Тренинг: Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту
ерекшеліктері
Мақсаты: а) Қазіргі заманғы мектептің ең бір өзекті мәселесі
–дарынды оқушыны анықтауға жағдай жасау жолдарын түсіндіру.
ә)Баланың ақыл ойын, әлеуметтік белсенділігін жетілдіру,
дамыту.
б) Білім мен тәрбие арқылы баланың рухани әлемін тәрбилеу,
адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд)
Түрі: тренинг сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру:
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру. Слайд.
Дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы мақсаттар:
1. Жеке тұлғаның іс-әрекетіне мән беру
2. Дарындылық қабілетін анықтау
3. Білім деңгейін кеңейту
4. Жеке тұлғалық іс-әрекетін дамыту
5. Логикалық ойлау қабілетін дамыту
6. Әр түрлі шараларға (дебат,олимпиада,
ғылыми сайыс) қатыстыру
7. Өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету
ІV. 1. Қызығушылығын ояту . (ой тастау)
- Дарын , дарындылық дегеніміз не ? (әріптестердің пікірін тыңдау ,
пікірлерімен келісу)
- Дарындылық ережесін шығару
Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен
салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше
іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары
нәтижелерге жету мүмкіндігі.
2. - дарынды баланың бойында қандай ерекшеліктер болады?
(пікірлерін тыңдау)
Дарынды балалардың ерекшеліктері:
а) Қиыншылықтан қорықпайды
ә) Сөздік қоры мол
б) Есте сақтау қабілеті жоғары
в) Әділетті,әзілқой
г) Танымдық қасиеті жоғары
V. -Дарынды баланың ерекшелігін анықтайтын , бойындағы бар қасиетін
әрі қарай дамытатын , ықпал ететін кімдер деп ойлайсыңдар ?
(пікірлерін тыңдау)
VІІ. Дарынды оқушыны айқындап , дамыту үшін қандай жол таңдар
едіңіздер ? ( пікірлерін
тыңдау)
1. Айқын дарындылық:
- дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала
дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ.
2. Жасырын түрде кездесетін :
- дарындылық баланың іс-әрекетінің нәтижесі көбінде жасырын түрде
байқалады.
Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары :
1. Бақылау әдісі
2. Арнайы бағдарламалар
3. Мұғалімнің және ата-ананың эксперттік бағалауы
4. Психо-диагностикалық тренингтер
5. Олимпиада, конференция, фестиваль, КҒА т.б
6. Психо-диагностикалық зерттеу
7. Эксперттік бағалау (әдіскер, ғалым т.б.)
Сұрақ - барлық оқушы дарынды болуы мүмкін бе?
VІІ.Өз тәжірибеме тоқталу .
Дарынды балаларды анықтау мақсатында алынған тренингтер:
1. Математикалық қабілетін анықтау мақсатында (логикалық
есептер)
2. Тізбектерден сөз құрастыру
3. Есте сақтау қабілетін білу үшін цифрлар көрсету
4. Сөзді жатқа жазу. (20-25 сөз)
VІІ . Жеткен жетістігім (әр түрлі танымдық , интеллектуалдық
сайыстарда )
VІІІ. Қорытынды : Дарынды бала дегеніміз - өз қатарларынан әлде
қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша
асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын
бала!