Материалдар / Дәстүр - халық рухы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дәстүр - халық рухы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрге байланысты тәробие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
1040
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 2.12.14Сыныбы: 10 «А»Сабақтың тақырыбы: Дәстүр – халық рухыСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуға бейімдеу.Дамытушылық: Дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту.Тәрбиелік: Халықтық дәстүрлер туралы түсінік бере отырып, оқушыларды адамгершіліке, әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдсі: түсіндіру, сұрақ – жауап.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.Сабақтың көрнеілігі: интерактивті тақта.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.ә) ҚР Гимн орындау.ІІ. Жаңа сабақ.
  • Кіріспе сөз.
... Балаға сіңірген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа теңдесе алмайды, ол өле – өлгенше суынбайтын махаббат.Бұл қасиет – әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген ұлы сипат, мыңдаған жылдар бойы сақтап келе жатқан ұлы дәстүр.Осы белгілі жайды қайта – қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Өйткені, кәрілер етеді, жастар қалады. Кәрілердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзінен кейнглерге табыс етуін арман етеміз.Көктемдегі жердей құлпыра өсіп келе жатқан жас ұрпқты көргенде кеудеңе сыймайды. Ал, солардың ішінде сөлекет бірдеңе көргенде аяғыңа шөгір қадалғандай боласың. Жақсы мекен салудан, қала салудан жақсы салт, дәстүр жасау қиынырақ. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзқ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.Дәстүр жайында мұнша шұқшия сөз етуімізде үлкен мән бар. Өйткені, оны халық жасаған, оны бұзушыны ешқашан сүймеген, аямаған халық.Біз кейде ата – анасынан безген жас жайында есітеміз. Бір кезде түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген, ыстық – суыққа, талай қиындыққа шыдап келіп, сені қатарға қосқан ата – ана бұл кезде дәрменсіз, сонда да тілегі сен. Осындай ата – ананы ұмытқан жас рақымсыздың рақымсызы деп кім айтпас...Қазақ дәстүрі тек ата – ананы ғана емес, жалпы адамды, сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру, кимелеп баса-көктеп өтпеу, үйіне келе қалса, алтын байлап, есік ашып, төрге шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты салт- дәстүрлердің бірде-бірі ескірген жоқ. Бұлар өмір бойы ескрмейтн, адамнан адам іштей әр кез дәметіп тұратын табиғи құлық-мінездер. Бұл мінездерді қорлау – алдымен өзін – өзі қорлау, сыйлау – алдымен өзін – өзі сыйлау.Сыйласу, қайырымдылық әрқилы. Біреулер ісім түседі-ау, немесе қарымтасы қайтады-ау деген адамын сыйлайды. Ашып айтқанда бұның аты – сауда. Біреулер сыйласуды, қайырымдылықты адамшылық борышым деп істейді. Міне, бұл – ең қымбат қасиет. Жастар осы қымбатқа ұмтылу керек...Бұл кезде білім шарабын сіміріп жүрген жастар көп, бсына білім жинау, өнер адамшылық үлгілерін жасау жастарымыздың салтына енген шақ. Алайда, күшала жеген иттей қисаңдап келе жатқан біреу оқта-текте кездесіп қалады. Аузынан сасық ис аңқиды, сөзі іріп – шіріп түсіп жатады. Бұл бейшара білім шарабының орнына есіру шарабының сімірген, ата – анасының маңда терін сатып ішкен, өзі қазір адамның қоры, сөйте тұра зормын деп кеуде қағады.Біз жастарымыздың азаматтық сипаты келісті болуын дос сүйініп, дұшпан күйінердей болуын тілейміз. Есте болсын, адамшылық әрбір ұлы сипат шың тәрзді. Шыңды шың етен төбе – шоқырлар болса, ұлы сипат та ұсақ сипаттардан құрылып ұлыққа жетед. Халықтық жасты дәстүрлерд ешбір адам аттаған емес. Әрбір жас – ол дәстүрді қорғаушы, орындаушы әр дамытушы болғай – ақ.

  • Тірек – сызба.












