Материалдар / Деңгейлеп оқыту технологиясының элеметтерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Деңгейлеп оқыту технологиясының элеметтерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту жолдарының бірі – сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын арттыру керек деп ойлаймын.Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызығушылықты материалдар, әртүрлі қызықты тартымды есептер,ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласын арттырып, есептерді өздігінен шешуге итермелейді, сонымен қатар логикалық ой-өрісін дамытады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
429
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жұмысымның тақырыбы: Деңгейлеп оқыту технологиясының элеметтерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту.

Мақсаты: Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылыоқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру.

Міндеті:
  • деңгейлік тапсырмалар арқылы өздігінен ізденуге бағыттау;
  • Өзіндік жұмыстар арқылы логикалық ой – өрісін дамыту;
  • Топтық жұмыстар арқылы өзара бірлесіп жұмыс істеуге бағыттау.


Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту жолдарының бірі – сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын арттыру керек деп ойлаймын.Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызығушылықты материалдар, әртүрлі қызықты тартымды есептер,ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласын арттырып, есептерді өздігінен шешуге итермелейді, сонымен қатар логикалық ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер мен математикалық ойындар әсіресе бесінші, алтыншы сыныптар үшін пайдалы. Мен өз сабағымда Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының элементтерін пайдаланып, әр оқушының қабілетіне қарай жұмыс жүргіземін. 

Деңгейлік оқыту – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.Деңгейлеп оқытудың мақсаты — әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі оқушының ойлауын, елестеуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде оқушыларды табиғи қабілеттеріне, қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейіне көтерілуіне және дарындық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен – өзі салыстыру арқылы анықталады. Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, олардың психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді меңгеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданамын. Көбінесе сабақтың мазмұнына, сабақ өткізудегі әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауға, сабақтың нәтижелігіне көңіл аударамын. Әр баланың мүмкіндік деңгейін ескере отырып есептерді шығаруда мотивациясы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жасаймын. Бұл әдіс арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, әр оқушының интеллектуалдың даралығын анықтауға болады. Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, саналы білім алуы сияқты жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын. Бұл әдістің тиімділігі:
  • сыныптағы барлық оқушы бірдей жұмыс жасайды;
  • бос отырытын оқушы болмайды;
  • есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгереді;
  • әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруды үйренеді;
  • оқушы өз қабілетіне, болашағына сенуге дағдыландырады; 
  • оқушы өз білімін өзі бағалай білуіне дағдыланады; 
Деңгейлік тапсырмалар арқылы жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылап оқушының ойлау қабілетін, білім сапасын сабаққа деген белсенділігін арттыруға болады. Сабақ барысында оқушы нашар баға аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады. Сонымен бірге оқушы толық үлгеріп, өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақты болуға талпынып, жауапкершілігі артады.Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылады. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалан отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей, үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалануға тырысамын. Әр сабағымды қызықты, құштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбітіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа технология элементтерін қолдана отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының көптеген тиімді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін пайдаланамын.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!