Материалдар / Дыбыс.Дыбыстың қаттылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дыбыс.Дыбыстың қаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2019
1888
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тербелістер және толқындар

Алманова Гулсим Аманкуловна

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспаған оқушылар саны

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Жаңғырық. Ультрадыбыс.


Оқу мақсаттары:

9.2.5.15 -дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 -дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 - резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

9.2.5.18 -жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;

9.2.5.19 -табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлығы:

-дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атайды;

-дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіре алады;

- резонанстың пайда болу шарттарын атап және оның қолданылуына мысалдар келтіре алады;

-жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттайды;

-ультрадыбыс пен инфрадыбысқа сипаттама бере алады

Басым бөлігі: дыбыстың пайда болуына, дыбыс сипаттамаларының мағлұматтарына сүйене отырып қолдана алады

Кейбіреуі: резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіреді

Бағалау критерийлері:

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

-дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атайды;

-дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіре алады;

- резонанстың пайда болу шарттарын атап және оның қолданылуына мысалдар келтіре алады;

-жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттайды;

-табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіреді

Пәнаралық байланыс:

Математика, музыка, жаратылыстану

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Дыбыс толқындары, акустика, тембр, шу, резонанс, жаңғырық, камертон, дыбыстың қаттылығы, дыбыстың жоғарылығы

Диалогқа /жазуға қажетті сөздер

Дыбыс толқындары дегеніміз.....

Ультрадыбыстар ..., инфрадыбыстар....,музыкалық дыбыстар....,адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы....

Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы...

Қандайда бір кедергіден шағылған және бастапқыда таралған орнына қайтып оралған дыбыс толқындары....

Құндылықтарға баулу

«Мәнгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының Жалпыға бірдей еңбек құндылығымен баулу

Бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы ынтымақтастық құндылығын дамыту. Еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, іздену,өз пікірін айта алу, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асыру.

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Физикалық диктант

1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.

2.Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.

3.Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын

4.Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.

5.Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.

6.Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.

7.Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.

8.

Бағалау критерийлері:

ережелерді біледі

Қайталауды қажет етеді

ІІ топ «Дыбыс»

Таңертең ерте тұрып, табиғат дыбыстарына құлақ сал.

ІІ топ

«Ультрадыбыс»

1. Жануарлар дыбысының әртүрлі естілуіне зер салып, түсінуге тырыс.

ІІІ топ

«Резонанс»

1. Құлағыңды сақтаймын десең, плеерді құлағыңа тақпа.

ІҮ топ

«Жаңғырық»

1. Жүректен шыққан дыбыс қана жүрекке жететінін есте ұста.




Сабақтың ортасы



30 мин



«Миға шабуыл» 3 мин

Дыбыстар тыңдау: Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дыбысы, судың сәл шылпылы және өнеркәсіп шуы

Видеоролик :

«Джигсо» әдісі 10 мин

І топқа: Дыбыс 1. Таңертең ерте тұрып, табиғат дыбыстарына құлақ сал. 1 тәжірибе Камертон арқылы тәжірибе. Дыбыс қалай пайда болды? Теннис шарымен тәжірибе жасау. Түсіндір.Дыбыс шығаратын дене тербеледі.Ал, тербелетін кез келген дене дыбыс шығара ма?

ІІ топқа: Дыбыстың сипаттамалары Ультрадыбыс

1. Жануарлар дыбысының әртүрлі естілуіне зер салып, түсінуге тырыс. 2-тәжірибе. Линейкамен жасалады. Тербеліске келтіру арқылы дыбыс шығару. Ой түйіндеу.

ІІІтопқа: Акустикалық резонанс.

1. Құлағыңды сақтаймын десең, плеерді құлағыңа тақпа. 3-тәжірибе Сым беріледі. Дыбыс шығару дыбыс белгілі бір жиілікте шығарылады екен.Дыбыс анықтамасы шығарылады.

ІҮ топқа : Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық

1. Жүректен шыққан дыбыс қана жүрекке жететінін есте ұста.

«Ашық микрофон» әдісімен топ баяндамашысы өз жұмыстарын түсіндіреді

Дискрептор: дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атайды;

-дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіре алады;

- резонанстың пайда болу шарттарын атап және оның қолданылуына мысалдар келтіре алады;

-жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттайды;

-табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіреді

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Үш минуттық пауза» мұғалім сабақты қорытып, оқушылардан кері байланыс алады

1.Домбыра мен күйсандықтан бір нота орындату.

Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?

(Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ

тембрі әртүрлі болады. Біз тембріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады.)

2 . Резонанстың пайда болу шарттарын ата және оның қолданылуына мысалдар келтір








3.Табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтір


4.Жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипатта;







Бағалау критерийлері:

1.Резонанстың пайда болу шарттарын атап және оның қолданылуына мысалдар келтіреді

2.Табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіре алады

3. Жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттайды

«Шапалақ»

blob:https://www. https://www.youtube.com/watch?v=a4PUvrMwcMk http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=10948

2. Курстар. Физика. Механика. Толқындар. Әуендегі дыбыстар. http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=11040

3. Видеожинақ. Оқытушы фильмдер.




«Ойлан –жұптас» Жұптық жұмыс 5 мин

Есеп шығару:

1. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.

2. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.

3

Ер адамның ең төменгі дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге, ал әйел адамның ең жоғары даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.

4

Егер су ішінде тарайтын дыбыстың толқын ұзындығы 8,6 м, ал периоды 0,006 с болса, онда оның жылдамдығы қандай?



Критерий

Дискрептор

Тербеліс жиілігі,толқын ұзындығы, қашықтықты табу

1.Есептің берілгенін түсініп жазады

2.ХБЖ-не айналдыра алады

3Шешу формуласын пайдалана алады

4.Жауабын дұрыс табады

«Еркін жазу»5 мин

Жеке жұмыс:
1. Жазық далада жаңғырық шығуы мүмкін бе? 
(Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ) 
2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады? 
(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.) 
3.Неге күндізге қарағанда дауыс түнде қаттырақ шығады? 
(Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. ) 
4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады? 
(Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )
5.Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады? 
( Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.) 
6. Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған. 
(Жауабы: Жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді. Адамдар жерге жатып дыбыстарды тыңдаған. Көптеген әскердің дауысы гуіл болып алысқа естіледі.) 



«Лездеме әдісі» арқылы жаңа сабақтың негізгі сөздерін түсіну (ауызша) оқушыларды оқшауламай бүкіл сыныптың түсінгенін бағалау 3 мин

Дыбыс толқындары дегеніміз.....

Ультрадыбыстар ..., инфрадыбыстар....,музыкалық дыбыстар....,адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы....

Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы...

Қандайда бір кедергіден шағылған және бастапқыда таралған орнына қайтып оралған дыбыс толқындары....

Стикер


Бағалау

2 минут

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс пирамидасы

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?Оған не әсер етті?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Сабақта мен оқушыларымды ынталандыра алдым ба?

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!