  • Қазақтың тыйым сөзі – тәрбие көзі.
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделкті қолданатын үлгі – өнеге түрлерінің бірі ырымдар мен тыйымдар. Бұл балаларды жмн әдеттен сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан.Мысалы: Қандай жағдай болса да таңдай қақпйды, орынсыз таңырқамайды, жөнсз есіркемейді. Адамды есіркеу – Құдайдың ғана ісі.
  • Аяқты айқастыру, аяғын тартып отыру – жаман ырым. Мағынасы жолда жүрген жолаушының жолы болмайды. Адамның ісі оңға баспайды.
  • Маңдайды сүйеп, жақ таянып отыруға болмайды. Мағынасы ауыр қазаға, үлкен күйзеліске ұшыраған адам ғана солай отырады.
  • Үйде болсын, қонақта болсын кесені, қасықты төңкерме. Ас ішіп болған соң «Тойдым», «Болдым» деме жаман ырым. Оны тенсіздік дейді.
  • Кемтар адамға күлме. Адамның басы Аллаһтың добы. Сен бүгін саусың, ертең не болатыныңды кім білсін.
  • Жұма күні кір жуса аруақтар ренжиді.
  • Өтірік жылау – жамандық шақыратын әдет.


(Көрнекілікпен жұмыс).

  • Сөздің көркі – мақал.
Біздің халқымыздың ауыз әдебиеті – өте бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір – екі сөйлемге сыйғыза білген ата-бабамыз қандай дана еді! Ата-баба мұрасын жалғастыру-біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз. Олай болса сендердің бұл міндетті қалай атқарып жүргендеріңді байқаймыз. Екі мақалды жақсы білетін бала шығып мақалды сөйлеу жарысына берейік. Екі бала шығады.
  • Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
  • Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
  • «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» деген жайғассақ жайғасайық.
  • «Сыйға сый, сыраға бал» демекші, өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
  • «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер», татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
  • «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз!?
  • «Бірлік түбі-тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
  • «Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» деген, көңіліміз марқайып қалды ғой.
  • «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзар емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
  • «Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!


  • Нақыл сөздер. Дәптермен жұмыс.
  • Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, салт – дәстүрі.
М. Жұмабаев.
  • Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді.
Халық нақылы.Дәптермен жұмыс.Нақыл сөздерді жаздыру.
  • Сергту сәті.
Мына үзік – үзік сөздерден мақал құрастыру керек.
  • Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
  • Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
  • Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.


  • Сұрақ – жауап.
Үш санындағы ұшқыр ой.
  • Үш жұрт.
  • Ағайын жұрт
  • Нағашы жұрт
  • Қайын жұрт
  • Үш байлық
  • Бірінші байлық – денсаулық
  • Екінш байлық – ақ жаулық
  • Үшінші байлық – он саулық.
  • Үш би.
  • Төле би
  • Қазыбек би
  • Әйтеке би
  • Үш қуат
  • Ақыл қуат
  • Жүрек қуат
  • Биік қуат
  • Үш арсыз.
  • Ұйқы
  • Тамақ
  • Күлкі
  • Үш даусыз.
  • Мінез
  • Кәрілік
  • Ажал.
  • Үш ақиқат
  • Қымбат – шындық
  • Арзан – өтірік
  • Дауасыз – кәрілік.
  • Үш көз.
  • Су анасы – бұлақ
  • Жол анасы – тұяқ
  • Сөз ансы – құлақ.
  • Үш тұл
  • Қайратсыз ашу тұл
  • Тұрлусыз ғашық тұл
  • Шәкіртсіз ғалым тұл


  • Үш кемдік
  • Надандық
  • Еріншектік
  • Зұлымдық


  • «Венн диаграмма» әдісі


Өткен ғасырдағы салт- дәстүрлер.Ортақ белгіОсы ғасырдағы салт – дәстүр.
Салт – дәстүр,әдет – ғұрыптолық орындалатын.Асыл қазына, қуанышЗаман ағымына сәйкес толық орындалмайды.




ІІІ. Қорытынды.Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірбиелері өте көп. Халқымыздың әдет – ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!