×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

ҰБТ-ға дайындық тест кітаптарын сатып, айына 300-400 мың тенге табыс тапқысы келетін белсенді серіктестер іздейміз. Дәл қазір хабрласыңыз: 8776-125-3030
Сайт бойынша сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы және ондағы өзгерістер

Автор:Алжанова Гульмира Батыровна
Бағыты: География
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 10 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-06-11

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Сабақ жоспары

Пән:География

Сынып:10а,ә

Күні:7.11.2018

Сабақтың тақырыбы:

Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы және ондағы өзгерістер

Жалпы мақсаты

Саяси картаның мазмұны,саяси картаның қалыптасу кезеңдері туралы таныстыру.

Оқушылардың сабаққа қызықтырып,өз бетінше жұмыс істеуге баулу,ой өрісін дамыту,сөздік қорын молайту.

Критерийлер

1.Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды білу.

2.Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасуына негіз болған оқиғалармен танысады.

3.Соңғы жылдары еліміздің саяси картасындағы орнына қатысты өзгерістермен танысады.

Күтілетін нәтижелер

Қалай ойшыл оқушы болатынын білу.

Сабаққа белсенді болу керек.

Сабақ түрі

Аралас

Тапсырмалар

5 мин.Өткен сабақ тақырыбына шолу.үй тапсырмасы тексеріледі,ой қозғау,топтастыру,кестемен жұмыс,картамен жұмыс

Керекті жабдықтар

Карта.Кескін карта.Оқулық.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру.2 мин.Оқушыларды түгелдеп,сабаққа қатысуын қадағалау.

Сабаққа дайындалады.

Үй тапсырмасын тексеру.

10 мин

Сұрақ-жауап арқылы

1.Географиялық қабық дегеніміз не?

2.Оның қандай құрамдас бөліктері болады?

3.Географиялық қабыққа тән қандай басты заңдылықтарды білесіңдер?

4.Ландшафт дегеніміз не?Олардың қандай түрлерімен таныстыңдар?

5.Суық белдеулерге тән зоналарды атаңдар,олардың тіршілік дүниесі сол жердің климат жағдайына қалай бейімделеді?

6.Саванна зонасы қандай белдеуде орналасады?

Қандай материктерде кездеседі?

7.Қоңыржай белдеуде қандай табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі?

8.Ендік зоналық пен биіктік белдеуліктің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?


Сұрақтарға жауап береді.

Карта бойынша айтады.

Жаңа сабақ

2 мин.



















10 мин.








«Ой қозғау»

Саяси картада не бейнеленеді?


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы д.ж. саяси картасының қалыптасу кезеңдерін түсіндіру.


Д.ж. саяси картасы







3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы д.ж. елдерінің тәуелсіздігін алуын түсіндіру.

Тәуелсіздігін алған жылы

Елдер

ХХ ғ/ң басы

Тәуелсіз 55 ел болған

ІІ-ші д.ж. соғыстан кейін

Тәуелсіз 81 ел болды

1950 ж/дың соңында

Тәуелсіз 92 ел болды

1960 жыл «Африка жылы»

17 ел тәуелсіздік алды

1990 жыл

Тәуелсіз 171 ел болды

1991 жылы

КСРО ыдырап 15 тәуелсіз ел қосылды

1990 жылдар

Югославия бірнеше елдерге ыдырады

1993 жылы

Чехия, Словакия, Эритрея, Палау, Шығыс Тимор елдері п.б.

Қазір

230-дан астам елдер мен иеліктер бар


4. Тірек-сызбамен жұмыс.

Оқулықтың 78-бетіндегі, 5-сызбанұсқа арқылы саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды түсіндіру

Оқушылар өткенді есіне түсіру арқылы ауызша жауап береді.




Дәптерге кестені түсіреді.

Ежелгі кезең

(б.з.V ғ.дейін)

Ортағасырлық кезең

(V- ХV ғ.ғ.)

Жаңа кезең

(ХV ғ.соңы-ХХғ. басы)

Қазіргі кезең(ХХІ ғ.)





Дәптерге кестені түсіреді.


















Картамен жұмыс

Картадан Эквадор,Колумбия,Венесуэла,Парагвай,Аргентина,

Индонезия,Вьетнам,Филиппин,Үндістан,

Шри-Ланка,Камбоджа,Пәкістан,Бангладеш,

Сингапур,Кувейт,Хорватия,Словения,Македония,Босния,

Герцоговина,Югославия


Картадан оқушылар табады.

Бағалау

Жауаптарына қарай бағалау

Күнделіктеріне бағаларын қою

Үйге тапсырма.

Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы және ондағы өзгерістер

Соңғы жылдары еліміздің саяси картасындағы орнына қатысты қандай өзгерістерді анықтау






50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: