Материалдар / Денелердің электрленуі,электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Денелердің электрленуі,электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
617
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2 В.Электростатика негіздері


Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті


Мектеп: Жамбыл Жабаев атындағы №234 орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әбіш Ұлжан


СЫНЫП: 8

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Денелердің электрленуі,электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 - Электр зарядын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Электр заряды ұғымын түсіндіре алады;

  • Күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыпқа байланысты ұғымдарды біледі.

  • Электрленуге мысалдар келтіреді,тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Электр заряды, белгіленуі, өлшем бірлігі туралы біледі.

  • Алған білімдерін есептер шығаруға қолдана алады.

Ойлау дағдысы

  • Білу,түсіну,қолдану

Бағалау критерийі

1.Электр заряды туралы біледі


2.Электр зарядын тұжырымдай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Оқушылар электр зарядының екі тегін, зарядталған денелердің өзара әсерлесуін және зарядтың сақталу заңын ауызша және жазбаша сипаттай алады..

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Заряд – заряд – charge

Электрон – электрон - electron

Аттас заряд – одноименный заряд– like

Әр аттас заряд – разноименный заряд –unlike

Жанасу – касание – contast

Тартылу – натяжение – tension

Өткізгіш – проводник – conductor

Электроскоп – электроскоп – electroscope


Сыныптағы диалог:

Дененің заттарды өзіне тарту қасиетіне ие болатын құбылыс________ деп аталады.

Бір-біріне үйкелген денелер_________ тартылады.

Электрлерген денелерді_____________ деп атайды.





Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Электр заряды дегеніміз не?

2.Қағаздың көмегімен дененің электрленгенін қалай білуге болады?

3.Электр зарядының ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі?

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс кезінде бір - бірін тыңдай білуге, көмектесуге,электр заряды, дененің электрленуі туралы білімдерін жүйелеуге үйренеді.(Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік, пен келісім: «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізінде сана сезімге, азаматтық жауапкершілікке, ынтымақтастыққа баулу.)


Пәнаралық байланыс

Электроскоп құрылғысының шығу тарихын қарастыруда тарих пәнімен байланыстырамын.Электр зарядының сандық мәнін қарастыруда математикамен байланыстырамын.

Алдыңғы оқу


Күнделікті өмірде қолданылатын түрлі электр энергиясын тұтынатын электр аспаптарын біледі.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы






5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2.Түгелдеу

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңберін» құру.Жылулық шеңберінде балалар бір-бірлеріне жылы лебіз білдіріп,сәттілік тілейді.

II.Өткенге шолу.

Тақырыпқа байланысты үй тапсырмасын сұрау. «Мінсіз шеңбер» әдісі арқылы

Үй тапсырмасын «Смайлик» әдісі арқылы бағалау

III.Топқа бөлу-сурет қиындылары салынған конверттер арқылы

1-топ: Протон

2-топ: Нейтрон

3-топ: Электрон



Оқулық,оқу құралдары

Picture 1


Шарларға бекітілген сурет қиындылары салынған конверттер

Сабақтың ортасы







30 мин


7 мин

































15 мин
































8 мин

Ұжымдық жұмыс

1.Жалпы сыныппен жұмыс. «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға электр заряды тақырыбын өмірмен байланыстыратын әртүрлі мысалдарды келтіре отырып сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашамын.

а)  Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)

ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)

б)  Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)

в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

Оқушылар сендер бұл құбылысты қалай түсінесіңдер?

ҚБ: «Фейерверк» әдісі

«Түртіп алу» әдісі бойынша талқылап, негізгі түйінді дәптерге жазады.(тыңдалым, оқылым,тілдік дағдылары іске асады).

Топтық жұмыс. «Тұжырым таңдау» әдісі.

Топтар берілген құрал-жабдықтар арқылы тәжірибе жұмысын орындап, анықтайды.

1-топ. Денелердің электрленуін анықтау

2-топ. Үйкеліс арқылы денелердің электрленуін көрсету

3- топ. Мынадай шағын тәжірибе жасап көрсет. Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп қоялық. Оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізейік нені байқауға болады? Мұның себебі неде? Қандай құбылысты байқауға болады.

ҚБ- «Бутерброд» әдісімен бағалаймын.

Жұптық жұмыс. «ФишБоун» әдісі

Берілген тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтін құрап,балық қаңқасын толтырады.(Электр заряды,денелердің электрленуі, Денелердің өзара электрлік өрекеттесу кабілетіне ие болуы — олардың электрленуі деп аталады,Электр зарядын [q] әрпімен белгілейді.ХБ жүйесінде электр зарядының өлшем бірлігі француз физигі Ш.Кулонның құрметіне Кулон (Кл) деп аталған).

ҚБ: «Медальдар» әдісі

(Жинаған медальдары бойынша бағалау)

Жеке жұмыс.

1 тапсырма: . «Физикалық диктант» 1.Әртүрлі заттардан жасалған денелер бір-бірімен үйкелген кезде жеңіл заттарды өзіне тартатын қасиетке ие болуын __________ деп атайды.

2.Дененің заттарды өзіне __________ ие болатын құбылыс __________ деп аталады.

3.Бір-біріне үйкелген денелер де __________.

4.Аттас зарядтар __________,әр аттас зарядтар __________.

5. __________деп электрлік өзара әсердің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шаманы айтады.

2 тапсырма: «Ойлан тап» әдісі

Бір шарды газетке,екінші шарды жүн матаға үйкелеп электрлеңдер.Электрленген шарларды қандай да бір қашықтықта ұстаңдар.Бұл шарлардың тартылу себебі неде?









Бағалау критерийі

Дескрипторлар

1.Электр заряды туралы біледі


Денелердің электрленуін анықтайды


2.Электр зарядын тұжырымдай алады

Денелердің үйкеліс арқылы электрленуін анықтап түсіндірме береді





Презентация




578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!