Материалдар / "Доп" ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Доп" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету; қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішінді жасауды дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
1038
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «доп»

Мақсаты:    Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету; қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішінді жасауды дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: домалақ

Билингвальды компонент: доп мяч.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Кім епті?» ойынын ұйымдастырады.


Тәрбиеші ортада тұрып, балаларға допты кезек кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.

Билингвальды компонент: доп мяч.

 Балалар допты қолдарымен қағып алып, қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Тәрбиешінің соңынан «доп мяч» сөзін қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

Сөздік жұмыс: домалақ

Доптың пішіні қандай?

Доптың түсі қандай?

Доп қатты ма жұмсақ па?

Доп жеңіл ме ауыр ма?

Доп бізге не үшін керек?

Топта доптың көп болғаның қалайсыңдар ма? Ендеше, өзіміз доп жасап алайық.

Саусақ жаттығулары.

Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.

Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды таңдап аламыз

Ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз;

Басқа түсті ермексазбен әшекелейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Тәрбиеші қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекейлеуге көмектеседі.

Сергіту сәті.

Добым менің, добым менің

Добым неткен көңілді едің

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Менен қашып құтылмайсың.

Ш. Смаханұлы.

Жұмбақ

Ұрсаң қатты зырлайды

Жерге қарғып тұрмайды

Тиәп кетсе басыңа

Ешбір зиян болмайды.

(доп)




Домалақ

Қызыл, сары.

Жұмсақ

Жеңіл

Ойнау үшін

Иә

Екі қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, домалақ пішінді үлкен допты көрсетеді. Бір қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, кішкентай допты бейнелейді.


Педагогтің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.


Балалар ермексаздан допты мұсіндейді.


Өлең жолдарын бәрі бірге қосылып, қимыл қозғалыстар жасайды.

Жұмбақты шешуге тырысады.

Жауабы: доп.



Рефлексиялық-түзетушілік

 Бірнеше сұрақтар қойып пысықтайды.

Балалар, бүгін не жасадық?

Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып, осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.

Балаларды мадақтайды.


 Доп жасадық.

Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған допты басқа түсті ермексазбен безендіріп;

Игереді: доптың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)

Меңгереді: ермексаздан алақан арасына салып домалақтау білімін.































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «мандариндер мен апельсиндер»

Мақсаты:    апельсиндер мен мандариннің айырмашылығын ажырата білуге үйрету; үлкен және кішкентай домалақ заттарды жасауды дамыту,эстетикалық талғамды сақтап, жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, апельсиннің мандариннің суреттері, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: цитрус, апельсин, мандарин.

Билингвальды компонент: үлкен большой, кішкентай маленький


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші апельсиннің суреттерін көрсетеді. Сондай ақ муляждарымен немесе жемісімен таныстырады. Олардың цитрустық жемістер екенін, оларда «С» дәрумені көп екендігін айтады.

 Балалар көрнекілерді қарайды. Апельсинн, мандарин жемістерімен танысады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға апельсин, мандарин туралы бірнеше сұрақ қойылады.

Апельсиннің көлемі қандай?

Мандариннің көлемі қандай?

Билингвальды компонент: үлкен большой, кішкентай малеький.


Түстері қандай?

Апельсин мен мандариннің қабығы алманыкі сияқты жылтыр ма?

Ұстағанда қайсысы жұмсақ, қайсысы қатты?

Иісі қандай? Иіскеп көрейікші.

Кәне, балалар, өз қуыршақтарымызға, апельсин, мандарин жасап берсек қайтеді?


Сергіту сәті.

Алақай ау, алақай,

Ән шырқайық, балақай.

Қызырғанша алақан

Қол соғайық балақан.

А. Асылхан

Жұмыстаң орындалу тәсілін көрсетіп, тұсіндіру:

Қызғылт сары түсті ермексазды бірін үлкен, бірін кіші етіп бөлікке бөлу;

Алапқанға салып, домалақтар жасау;

Апельсин үлкен домалақ, мандарин кішкентай домалақ;

Салыстыру, қайсысы апельсин, қайсысы мандарин?

Неге олай ойлайтындарын сұрау.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға ермексаздан апельсин, мандарин мүсіндеуге уақыт беру.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек беру.

Сұрақтарға жауап береді.

Үлкен

Кішкентай

Үлкен большой, кішкентай маленький сөздерін қайталайды.

Қызғылт сары.

Жоқ, кедір бұдыр.


Мандарин жұмсақтау, ал апельсин қатты.

Хош иісті, керемет.


Балалар келіседі.


Балалар өлең жолдарын айта отырып, жаттығулар жасайды.


Жұмыстарын орындау тәсілін мұқият тыңдайды.

Үлестірмелі материалдағы суретті қарастырады.



Балалар қызғылт сары түсті ермексазды таңдап алып, мандаринді және апельсинді мүсіндейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін және не үшін беретінін сұрау.

Балалардың жұмысын бағалау, рақмет айту.

 Балалар жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін, не үшін таңдағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексазды домалақ пішінді апельсин мен мандарин бейнесіне келтіреді;

Игереді: апельсин мен мандариннің пайдасын және цитрустық жеміс екендігін;

Меңгереді: үлкен, кішкентай домалақтар жасау білімін.






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «қояндарға арналған сәбіздер»

Мақсатықоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру.

Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету, сондай ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту.

Жануарларға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі, қояндардың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: көкөніс.

Билингвальды компонент: сәбіз марковь, қоян заяц.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Қояндардың суретін көрнекі құрал етіп алу.


Қоян қандай аң?


Қояндар не жейді?

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!