Материалдар / Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға жаңартылған үлгідегі сабақ жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
374
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А

Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: №87 орта мектеп

Сабақ :

Мұғалімнің аты-жөні: Баешева Куралай

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну

6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсінеді, екі санның қатынасын оқиды және жазады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Екі санның қатынасын оқу және жазуды тапсырмалар орындауда көрсетеді

Кейбір оқушылар:

  • Шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастыра алады және мәнін таба алады

Бағалау критерийлері

  • екі санның қатынасы нені көрсететінін анықтайды

  • сандардың қатынасын оқиды және жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Екі санның қатынасының анықтамасы мен қасиетін тұжырымдайды. Өз ойын басқаларға жеткізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: қатынас, қатынастың мәні, а немесе

Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер: Екі санның бөліндісі, екі санның қатынасы, қатынастың мүшелері,алдыңғы мүше, соңғы мүше, қатынастың мағынасын түсіндір, қатынастың мәнін есепте

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият:

Бірлесу, ынтымақтастық, өрлеу, табысты болу және зайырлылық

Пәнаралық

байланыстар

Жаратылыстану (шамалардың арасындағы байланысты қатынас)

Алдыңғы білім

Бөлшек сандарға амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, сыныпты түгелдеу.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мен Таланттымын!

Мен ақылдымын!

Менің қолымнан келеді!

Мен бар қиындықты жеңе білемін!



Топқа бөлу

Оқушылар стикер арқылы өз тобын анықтайды.

Үй тапсырмасы «Микрафон» әдісі арқылы сұралады.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі бойынша жүргізіледі

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі




Сұрақтар жиынтығы

Сабақтың ортасы







































Ой қозғау «Серпілген сауал» әдісі

Тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушылар жіпте ілулі тұрған сұрақтарға жауап береді:

1. Санды өрнек дегеніміз не?

2. Әріпті өрнек дегеніміз не?

3. Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы неде?

4. Өрнектің ықшамдалған түрінің оның алғашқы түрінен айырмашылығы неде?

5. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті қалай ықшамдауға болады?

6. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, 20х+9х өрнектерін қалай ықшамдауға болады?

Бағалау: «Басбармақ» әдісі

Сұраққа жауап беру барысында оқушылармен кері байланыс жүреді және оқушылар сабақ масатымен танысады.

Топтық жұмыс

«Галереяны шарлау» тәсілі арқылы.

Тапсырма-3:

1.а) Мына формулаларды «қатынас» сөзін пайдаланып, оқыңдар


V=

2.ә) Пойыз 3 сағатта 255 км жол жүрді. Пойыздың жылдамдығын қатынас түрінде жазыңыз.

б) Принтер 12 минутта 108 бетті шығарды. Принтердің жұмыс

өнімділігін қатынас түрінде жазыңыз.

в) 4кг кәмпиттің құны 1500 теңге. Кәмпиттің бағасын қатынас түріндежазыңыз.

Дескриптор:

-формуданы «қатынас» сөзін пайдаланып, оқиды

-жылдамдық - қашықтықтың уақытқа қатынасы екенін біледі

-жұмыс өнімділігі – өнімнің уақытқа қатынасы екенін біледі

-баға – құнның зат мөлшеріне қатынасы екенін біледі

Бағалау: топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Саралау «Талқылау» тәсіліне сәйкес талданады.


Жұптық жұмыс жұмыс «Серіктесті оқыту» әдісі


Тапсырма-1: Ұзындығы 14 см АВ кесіндісін ұзындығы 7 см СД кесіндісімен салыстырыңдар (1.1 - сурет)

А В


С Д

(1.1 - сурет)

Сұрақтарға жауап беріңдер:

1) 14 қатынасының мағынасын түсіндір?

2) 7 қатынасының мағынасын түсіндір?


Дескриптор:

  • АВ кесіндісінде 14 бірлік кесінді, СД кесіндісінде 7 бірлік кесінді барын анықтайды;

  • қатынастың мәнін табады

ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

Саралау: диалог және қолдау көрсету

Тапсырманы «Сұрақ-жауап» әдісімен орындайды. Жұпта білмегенін сұрап, толықтырып отырады.

Жеке жұмыс

Тапсырма – 2: Оқушы тапсырманы жеке отырып орындайды.Себебі оқушылар оқу стандартына сай меңгеруге тиіс тапсырма.

а)

Қатынасты жазыңдар

9-дың 4-ке


15-тің 8-ге


0,8-ның 2-ге


ә)

қатынас

Қатынастың оқылуы

Қатынастың мәні

91





Бағалау: дескриптор арқылы (№1 қосымша)

Саралаудың «Қарқын» тәсілін таңдадым, себебі кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды, ал кейбіреулері уақыт қажет етеді.

Оқулық, 6 сынып

Оқулықтағы жаттығулар














Үлестірме материалдар
































Сабақтың соңы

2 мин.



Рефлексия: « Егер 2 минутыңыз болса, ...» («Рефлексия пирамидасын» толтыру)

Group 1 Еске сақтау

керек маңызды

бір нəрсе







Үйге тапсырма: №10

Қосымша: №



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмысты орындау барысында жақын арадағы даму аймағында жұмыс жасайды, түсінбеген тұстарын бірлесе отырып шешеді. Жұптық жұмыста оқушылар арасында өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады,жұмыстарды бірлесе шығара отырып өз білімдерін шыңдайды . Барлық оқушылар деңгейін анықтау мақсатында жеке жұмыс, яғни дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі.

Сабақ барысында оқушылардың бірлескен жұмыстарын бағамдау үшін

«Бағдаршам», « Мадақтау сэндвичі», «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», мадақтау сөздер қолданамын және оқушының оқу мақсатына жеткенін білу үшін бағалау критерийі мен дескриптор ұсынылады.

Сабақтың әрбір кезеңінде оқушының ішкі уәжін ояту, оқуға ынталандыру,алға ілгерілеуін қамтамасыз ету мақсатындакері байланыс жүргізіп отырамын.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!