Материалдар / Дарынды оқушыларды анықтау мен дайындаудағы зерттеушілік әңгіменің рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дарынды оқушыларды анықтау мен дайындаудағы зерттеушілік әңгіменің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ үдерісінде зерттеушілік әңгіме арқылы дарынды оқушыны анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2018
229
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түпқараған ауданы № 1 мектеп-лицейі тарих пәні мұғаліміІзмағанбет Амангүл Әбуханқызы



«Дарынды балалармен жұмыстың жаңа технологиялары және оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау»





Дарынды балаларды анықтау мен дайындаудағы зерттеушілік әңгіменің ролі
  • Дарынды балалардың қабілеттерін дамыту бағытында
істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және жұмыс істеу жүйесінің моделі ;
  • Дарынды балаларды анықтау мен дайындаудағы зерттеушілік
әңгіменің ролі;
  • Жетістіктер туралы














«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш қуат, қажыр-қайраты мол,ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»Н.Ә.Назарбаев

Дарынды және талантты оқушылар біртекті емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек.Дарынды оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша айыру мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттері айқын болмайды.Дарынды баламен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды баламен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:        дарынды баланы анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;        дарынды балаларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;        бала дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;        дарынды баланы оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі.Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:        өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;        бала дарындылығының моделін білу;        қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;        дарынды баланы оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;        дарынды балалардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.Қазақстан тарихынан оқушыларды олимпиада мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда ең алдымен оқушының өз елінің тарихы, құқықтық демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамның құндылықтары туралы білімдерін еркін қолдануы, мемлекеттің тарихы мен рәміздеріне құрметпен қарау, өз көзқарасын жеткізуіне үлкен мән берілуі керек. Қоғамдық ғылымдар арасында Қазақстан тарихынан оқушыларды пәндік олимпиадаға қатыстыра отырып, жетістікке жету үшін, алдымен оқушының пәнге деген қызығушылығы, бейімділігі, жауапкершілігі басты назарда ұстайтын кретерийлер деп санаймын. Бір сыныптың ішінде бір немесе бірнеше оқушы ғана өтілген тарихи процестердің қарама-қайшылықтары мен талас тудыратын тұстарына тоқталып, олардың өздері мұғалім назарына ұсына алады. Зерттеушілік көзқарастары бар осындай оқушыларды пәндік олимпиадаға тарта аламын.Жалпы тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындауда олардың зерттеушілік көзқарасын қалыптастыру ең маңызды жұмыс екені белгілі. Өйткені олимпиадалық тапсырмалар деңгейі өзіндік көзқарастары дамыған, тарихи міліметтерді талқылай алатын оқушы деңгейін талап етеді. Өзімнің 2004 жылдан бастап дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізу кезінде негізінен өзім ғана түсіндіріп, оқушының түсініп, жаттауына жұмыстанып келдім. Бірақ ол кезеңде оқушым қалалық олимпиадада жетістікке жетіп, одан әрі аса алмады. 2009 жылдан бері олимпиадаға оқушы дайындау тәжірибемде тарихи мәліметтерді оқушыларға ұсынып, олардың өзіндік зерттеу дағдыларының қалыптасуына жұмыстана бастадым. Бұл жағдайда оқушы бойынан да өзіндік жеке жұмысқа құлшыныс пен олардың жетістіктері де арта бастағанын байқадым. Осы зерттеушілік көзқарасты қалыптастыру әдісім Деңгейлік Бағдарламадағы диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгімесімен сәйкес келетіндіктен дарынды балалармен жұмысымды оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен байланыстыруды қолға алдым. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Әңгіменің үш түрінің ішінде зерттеушілік әңгіме басымдыққа ие болады. Зерттеушілік әңгімеге тартылғанда , оларда ортақ тақырып болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеяларын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Оқушылармен олимпиадаға дайындау кезеңінде төменде көрсетілген жұмыстарды жүйелі жүргізіп отырамын:
  • Тарихи кезеңдерді жүйелеу;
  • Тарихи қайраткерлер туралы терең білім жинақтау;
  • Тарихи оқиғаларға сыни тұрғыдан баға беру;
  • Тарихи термин сөздермен жұмыс;
  • Тест тапсырмаларымен жұмыс;
  • Логикалық жаттығулар (есте сақтау қабілетін жетілдіру)
  • Картамен жұмыс жасау тағы басқалар.
Оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы жүйелі жұмысымның нәтижесінде 15 аудандық пәндік олимпиада, 5 облыстық пәндік олимпиада, 1 республика жеңімпаздары бар.Бұл жетістіктерім тәуелсіз елдің сан қилы тарихын, ұлттық болмысты болашақты құрушы жас өркенге жеткізе білген аз да болса үлесім екенін мақтан етемін.Тарихшы маман ретінде тәуелсіз еліміздің іргесін бекіте түсу үшін туған халқымыздың тарихына көз жібере отырып, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін оқушыға ұсынамын. Оқушы санасына өз ұлтына деген мақтаныш, «ел-жандылық», «ел намысы» деген ұғымдар беки түссе, мәртебеміз жоғары, діліміз бен тіліміздің тұғыры биік болары сөзсіз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!