Материалдар / Дыбысты қалай естиміз?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дыбысты қалай естиміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2019
1885
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзім жоспары


Пән: Жаратылыстану



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Табиғат физикасы.Жарық,дыбыс,электрлік,магниттілік.

Ортақ тақырып: Су тіршілік көзі.Демалыс мәдениеті.Мерекелер.

Күні:

Сынып: 3- сынып.

Мектеп:№40 Ынтымақ ЖОМ КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Хантураева Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дыбысты қалай естиміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.3.1 - дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру.


Сабақ мақсаттары

Барлығы: Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігін түсіндіреді

Көпшілігі:Дыбыс қаттылығының ара қашықтығын зерттейді.


Кейбірі:Дыбыс қаттылығының қабылдағыш арасындағы қашықтықтың тәуелділігін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері


Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін анықтайды.

.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады :

-дыбыс қаттылығы қабылдағыш пен оның көзі арасындағы қашықтыққа тәуелді екенін түсіндіре алады


Пәнге тән лексика мен терминология:

дыбыс көзі, дыбыс қабылдағыш

-

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Дыбыс қаттылығы неге тәуелді?

Құндылықтарды дарыту




Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер,слайд

Бастапқы білім

Дыбыс қалай пайда болды?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы:


3 минут.

































Сабақтың ортасы.

5 минут.
































































2 мин











5 мин
































10 мин





















5 мин














































5 мин


























2 мин























6 мин







































Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!- деп сабағымызды бастаймыз


Топқа бөлу.

Оқушыларды топқа бөлу.

Сары жапырақтар тобы :

Жасыл жапырақтар тобы:

Қызыл жапырақтар тобы:


«Жедел жауап»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1Заттар қай кезде дыбыс шығарады?

2.Зат дыбысты қалай шығарады?

3.Дыбысты қаттырақ шығару үшін не істеу керек?

4.Дыбыстар қандай болады?


Дескриптор:

- сұрақтардың желісіне қарай жауап береді

- Дыбыстың таралуын анықтайды.


ҚБ. Мұғалімнің мақтау,мадақтау сөздері.


Ұжымдық жұмыс. Дыбыс қаттылығын өлшеу.

«Кезбе тілші » әдісі

Суретте берілген нысандардың әрқайсысының дыбыс қаттылығы деңгейін біл.Нысандарды дыбыс қаттылығы деңгейінің өсу реті бойынша ата.



Ұшақ гүрілі : 120дб

шаңсорғыш шуылы:70 дб

жапырақ сыбдыры 10дб

метро пойызы 100 дб

Шу.




Айқай 75дц





Адамдардың сөйлесуі 50дц


ҚБ «От шашу» арқылы бір-бірін бағалау.

Дескриптор:

  • нысандардың әрқайсысының дыбыс қаттылығы деңгейін анықтайды.

  • Нысандарды дыбыс қаттылығы деңгейінің өсу реті бойынша атайды

.

Сергіту сәті.

« Қатты-бәсең »ойыны.Ойын ережесін түсіндіру. Қатты –бәсең дыбыстарды балалар ажыратады.Қатты дыбыстарда құлақ жабамыз.Бәсең дыбыста сұқ саусақты ернімізге қоямыз.Кітап беттері парақтау, сағат тықылы, қоңырау үні, балғаның даусы, өтіп бара жатқан машина даусы , ұшақтың гүрілің жанкүйелердің шуы, бұлақтың сылдыры, әтештің айқайы, сылдырмақтың дыбысы, тұяқтың дыбысы, үстелдің қаламмен тықылдатуы, нәрестенің жылауы, ананың әлдиі.


Шу «Галлерияда ой шарлау» әдісі

Қандай жерде қатты дыбыстарды естиміз?Шудан қалай қорғануға болады?





Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.
Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін. 
Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады.


ҚБ:бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Дескриптор:

  • Қатты дыбыстардың зиянды жақтарын анықтайды

  • Қатты дыбыстан қорғану тәсілдерін анықтайды


Зертте. Топтық жұмыс «Зерттеу»әдісі

Дыбыс қаттылығының арақашықтыққа қалай байланысты болатынын анықта.



ҚБ:

Дескриптор:

-Дыбыс қаттылығының арақашықтыққа байланысты екенін анықтайды.

-Дыбыстарды қалай қаттырақ шығаруға болатынын түсіндіреді




«Зерттеу» әдісі . Жеке жұмыс ретінде дыбыстың қаттылығын салыстырады.


- Стақанға суретте көрсетілгендей етіп резеңке кигіз. - Резеңкені домбыраның ішегін шерткендей етіп шертіп көр.Дыбыс қалай естіледі? - Енді стақанды түп жағымен құлағыңа қойып, резеңкені тағы да шертіп көр. - Әр жағдайда шыққан дыбыстың қаттылығын салыстыр








Дыбыстың қатты естілуі неге байланысты? Жасалған тәжірибелерге сүйене отырып, қорытынды жаса.

Дескриптор

Білім алушы: - дыбыстардың қаттылығын салыстыра сипаттайды; - дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы

қашықтыққа тәуелділігі туралы ой қорытады.


Оқулықпен жұмыс.Сен білесің бе?



«Кім тапқыр?»әдісі арқылы ұжымдық жұмыс жүргізіледі.Суреттерді сипаттап айтып,сурет туралы оз ойларын стикерге жазып суреттерге жапсырады.


Дескриптор

-Дыбыс қаттылығын рупордың көмегімен күшейтуге болатынын анықтайды.


Ойлан.«Ойлан-жұптас-бөліс »әдісі арқылы жұмыс жүргізіледі.

Құлаққап қандай жағдайда пайдалы,қай кезде зиян ?

Бүгінде құлаққапты үлкен де, кіші де киеді. Бұл әрине музыка тыңдағанда, шетел тілін үйренгенде өте ыңғайлы. Алайда оның қауіпті әрі зиянды жағы барын да ұмытпаған жөн. Қауіпті жағы көшеде не машина рөлінде келе жатып, естімей қалып жол-көлік апатына ұшырауыңыз немесе біреуді қағып кетуіңіз мүмкін. Зиянды жағы құлаққапты жүйелі түрде кию – құлақтың есту қабілетін төмендетеді, қан қысымын көтереді, бас ауруына шалдықтырады. Құлаққапты ұзақ уақыт киген адам байқампаздық қабілетінен айырылады, ашушаң, күйгелек жанға айналады. Кейінгі заманауи техникалық құралдарда құлаққапты кигенде қатты музыка құлаққа зиян екенін ескерту пайда болады.


Дескриптор:

-Құлаққаптың пайдасы мен зиянын анықтайды

-Дәлелдемелер арқылы түсіндіреді.


578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!