Материалдар / Дөңгелек үстел «Депортация жылдары тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні» 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дөңгелек үстел «Депортация жылдары тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні» 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар туралы мәліметтер келтірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
497
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дінмұхамед Қонаев атындағы №122 жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Депортация жылдары тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні»





Тарих пәні мұғалімі: Карикбаев Бакдаулет.

















2017-2018оқу жылыКүні: 1.03.2018ж Сынып: 10«Ә»

Тақырыбы: «Депортация жылдары тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні»Мақсаты: Қазақстанға күштеп көшірілген  халықтар  туралы  түсінік беру оның  себеп салдарын  талдау, елімізге соғыс  кезінде  күштеп  көшірілген  басқа ұлт  өкілдерін  қазақ халқының жанашырлықпен  жылы қабылдап, көп көмек бергенін  және бүгінгі күні көп ұлтты  елімізде халықтар достығының  тереңдігін  мемлекетіміздің  беріктігінің  нығаюындағы  ролін  көрсету. Мәңгілік ел туралы  білімдерін  тереңдету. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер, діни кітаптар.Түрі: дөңгелек үстел, пікір алмасу.Дөңгелек үстелдің барысы:Кіріспе сөз: 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы»Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады:Алғыс айту күні — 1 наурыз.Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты боладыҰлы Отан соғысынан кейін елде орын алған қиын қыстау кезеңінде өздері де аш-жалаңаш күй кешіп отырған қазақ халқы 5 млн астам көшірілген өзге ұлт өкілдерін ұлтына, дініне қарамастан қарсы алып, бір үзім нанын бөліп жеген болатын. Көктемнің алғашқы күнін осындай мейірімді мерекемен, Алғыс айтумен бастау дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болар еді. Видео ролик: «Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударылған халықтар»

Мұғалім сөзі: Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.  1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды: этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»). Әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.  Оқушылармен термин сөздерді талдау:1. Депортатция2. Толерантылық3. ЗайырлылықҚазақстан Республиксының Канстетуциясы.Бүгінгі дөңгелек үстөлде талқыланатын сұрақтар:
  • Халықтарды күштеп  депортациялау неліктен  жүзеге  асырылды және соғыс жылдарында қоныс аударылған ұлттар?
  • Депортацияланған халықтардың  сол кездегі  жағдайы  қандай  болды және депортацияға ұшырағандарға қазақ халқының көмегі.
  • Қазақ халқының  бойындағы  мейірімділік, төзімділік, қонақжайлық  қасиеттердің  қазіргі  күндегі  көрінісі  қандай?


Видео ролик: «1-нарыз Алғыс айту күні»Ситуациялық тапсырма: 1. 1- наурыз күнгі сенің іс-әркетің мен айтатын сөзің? 2. Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?Қорытынды:«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр»Нұрсұлтан Назарбаев

Кері байланыс. Оқушыларға стикер тарқатыладыОйды аяқта:1. Бүгін мен білдім.....2. Қиындық тудырды......3. Мен үйрендім.....4. Колымнан келді...













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!