Материалдар / «Бұйымды көркемдеп күйдіру»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Бұйымды көркемдеп күйдіру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағашты күйдіріп өндеу технологиясын меңгерту ,ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру ; онымен жұмыс жасау икемділігін , көркемдік әдіс - тәсілдерді қолдана білуін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
155
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақтың тақырыбы:

«Бұйымды көркемдеп күйдіру»

Мұғалімнің аты-жөні: 

Мұратбаева Әйгерім Тынышбекқызы


СЫНЫП: 4

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Пән:

Қол өнер сабағы


Сабақтың мақсаты:

Ағашты күйдіріп өндеу технологиясын меңгерту ,ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру ; онымен жұмыс жасау икемділігін , көркемдік әдіс - тәсілдерді қолдана білуін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты:

Талғампаздыққа , сұлулыққа , ұқыптылыққа , еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құрал – жабдықтар

Қарындаш, өшіргіш, ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы, Панер «сурет салынатын тақта»

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс

Сурет және қол өнер сабағы.



Сабақтың жоспары:

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :


Басталуы

2 минут

« Бағдаршам » әдісі


-Амандасу.

-Оқушыларды түгендеу.

-Оқу құралдарын тексеру.

-Оқушы назарын сабаққа аудару .

Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі - түсті стикерлер арқылы белгі береді :

«жасыл» - дайын ,

«сары » - күмәнді ,

«қызыл » - дайын емес


Үй тапсырмасы

2 минут

Күйдіріп сурет салынатын ПАНЕР тақтайшаларына сурет салып келу.

Берілген тапсырманы түгендеп,тексеру.



Жаңа білім

10 минут



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Ағашты күйдіріп өрнектеу » .

Ағашты күйдіріп әрлендіру «пирография»деп аталады. Күйдіріп өңдеу аппараты жетілмеген кезде ағаш шеберлері өте қарапайым әдіс қолданған . Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын. Иненің қызуын бәсеңдетпес үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен шашып отырған.

Ағашты термикалық сәндеу тәсілін пиротопия дейміз. «пир» грек тілінен аударғанда «от» , ал «типия» -«таңба»

дегенді білдіреді. Демек пиротопия дегеніміз – отмөрі немесе мөрқалып деген сөз. Пирография дегеніміз де осы ағашты күйдіріп сурет салу деген мағынаны білдіреді.

Джордан Манг-Осан Филиппин суретшісі.Ол қарапайым лупаның көмегімен күйдіру арқылы сурет салған.







Джули Бендер АҚШ-тың танымал пирографы, суретшісі.Оның жұмыстары өте көркем, сызықтары әсерлі салынған.





Скот Марр Австралиялық суретші. Күйдіру материалы ретінде кәдімгі ескі күйтабақтарды пайдаланды.









Сейфолла Рыстан Қазақстан суретшісі, қолөнерші, былғарыға күйдіру арқылы сурет салған. Оның жұмыстары қазақтың ұлтық өнеріне, салт-дәстүріне арналған.

Сейфолла Рыстан өзінің бірегей шығармашылығын мектептегі жұмысымен қатар жүргізіп келеді.Өзі ұстаз, балаларды сурет салу және сызу өнеріне баулиды. Ол тері илеудің көне заманнан қалған әдістерін тірнектеп жинайды. Бұл оңай іс емес, себебі тері илеу әдісін әрбір шебер құпия сақтап, тек балаларына ғана беріп отырған. Сейфолла Рыстан жасаған бұйымдардың қай-қайсысын да – қамшы болсын, қын болсын, белбеу немесе жебе салатын қорамсақ болсын – қолға алғанда, ғасырлар қойнауына ене жөнелесің. 

Оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерде де танымал. Францияда, Германияда және басқа Еуропа елдерінде ұйымдастырылған көрмелерге қатысып, жоғары бағаларды иеленген. Тынықмұхит аймағы мен Орта Азия елдерінде беделді «Шебер» титулымен марапатталған.











Ерте замандағы күйдіру тәсілдері.Көркем күйдіру әдісінің сан ғасырлық тарихы бар. Бұл өнер көптеген халықтардың мәдениетінде кездеседі. Ол кездегі күйдіру тәсілдері арнайы бізді немесе жебенің ұшын отқа қыздырып, бұйымды күйдіріп, әшекейлеген.

Ал енді, біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспапбымен танысайық . Ағашты күйдіріп өрнектеу аспапбының құрлысы :

1 . - негізгі

2 . - ток күшін үнемдеуші

3 . - қүйдіргіштің тұтқасы

4 . - шыйыршық (спираль) немесе электрод

5 . – ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады

Ағашты күйдіріп өрнектеу аспапбымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері .

Жұмысқа дейін :

1 . Жұмыс киімінді дұрыс киін . Жең , галстук , белбеу , т.б. киімдеріңді ретте .

2 . Жұмыс орнында артық ешнәрсе тұрмасын .

3 . Электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет .

4 . Электркүйдіргіш бауында жалаңаш сым көрсендер , басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету қажет .

Жұмыс кезінде :

1 . Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды .

2 . Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек .

3 . Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды .

4 .Қызып тұрған бізді киімге , денеге тигізіп алудан сақ болу керек .

5 . Көзді демалдыру үшін , электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек .

Жұмыстан кейін :

1 . Жұмыс орныңды ретке келтір .

2 . Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажырату керек .

3 . Өзінді ретке келтір .

Жеке жұмыс киімін кию : фартук , жеңқап .

Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері ( жөке , терек және қарағаш ) пайдаланылады . Күйдіріп өндеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар , сызба үлгілері қолданылады . Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды , кітап журналдарды да пайдалануға болады . Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды . Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде , қатты қағаздар мен кесілген дайын үлгілер және трафареттерді пайдалануға болады . Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып , қарындашпен сызып шығады . Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте – нүкте етіп күйдіру байқау керек . Нүктелерді үлкенді - кішілі , терең таяз етіп күйдіріп , ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз . Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп , көз алдынан 30 - 25 см қашықтықта ұстаған жөн . Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады .





Ортасы

20 минут

Қолдану

Интерактивті тақтадағы берілген тапсырманы түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Бұйымды көркемдеп күйдіру. Безендіру.




Аяқталуы


Сабақты бекіту

5 минут







Кері байланыс

3 минут

1 . Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады ?

2 . Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек ?

Ой қорытыу

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді







Бағалау

5 минут








Сабақты қорытындылау






«Білім қоржыны» кері байланыс






Ағашты күйдіріп өрнектеу технологиясы қазіргі кезде жақсы дамуда . Қазіргі заман талабына сай күйдіру тәсілімен жасалған бұйымдар қымбат бағаланып , қазақ халқының ою - өрнектерімен әрленіп , ол өнімдер арқылы жақсы пайда тауып жатыр.








Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады

Үйге тапсырма: Жасап отырған жұмыстарын аяқтау.

Ою - өрнектерді әрлеп бояп лактап келу .







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!