Материалдар / «Даланың дара ұстазы» Сагынгалиева Гулдана Ериковна Алматы обылысы, Іле ауданы МҚК «Қуат» балабақшасының тәрбиешісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Даланың дара ұстазы» Сагынгалиева Гулдана Ериковна Алматы обылысы, Іле ауданы МҚК «Қуат» балабақшасының тәрбиешісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсарин – қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, ұлы ұстаз, мектептегі білім беру саласының белгілі қайраткері, көптеген қазақ халық әдебиетінде орыны бар ұлы жазушы, қоғам белсендісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
231
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Даланың дара ұстазы»


Сагынгалиева Гулдана Ериковна

Алматы обылысы, Іле ауданы

МҚК «Қуат» балабақшасының тәрбиешісі



Ы.Алтынсарин – қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, ұлы ұстаз, мектептегі білім беру саласының белгілі қайраткері, көптеген қазақ халық әдебиетінде орыны бар ұлы жазушы, қоғам белсендісі.

Ыбырай тек ағартушы- педагог қана емес, теоретик-этнограф, тарихшы, экономист және оған қоса өзінің бастамаларын түрлі қарсылықтарға, түрлі тосқауылдарға қарамастан іске асырған қайраткер де болды. Ол оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру, кадрларды іріктеу, мектепті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, балаларға қамқорлық жасау, күнделікті тұрмыс-тіршілік, қаржылық есеп т.б. жұмыстарын қатар алып жүрді.

Ы.Алтынсарин ағартушы ретінде білімді болды, қоғамның дамуы мен әрбір адамның адам болып қалыптасуы білімнің мүмкіндігі деп сенді. Ыбырай Алтынсариннің әдеби шығармашылық еңбектерінде замандастары көзі тірісінде-ақ өз бағасын берді. Әдебиеттегі шығармашылықтан басқа, ол қазақ тілінде хрестоматия құрастыру оны халық арасында тарату балаларға білім оқулық ретінде оқыту, халық поэзиясының алғашқы жинақтарын сонымен бірге түрлі кітаптарды құрастыру ісімен айналысты. Ол 1879 жылы Торғайдағы жазбасында «Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу ордаларында мұғалімдер қазақ балаларын оқытқанда оқулықтардың жоқ болуына байланысты, қазақ тілінің орнына татар тілін оқытып жүр және осылармен қатар тағы бір ескеретін мәселе – ол қазақ халқының талабы біреу, салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» деген.  

 Хрестоматиядағы шығармалар тақырыптық- идеялық жағынан жас ұрпаққа адал еңбекке, тәлім тәрбиеге тәрбиелеу, белгілі бір қызметте, кәсіпте жетістікке жете білуге, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, шыншылдық, достық, мейірімділік, ақылдылық, даналық, даралық секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді кішіні, ата-ананы сыйлау, қадірлеу, өнер-білімді байлық-дәулеттен жоғары қою мәселесіне арналған. «Хрестоматияға» еңген шығармалардың, балалардың санасына сай, қиялын кеңейтетін, көлемі азды көпті, шағын, тәрбиелік-танымның мәні жоғары шығармалар болып табылады. Ол қазақ балалар әдебиетінің негізін қалады деуге толық негіз бар. Біз жас ұрпақты тәрбиелуші мамандар бала бойынша асыл қасиеттерд қалыптастыруда қазақ ертегілерін көптеп қолданамыз. Ыбырай жазған «Қырғыз хрестоматиясы» қазақ  публицистикасының бастауы, қазақ халұына жаңашылдықтың келуінің бастамасы деуге болады. Себебі осы кітапта өткен ғасырдың соңындағы отырықшылық, көшпенділік, ағартушылыққа насихаттау, адамгершілік сынды өзекті мәселелер сөз болған.

