Материалдар / Дипломмен ауылға
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дипломмен ауылға

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге диплом алған соң ауылға жұмыс істеу мүмкінжіктері жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2018
536
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дипломмен - ауылға!Дипломмен - ауылға! - жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік.Себебі, бұл бағдарламаның басты мақсаты – ауыл - аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.Бұл жоба елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған.2008 ж 24 желтоқсандағы ҚР- ның «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеуметтік салалардың қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң одан әрі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді. «Дипломмен – ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.Республика Президенті Н.Назарбаевтың:«Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек.Өйткені, елді дағдарыс жағдайында бізді асырайтын — ауыл, ауылда жұмыс болу үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» - деген сөзіне сүйене отыра «Дипломмен – ауылға» жобасы – жаңа ғана диплом алған оқу орындарының түлектеріне, бес жылдан кем емес мерзімге өмір сүру және жұмыс істеу үшін ауылға келген еңбек өтілімі мамандарға үлкен мүмкіндіктер береді.Яғни,үкімет қабылдаған бұл бағдарлама бойынша жас мамандар ауылға жұмысқа тұрса, көтерме ақымен үй сатып алуға несие алады.Негізгі шарт – жұмыс орнында үзбей бес жыл тұрақтауы тиіс.Ауыл мәселесі қашанда сахнадан түспейтін тақырыптардың бірі.Ауыл адалдық пен адамдықтың қапймағы бұзылмаған жер.Баласын қалаға жіберіп,екі көзі төрт болған ананың омырауына үміт отын жаққан «Дипломмен – ауылға» жобасы талай жалындаған жас мамандардың талабын жаңғыртады.Бітірген оқуын білетін өз ауылында ақтап, білікті маман болса нұр үстіне нұр емеспе.Елбасымыздың өткізген «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты форумының осылай аталуы да бекер емес.Қорыта айтқанда, жастардың ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас,кім біледі,ертең билік басында отыратын басшы болатын шығар.... Ол қабылданған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек. «Көзімен көріп, қолымен ұстап білген» маманды ғана тәжірибелі маман деп атауға болады. Ендеше «Дипломмен ауылға» жобасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!