен бірге мұғалім
бағалаудың әдіс тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқытуда
заманауи әдіс тәсілдердің мүмкіндіктерін өз тәжірибесінде
қолданады, оқушылардың өзін- өзі бағалай алуына жағдай туғызады.
Білім алушының оқуға көзқарасы, сабаққа ынтасы, қызығушылығы,
белсенділігі артады, топпен бірге жұмыс жасайды, бірін бірі
сыйлайды, қолдау көрсетеді, тыңдап үйренеді, ұйымшыл болуға
қалыптасады. Білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында
тең құқылы болады.
Отандық іс тәжірибе негізінде
әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала
отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда
ойлай алатын болашақ мұғалімдерді даярлау, «Халық пен халықты
теңестіретін білім» деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов
айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбилеу біздің
мақсатымыз.