Материалдар / Дүниетану пәні, ҚМЖ 1 сынып "Тазалық - денсаулық кепілі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дүниетану пәні, ҚМЖ 1 сынып "Тазалық - денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәні бойынша жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспары.1 сынып оқытушыларына арналған көмек материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
516
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Дүниетану Мектеп:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам.


Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тазалық - денсаулық кепілі.

Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1. Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Жеке бас гигиенасының ұғымын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

Жеке бас гигиена ережесін құрастырады.

Кейбір оқушылар:

Жеке бас гигиенасының маңыздылығын әңгімелейді.

Бағалау критерийлері:

1.Жеке бас гигиенасының құралдарын атайды;

2.Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін анықтайды;

3.Гигиена сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелейді;

Тілдік мақсаттар:


Пәнге тән лексика мен терминология:

Гигиена- денсаулық кепілі.

Тазалық-чистота- purity

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Дене мүшелерін қалай таза сақтауға болады?

  • Не үшін дене мүшелерін таза ұстау керек?


Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық- топтық, жұптық жұмыс барысында жағымды атмосфера құру.

Еңбек пен шығармашылық- гигиена құралдарын жасау тапсырмасында.

Пәнаралық байланыс:

Математика- жұмбақ шешкен кезде қоржыннан шыққан заттарды санайды, тағы екі затты қосады, барлығы неше болғанын анықтайды.

Сауат ашу- мақалды толықтырып жазады.

Көркем еңбек- гигиена құралдарын бояйды, қолдан жасайды.

АКТ қолдану дағдылары:

https://youtu.be/THV9EpQevGY

интербелсенді тақтадағы суреттер

Бастапқы білім:

Дене мүшелерін біледі.

Дене мүшелерін таза ұстау керектігін біледі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы:

0-5 минут





















Психологиялық ахуал:

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз,

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

(Ұ) Болжау әдісі: «Қоржында не бар?» ойыны

Жұмбақтар шешу:

Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.

Басыңмен ісі бар. Бұл не? (тарақ)

Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (сабын)

Белінен қыссаң,

Аузынан ақ уыз шығады. Бұл не? (Тіс пастасы)

-Қоржыннан неше зат шықты?

-Оған мен сусабын мен тіс щеткасын қоссам неше зат болады?

-Осы заттар не үшін керек?

-Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

- Балалар, бүгін біз жеке бас гигиенасы, тазалық сақтау туралы білетін боламыз, осы сөздерге байланысты тапсырмаларды орындаймыз.

Тазалық-чистота- purity


Қоржын және қоржындағы заттар: тарақ, сабын, тіс пастасы, сусабын, тіс щёткасы














Сабақтың ортасы


5-35 минут


  1. (Ұ) «Кім жылдам?» ойыны . БК 1, БК 2

Сұрақтарға жауап береді, жауап береді, жауаптар талқыға салынады.

-Денсаулық кепіліне не жатады?

- Дене мүшелерін қалай сақтауға болады?

- Жеке бас гигиенасын сақтауға арналған қандай құралдарды білесіңдер?

- Жеке бас тазалығы дененің сымбатты болуына ықпал ете ме?

- Жеке бас гигиенасының ережелерін білесіңдер ме?

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді.

-Жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.

(ҚБ): «Қошемет» әдісі – қызығушылығын ояту мақсатында жүргізіледі.

2. (Ж) «Stop- кадр» әдісі. БК 3

Кадрды 0.45 секундта тоқтату.

Бейнежазбаны жалғастырып көрсету.


-Мысықтың сұрағына қалай жауап берер едің?

-Мысыққа қандай кеңес берер едің?

- Өз пікіріңді бейнежазбаның жалғасымен салыст.

Дескриптор:

-Мысықтың сұрағына жауап береді.

-Мысыққа кеңес береді.

-Өз пікірін бейнежазбаның жалғасымен салыстырады.


(ҚБ) Өзара бағалау тәсілі «Көршіңе бір пікір білдір»- көршісінің тапсырманы орындау деңгейін пікір білдіру мақсатында жүргізіледі.


3. (ТЖ) «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі БК1

1- топ жеке бас гигиенасына арналған 2-3 құралдарды жасап, атын ата. Досыңа сыйға тарт.

Дескриптор:

-Жеке бас гигиенасына арналған 2-3 құрал жасайды

-Жеке бас гигиена құралдарын атайды.

(ҚБ) «Бір сөзбен» әдісі- жұмысын қалай жақсарту мақсатында жүргізіледі.


2-топ «Құрастыру» БК3

Интербелсенді тақтадағы суреттерге (шаш, қол, тіс, тырнақ ) қарап гигиена ережелерін құрастыр және маңыздылығы туралы әңгімеле.

Дескриптор:

- Шаш күтімі ережесін құрастырады, маңыздылығы жайлы әңгімелейді.

- Қол жуу ережесін құрастырады, маңыздылығы жайлы әңгімелейді.

- Тіс тазалау ережесін құрастырады, маңыздылығы жайлы әңгімелейді.

- Тырнақ алу ережесін құрастырады, маңыздылығы жайлы әңгімелейді..

ҚБ: «От шашу» әдісі - өзін-өзі реттеу мақсатында жүргізіледі.


3-топ «Мен зерттеушімін»  БК1 БК2

Тапсырма: Тіс тазалауды тәжірибеде көрсет, ережелерін құрастыр.

Дескриптор:

- Тіс щеткасы мен пастасын таныстырады, сипаттайды.

- Тіс тазалауды тәжірибеде орындайды.

- Тіс күтіміне байланысты ережесін айтады


ҚБ: Жұптық бағалау «Бас бармақ» әдісі – жетістікке жетелеу мақсатында жүргізіледі.


Ширату жаттығулары:

Ақ қояным тұршы, Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы

Сөмкеңді алшы, Мектепке баршы

Орныңа отыршы, Сабағыңды оқышы.


Тапсырма бойынша саралау:

(Ө) Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:БК1

Жеке бас гигиенасына қажет заттарды тап, суретін боя.

Дескриптор:

  • Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды табады.

  • Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды бояйды.

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі ынталандыру мақсатында жүргіземін.

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар: БК3 Мақал-мәтелдегі қажетті сөздерді тап, өз ережеңді құрастыр.

  1. ... - денсаулық кепілі. (Тазалық)

  2. Денсаулық - .... байлық. (зор)

Дескриптор:

- Мақал-мәтелдердегі қажетті сөздерді табады.

- Гигиена ережелерін құрастырады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі – ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

Аз қолдауды қажет ететін оқушылар: БК 3

Сабын қорабының жаңа үлгісін жаса және жарнамала.

Дескриптор:

- Сабын қорабының жаңа үлгісін ойлап табады.

- Сабынды жарнамалайды.

ҚБ: «Смайлик» әдісі- қай деңгейде екенін анықтау мақсатында жүргізіледі.

















Ол кім? Бұл не?- «Балапан» бағдарламасының сілтемесі

https://youtu.be/THV9EpQevGY Жеке бас гигиенасы





Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, ермексаз, қорапшалар


Интербелсенді тақтадағы

суреттер











Тіс пастасы, тіс щёткасы, стакан














Дәптермен жұмыс







578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!