Материалдар / Егеменді елдің болашағы жарқын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Егеменді елдің болашағы жарқын

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен Отаншылдық құндылығын дарыту. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
452
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Егеменді елдің болашағы жарқын

Мақсаты: Білім алушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен Отаншылдық құндылығын дарыту. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: танымдық

Әдісі: ақпарат беру

Көрнекілігі: бейнеролик, слайд

Сабақтың барысы:

Кіріспе.

Құрметті ұстаздар, достар бүгін сіздердің назарларыңызға «Еңселі елім-егемен елім.» атты ауызша журнал өткізгелі отырмыз. Ауызша журнал төрт беттен тұрады.

Бүгінгі журнал 25 - қазан Республика күніне арналады.

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз осы елдің тек перзенті емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы болуға тиіспіз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше біздер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіспіз. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары, көк байрағымызды көкке желбірететін әлем чемпионы болайық дегім келеді.

Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сіздер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сіздерді Ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

ӘНҰРАН

1. Журналдың бірінші беті: Қайта оралды қазағыма Республика күні...деп аталады

1.Ұлытауда өткен құрылтайдың алғашқы отырысынан үзінді.(бейнеролик)

2.Қайта оралды қазағыма Республика күні. (баяндау)

Кез келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады, басқа мерекелерден айрықша қастерлейді. Қазақстан биыл алғаш рет «25 қазан Ұлттық мереке» ретінде атап өтпек. Ол мейрам «Республика күні» деп аталады. Қазақстан бұл мерекеден 2009 жылы бас тартқан болатын.

Міне, 13 жылдан соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтарып, оған жаңа маңыз бен мазмұн берді. Ол осы бастамасын 2022 жылғы 16 маусымда , Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайдың тұңғыш отырысында жариялады.

Мәжіліс депутаттары 2022 жылғы 7-қыркүйектегі отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заңды Парламент толық қабылдап, Президент қол қойған соң , 2022 жылғы 29 қыркүйекте күшіне енді. Құжатты мәжілісте талқылау барысында депутаттар мен Үкімет Республика күнін қалпына келтірумен шектелмей, мемлекеттік және Ұлттық мерекелердің тізімін қайта қарады. Нәтижесінде, Президент бастамасы аясында біріншіден, 25 қазан – Республика күні Ұлттық мереке статусына ие болды.Бұл ең жоғарғы мәртебе, өйткені 2009 жылға дейін ол мемлекеттік мереке ғана болған. Тиісінше, осы күн енді Тәуелсіздік күні ретінде тойланбақ.

Екіншіден, 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні болып қалды, яғни атауы сақталады, бірақ мәні мен мәртебесі өзгерді. Ол қазіргі Ұлттық мереке мәртебесін жоғалтып, мемлекеттік мереке санатына ауысты. Сонымен бірге бұл күні желтоқсаншыларды және азаттық жолында басын құрбан еткен басқа да батырларды еске алу шаралары ұйымдастырылады. Себебі, Президент Ұлттық құрылтайдағы сөзінде «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керегін »,ал «Тәуелсіздік күні тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілетінін» қадап айтты.

Осылайша, Қазақстанда жалғыз ғана Ұлттық мереке болады:ол-Республика күні. «ҚР мерекелер туралы» заңына сәйкес, бүгінде мемлекеттік мерекелерге:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз- Конституция күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні жатады.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

2.Журналымыздың келесі бетін ашайық. Ол «Еліміздің нышандары» деп аталады.

Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дала рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі.

Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.

Сұрақ: Қазақстан Республикасының нышандарының қабылданған күні,айы,жылы?

(1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған.)

Мемлекеттік туының авторы кім?

(Суретші - Шәкен Ниязбеков)

Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.

Сұрақ: Елтаңбамыздың авторы кім?

(Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов

Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.

Сұрақ: Әнұран авторын білесің бе?

(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев)



Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын бұралаң жолдардан өтті десеңізші?! Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес.

Осы тұлғаларды сіздерге таныту мақсатында журналдың келесі бетін «Еліміздің ұлы тұлғалары» деп атадық.

1. Ахмет Яссауи - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы. «Диуани Хикмет» кітабының авторы, дүние жинамай адамдарды азғындық жолынан сақтауда қызмет еткен адам, жаны таза болған.

2. Әз Жәнібек хан - қазақ халқының хандығын құрып, халықтың өз алдына еркін өмір сүруіне ат салысқан, жау қолында қалған қазақ жерін азат еткен.

3. Мұхаммед Хайдар Дулати - тарихшы, «Тарихи рашиди» атты еңбек жазған, қоғам қайраткері.

4. Төле, Қазыбек, Әйтеке - билеріміз, халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға басшылық жасаған данышпан ақын, шешен, ойшыл гуманист көсемдер.

5. Абылай хан - халық мақтанышы, ХVІІІ ғасырдағы бүкіл қазақ елін еркін билеген, елдің тұтастығын қамтамасыз еткен қайраткер, елші, мәмлегер.

6. Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі.

7. Шоқан Уәлиханов - терең ойлы, асқан зейінді, ғылымның әр тарапынан білімі бар, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, географ, этнограф, суретші, Шығысты зерттеуші, халқымыздың тұңғыш ғұлама ғалымы.

8. Абай Құнанбаев - ұлы ағартушы, ойшыл, ғұлама. «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс»,- деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, Абай - жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салушы, қазақ халқының бас ақыны

Бүгінгі ауызша журналдың соңғы беті: «Елім деп соққан жүрегім!» деп аталады.

Шет мемлекеттерде өткен дүбірлі ойындарда Қазақстан мәртебесін биіктеткен біздің интернат спортшыларымыз халқымыздың көпшілігін рухтандырып жібергені айқын.

Қайтпас қайсар бойда жігер көптігін,

Алтын түсті күн сәулеңді төк бүгін.

Алтын қолда, күміс белде, қола бар,

Ал желбіре көкте биік көк туым!!!

Деп біздің интернатымыздың атын асқақтатып жүрген әлем чемпиондарымызды мақтан тұтамыз.(слайд)

Қорытынды.

Біз қазақпыз

Есігі ашық, төрі кең.

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азат жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың,

Елі текті, киелі, қасіретті.

Қорлаған жау – басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Елі текті, киелі, қасіретті.


Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

Баршаңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып, бүгінгі журналымыздың соңғы бетін жабамыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!