Материалдар / Дүниетанудан қмж 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дүниетанудан қмж 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
456
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Көрнекті тұлғалар»


Мерзімі: 3-тоқсан

Сынып: 3



Мұғалім Бірлескенқызы Мунира



Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азаттық үшін күрескендер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.2 Шығармашылықпен қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресушілердің рөлін тарихи мысалдармен көрсету.


Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілермен танысады;

- Қазақстанның тәуелсіздігін алудағы күресушілердің рөлін түсінеді.

Бағалау критерийлері

- Қазақстанның Ресейге қосылуының негізгі себептерін анықтайды;

- Ресейге қосылудың жағымды жағын көрсететін 2 мысал келтіреді;

- "Көтеріліс" және "Тәуелсіздік" ұғымдарының мағынасын түсіндіреді;

- Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілердің рөлін шығармашылықпен таныстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Қазақстанның Ресейге қосылуының оң жақтарын дәлелдеу.

Терминология:

  • көтеріліс

  • тәуелсіздік

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Еркіндік пен тәуелсіздік деген не?

- Неге тәуелсіз мемлекет болу маңызды?

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту қазақ халқының көрнекті тұлғаларымен: қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресушілермен танысу арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: синквейн шығару, эссе жазу.

Көркем еңбек: "тәуелсіздік үшін күрескер" суретін салады.

Әдебиеттік оқу: тарихи мәтінді оқу, терминологиямен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған. «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған. Қазақ хандар мен билердің рөлін түсіндіре алады. .

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-4


















5-6


  1. «Болжа» тапсырмасы (жұппен)

Оқушыларға Қазақстанның түрлі қалаларында орнатылған ескерткіштердің фотосуреттері көрсетіледі. Оқушылар кімнің құрметіне және неге қойылғаны туралы болжап айтады.



Сабақ мақсаттарына жетелеңіз.


  1. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілермен танысады;

- Қазақстанның тәуелсіздігін алудағы күресушілердің рөлін түсінеді.




Ескерткіштер суреті

(дидактикалық материалға қараңыз)


Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз













Слайд №3

Сабақ ортасы

7-11















12-19






















20-25


















26-36





  1. Тақырыпқа кіріспе «Қазақстанның Ресейге қосылуы» (ұжымда)

- Оқушыларға видеоүзіндіні көрсетіңіз.

- Оқулықтағы мәтінді жеке оқып шығып зерттеулерін сұраңыз.

- Бейнематериал мен мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, әрбір оқушыға Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін анықтауды ұсыныңыз.

- Мүмкін жауаптарды талқылаңыз.


Бағалау критерийлері:

- Қазақстанның Ресейге қосылуының негізгі себептерін анықтайды;



  1. «Дәлелдеуді үйрен» тапсырмасы (топта)

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әрбір топқа Қазақстанның Ресейге қосылу себептері туралы мәтін беріледі.


Тапсырма:

- Мәтінді жеке оқу.

- Топта талқылау.

- Қазақстанның Ресейге қосылуының оң жақтарын табу;

- 2 мысал келтіру;

- Параққа мысалдар жазып, пікір алу үшін басқа топқа жіберу;

Ең көп жағымды пікір алған топ жеңімпаз деп танылады.


Бағалау критерийлері:

  • Ресейге қосылудың жағымды жағын көрсететін екі мысал келтіреді;

  1. «Анықтама құра» тапсырмасы (жұпта)


Оқушылар жұпта "көтеріліс" және "тәуелсіздік" ұғымдарына анықтама береді. Содан кейін бірге талқылайды және жұп жалпы анықтама шығарады. Мұғалім бірнеше анықтамаларды айтқызып, талқылайды.


Мұғалім жаңа ұғымдарды енгізеді:

Көтеріліс-бұл үкімет билігіне қарсы жаппай ұйымдастырылған шара.

Тәуелсіздік-бұл бағыныштылықтың болмауы, мемлекеттің дербестігі.


Бағалау критерийлері:

-"Көтеріліс" және "Тәуелсіздік" ұғымдарының мағынасын түсіндіреді.



  1. Шығармашылық тапсырма (топта)


Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар таратылады :

1 топ Тәуелсіздік үшін көтеріліс жетекшілерінің біріне синквейн шығару.

Ресурстар: Сырым Датов туралы ақпарат.

2 топ "Еркіндік ел мұраты» тақырыбында эссе жазу.

Ресурстар: Исатай Тайманов туралы ақпарат.

3 топ «Тәуелсіздік үшін күрескер» тақырыбында сурет салу.

Ресурстар: Махамбет Өтемісұлы туралы ақпарат.

4 топ «Қазақ халқының Тәуелсіздік үшін күресі» тақырыбына презентация (көрсетілім)жаса.

Ресурстар: Кенесары Қасымұлы туралы ақпарат.


Жұмыстар топта орындалады және ұжымға таныстырылады.


Бағалау критерийлері:

- Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілердің рөлін шығармашылықпен таныстырады.



Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=aRIyCqptlao


(2.24)



Таратпа мәтін


Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз






Таратпа мәтін

Ақ парақтар, маркерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)




















Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз













Сурет салу құралдары, парақтар

Ноутбуктер, ғаламтор

Синквейн үлгісі

Бағалауға арналған шаблон

(дидактикалық материалға қараңыз)



Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз


Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

Оқушылар 3 сұраққа жауап береді, өзін-өзі бағалайды және ұжымда талқылайды


Таратпа мәтін

Түрлі түсті бауырсақтар (смайлики)

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға интернеттен Қазақстанның тәуелсіздігі үшін басқа күресушілер туралы ақпарат табуды ұсыныңыз. Екі тілдегі сенімді интернет ресурсын ұсыныңыз: www.tarih-begalinka. Оқуда кедергісі бар оқушыларға "көтеріліс" және "тәуелсіздік" ұғымдарымен сөйлем құрауды тапсырыңыз.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Қалыптастырушы бағалау нұсқасы ретінде қағаз бетіне 3 сұраққа жауап беруді ұсыныңыз:

1. ХІХ ғасырдағы Қазақстан тәуелсіздігі үшін күресушілердің есімдерін жаз.

2. Олардың еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы рөлі қандай?

3. Өз еліңнің тәуелсіздігін сақтау үшін не істей аласың?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!