Материалдар / Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2018
4237
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.  Дамытушылық:  Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Тәрбиелеу:  Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, ойнау әдісі, Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, қанатты сөздер Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,назарларын сабаққа аудару. Қ.Р.Гимн орындату. ІІ.Негізгі бөлімКіріспеКез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағанысыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. Адамға денсаулықтан не бар қымбат,Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,Үшеуімен бақытты  болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтер!Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен денсаулық жайлы мақал-мәтелдерге тоқталайық * Денсаулық - зор байлық. * Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады. * Жан ауырса, тән азады. * Тәні саудың – жаны сау. * Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі. * Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. * Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.

Жағдаят талдау. Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты.Онда барғаныңда  үлкен жиынның үстінен түстің.Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге,шылым шегуге шақырады.Досың да солар жағында.Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқмапсың. Осы жағдайда сен не істер едің,қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?Өз шешіміңмен бөліс.5 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді.Барлық  сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті.Сіз онымен дос та болып алдыңыз.Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз. Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз  қандай?адал ұл боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!

Дәйексөз. /Дәптермен жұмыс./Сау дене, азат ақыл, адам көңіл, Үшеуімен бақытты  болады өмір,-Сергіту сәті.Қане, сапты түзейік,Тіземізді бүгейік.Көбелекше ұшамыз,Отырамыз, тұрамыз,Сергітуге мың алғыс!

«Мың бір хадистен»
  • денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
  • Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
  • Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
Ойын. «Сөзтудырым»Денсаулық – сау, ау, ақ, су, лақ, қу, ну, ас, қал, саулық, қас, т.б«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 

Д…. і (дәрі)К..н    …р…іб…. (күн тәртібі)….ны…..у (шынығу)с….ау……т (салауат)Д…не     ш….ық….ру (дене шынықтыру)тұ……у (тұмау)д… ау…. қ (денсаулық) Д….р…..ер   (дәрігер)вта..н (витамин)Қорытынды:Сонымен оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға тырыстыңдар?«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазағымыз. Екі кісі кездесе қалса да алғашқы сұхбат осы амандық, саулық болмақ. Ендеше сағат бойы талқыға салынған арақ, темекі, нашақорлықтан жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!  Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па,әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайдыені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтын кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ » деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!