Материалдар / «Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік шара. Интелектуальды ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
2897
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны

Брейн-ринг � «braіn» ағылшын тілінен аударғанда «ми» деген мағынаны білдіреді. Бұл телевизиялық ойын ең алғаш рет 1990 жылы 18 мамырда жарық көрген. Ойын ережесі бойынша ойынға қатысушы әр топта 6 адам болуы шарт. Және ережеге сәйкес ойын барысында жүргізуші сауал қойғаннан кейін ойыншылардың сұрақты өзара талқылауларына 60 секунд уақыт беріледі. Уақыт өтісімен командалар жылдамдатып алдындағы тетікті басып жауап беріп, ұпай жинайды.

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:

Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

Оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту;

Оқушыларды өз Отаны,туған жеріне деген сүйішпеншілігін арттыра отырып отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,математика,тарихы,география,биология,химия

Өтетін орны: Биология кабинеті.

Сабақтың әдісі: компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.

Ойынға 4 команда қатысады (6 адамнан тұратын).

Оқушылар түстер таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Әр команда қарсыласын табу үшін жеребе тасталады.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов.

Жүргізуші: Құрметті  ұстаздар, оқушылар! «Брейн-ринг» танымдық ойынын бастаймыз! 

Бүгінгі  8-11 сыныптары арасында өткізілетін интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – дегендей, бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:

1. -------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

4.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

5.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, —ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады).


Жүргізуші:

Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-

Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.

Ойынымыз 4 бөлімнен тұрады:




І бөлім: «Блиц-турнир»

І топ сұрақтары:

1.ҚР-ның мемлекеттік тілі? / қазақ тілі/

2.Қазақстан Республикасының астанасы /Нұрсұлтан/

3.Қазақстан Республикасының рәмiздерi қашан қабылданды? / 1992жылы/

4.Еліміздің тұңғыш президенті кім? / Н.Ә.Назарбаев/

5.Қазақша жыл басы? (тышқан)

6.Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

7.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? /Т.Әубәкіров/

8.ҚР-сы Тәуелсіздігі қашан жарияланды? /1991 ж, 16 желтоқсан/

9.16- желтоқсан қандай күн? /Тәуелсіздік күні/

10.Тудың авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/

11. Мантиядан кейінгі ішкі қабат? ( Ядро).

12.Көкжиектің бағыттарың ата? ( Солт. Оңт. Бат. Шығ.).

13.Ең терең шұңғыма ( Марианн 11022м).

14.Ең бірінші глобусты кім жасады? ( Мартин Бехайм).

15.Жауын- шашын түрлерін ата. ( жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау).

ІІ топ сұрақтары:

ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата / ту, елтаңба, әнұран/

Еліміздің бұрынғы астанасы /Алматы/

Елтаңба авторы кім? /Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков/

Қазақстанның жер көлемі? (2 млн 724 мың км)

Еліміздің тәуелсіздігіне биыл неше жыл болды? /21 жыл/

Лондонда ауыр атлетикадан алтын медаль алған жігіт / И.Илин/

9 мамыр қандай күн? / Жеңіс күні/

VII Қысқы Азия ойындары қайда болды? /Алматы-Астана/

ҚР-ның “Ата Заңы” қашан қабылданды? / 1995ж, 30 тамыз/

ҚР-ның Ұлттық валютасы қашан енгізілді? / 1993ж,15 қараша/

Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде өмірге келген? / 1845ж,Семей облысы/

Аспан денелерін зертейтің құрал (Телескоп).

Ауа қабатын қалай атайды? (Атмосфера ).

Ең үлкен материк? (Евразия).

Күн мен жердін арақашықтығы? ( 150 млн км ).

ІІІ топ сұрақтары:

1.Антропогендік фактор деп нені айтамыз? (Анықтамасы).

2.Мантиядан кейінгі ішкі қабат? (Ядро).

3.Көкжиектің бағыттарың ата? (Солт. Оңт. Бат. Шығ.).

4.Ең терең шұңғыма ( Марианн 11022м).

5.Ең бірінші глобусты кім жасады? (Мартин Бехайм).

6.Жауын- шашын түрлерін ата. (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау).

7.Абиотикалық ф.д. не? (анықтамасы).

8.Жер өсінен қай бағытқа қарай айналады? ( Батыстан Шығысқа қарай).

9.Ең үлкен мұхит (Тынық).