Ы.Алтынсарин ең алдымен мектепке дейінгі білім – баланың қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең деген. Мұнда балалар алғаш рет қоғаммен араласады. Білім алу үшін балаақшаға барған баланың ақыл-ойы тереңдеп, зейіні ашылады, зерек ойлы саналы ұрпақ тәрбиеленіп бастайды. Әрине, білім ошағында басты орынды тәрбиеші атқарады, бала тәрбиешінің оқытуымен айналасындағы әлемді танып, жаңа білімді қалыптастырады, өзіндік ерекшеліктерге жол ашылады. Тәрбиеші балабақша баласының бойында азаматтық, саналылық, адамгершілік, даралық, зияткерлік көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етеді деуге болады. Мұның бәрін педагог өзі жоғары білікті, іс тәжірбиелі, сапалы білім меңгергендігін, ақылды, мейірімді әрі жанашыр болған жағдайда ғана дамыта алады деуге болады. Мен балаларды білімді тәрбиелі жас ұрпақ ретінде тәрбиелеуде, мектепке дейінгі білім беруде инновациялық әдіс тәсілдерді меңгеріп оларды қолдана білуім қажет. Инновациялық әдіспен қатар тәсілдерді жүйелі түрде қолдана алу педагогтың шеберлігімен ерекшеленеді.Мектепке дейінгі ұйымда білім және тәрбие беру міндеттері, ондағы оқу-тәрбие процесінің құндылықтарын қалыптастыра отырып ұйымдастыру және оқыту, педагогикалық идеяларды қолдана отырып, оқу жоспары мен бағдарламасын құру, оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану, тәрбиешінің негізгі мәртебесі. Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеялары білім беру саласында әлі күнге дейін өзекті. Ы.Алтынсарин өз еңбектері мен қызметінде мектептегі білім беру жүйесін дамыта отырып, мұғалімнің тұлғасы мен адамгершілік бейнесіне маңызды орын берген. Ұлағатты ұстаз ойларының идеялық құндылығы, білім беру саласында бүгінгідей инновациялық деңгейге көтерілген кезеңде де маңыздылығын жоғалтпай отыр.

Инновациялық әдістің бірі – ол интерактивті оқыту әдісі. Педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактив- ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Яғни, интерактивті оқыту әдістері балалардың қарым- қатынастарына негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс, оқу белсенділігін қалыптастырып қана қоймай, әрі қарай жетілдіріп, ізденіс үстінде дамыту
Педагогтың берген теориялық білімін өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені анық. Қазіргі қоғамда ақпараттық мәдениет пен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру өте маңызды. Ұйымдастырылған оқу қызметінің бір сарындылығы баланы тез шаршатады. Сондықтан іс-әрекет формаларын түрлендіріп отырған дұрыс. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде балаға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру, тақырып бойынша бақылау мен диагностикалау формалары жүзеге асады. Инновациялық іс- әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеументтану, медицина саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады.

Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс – әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.

Ыбырай қашанда мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім- бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын.

Абай Алтынсаринның осы бейнелі сөз тіркесін «Жазғытұры» өлеңінде: «Күн - күйеу, жер - қалындық сағынысты, Құмары екеуінің сондай күшті... Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, Жер толықсып түрленер тоты құстай...» - деп, көркейте жетілдіріп, сомдап қолданады. Осы тұрғыда М. Әуезовтың: «Абайдың кейін жазатын осы алуандас «Жазғытұры», «Жаз», «Күз» «Қыс» дейтін өлеңдерінің бәрінен біз жаңағы айтылған, Алтынсарин салған тың жолдың түгелімен қабыл алынып, онан әрі көркейіп, дами түскенін білеміз» деген пікірі өте орынды айтылған (Әуезов М. Көрсетілген еңбегі. 213-6.). Абай мен Алтынсаринның табиғат лирикалары мағыналық жағынан ұқсас, оларда жарыса жырлау дәстүрі (нәзира) мен стиль бірлігі ортақ және өлеңдерінің мазмұны мен құрылысы сабақтас, өзара үндес келеді. Қазақтың ұлы ағартушыларының адамгершілік ой-тұжырымдары өрнектелген Абайдың «Ескендір» поэмасы мен Алтынсаринның «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» атты өлеңі, Ескендір патшаның төңірегінде құрылып, өрбітіледі. Алтынсаринде оқиға желісі жинақталып, қысқа қайрылса, Абай шығармасы дамымалы мазмұнға құрылған.


Ол халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанына мұқият бақылап, оны терең түсіне білген, әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін... Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді, жомарт жүректі ақ көңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емін-еркін ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан болса да ақ көңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен көмектесуге әрқашан әзір тұратың. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін. Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзінің ақыл- кеңесін берумен ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінде сый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сәнін кіргізетін, көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын... (Мұғалім Ф.Д. Соколовтың естелігінен)



Қолданылған әдебиеттер:

1. 1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Ғылым, 1994.- 288 б. 2.Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы (Киргизская хрестоматия). - Алматы: Білім, 2003. - 112 б.

3. Алтынсарин Ыбырай (1841-1889) //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия /бас. ред. Ә.Нысанбаев. - Т. 1. – Алматы, 1998. – 318-320 б.

4. Ыбырай Алтынсарин тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер /құраст. М.Жармұхамедов.- Алматы: Жазушы,1991. - 384 б.

5.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары /пед.ғылымдарының Ы.Алтынсарин атын. ғыл.-зерттеу ин-ты; құраст. С.Қалиев ж. Б.- Алматы: Рауан, 1991.-200 б.

6. Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы /бас.ред. Б.Аяған.- Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2007.- 3-368 б

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!