10.Ең биік шыңда ата. (Джомолунгма, Эверест).

11.Бір жыл деген не? (Жердің орбита бойымен күнді айналуға кететін уақыты 365 тәулік 6 сағат)

12.Қысымды өлшейтін құрал.( Барометр).

13.Су қабатың қалай деп атайды? (Гидросфера).

14.Ең кіші материк (Австралия).

15.Семей полигоны қай жылы ашылды және қай жылы жабылды? (1949-1989жж).

ІV топ сұрақтары:

1.Глобус деген не?( Жердің нақ үлгісі).

2.Атмосфераның 6 қабатын ата. ( стратосфера, азон, мезосфера, тратосфера, экзосфера, термосфера).

3.Қысымды өлшейтін құрал.( Барометр).

4.Су қабатың қалай деп атайды? ( Гидросфера).

5.Ең кіші материк ( Австралия).

6.Семей полигоны қай жылы ашылды және қай жылы жабылды? ( 1949-1989жж).

7.Биотикалық ф.д. не? ( анықтамасы).

8.Табиғат аппаттар түрлерін ата. ( Цунами, вулкан, жер сілкінісі т.б.).

9.Табиғат аппаттарынан қорғану жолдарың айт. ( анықтамасы).

10.Күннен ең алыс планета. ( Плутон).

11.Компас не үшін қажет? ( бағытты анықтау үшін).

12.Глобус деген не?( Жердің нақ үлгісі).

13.Атмосфераның 6 қабатын ата. ( стратосфера, азон, мезосфера, тратосфера, экзосфера, термосфера).

14.Семей полигоны неше жыл бойы атылды? ( 40 жыл).

15.Қазақстан қандай материкте? (Евразияда).

ІІ бөлім: «Жұмбақ жәшіктер»

4 командаға арналып жабық жәшіктерге өзендердің аттары салынады. Алдымен әр команда өзіне жәшік тандап алады, сосын әр жәшіктің өз нөмірі бойынша оларға сұрақ қойылады.

№ 1- ші жәшіктің сұрағы:

Шөлді аймақта орналасқан. Қазақстан аумағынан ағып өтетін Сырдарья өзені. Тянь- Шань тауынан басталады. Ұзындығы 2212 км. 1400 км. аңғармен ағады. Бұл қай теніз алабы?

( Арал теңіз алабы).

2- ші жәшіктің сұрағы:

Орал тауынан басталып Каспий теңізіне құяды. Ұзыңдығы 2428 км. 1107 км. қазақ жерінен өтеді.Каспий маңынан ағысы баяулап, арнасы кеңіп жазық жермен ағады. Сәуірде тасиды, арнасынан шығып жайылып кетеді. Бекіре балығы бар. Бұл қай өзен? ( Жайық өзені).

№ 3- ші жәшіктің сұрағы:

Жоңғар алатауынан басталады, Балқашқа құяды. Бұл өзен қар ерігенде, тау мұздықтарының ерігенінең көбейіп, көктемде тасиды. Бұл қай өзен? ( Қаратал өзені).

№ 4- ші жәшіктің сұрағы:

Жоңғар Алаутауынан басталып Сасықкөлге құйылады.Бұл қай өзен?

( Теңтек өзені).

IІІ бөлім: «Кім епті?»

Команданың бір мүшесі шығып өзгелерге заттық сипаттаманы айтады. Тек заттық атауын ғана атайды. Команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек.

IV бөлім: «Кейс»

Мультфильм «Это совсем не про это»

Кейс сұрақтары:

1-топ. Мультфильмдегі жағдайды талдаңдар және негізгі проблеманы анықтаңдар.

2-топ. Фильмде ластанудың қандай түрлері көрсетілген?

3-топ. Қоршаған ортаға антропогендік факторлардың қандай әсерін байқадыңдар?

4-топ. Бұл проблеманы шешудің жолдарын ұсынып көріңдер?.

Ортақ сұрақ: «Иесіз жер жетім» деген мақалдың мәнін түсіндіріңдер.

(Оқушылардың ойы тыңдалғаннан кейін, әділқазылар қорытынды сөзді айтады)

Жүргізуші: Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар  бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!







Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп










«БРЕЙН РИНГ»

(интеллектуальдық ойыны 5-7 сыныптар)






Өткізген:

Биология пән мұғалімі: Канатова М.И.









Атырау қаласы 2020 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!