Материалдар / "Экология" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Экология" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа ұстаздарға керегі болар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2019
24489
18 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Экология және біз»

Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Бәрі хормен:

Амансын ба, Алтын күн!

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын 
Құтты қонақ келіпті 
Төрімізге еніпті 
Ал, қанікей бәріміз 
Сәлем дейік үлкенге 
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Кіріспе сөз:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?













ер




Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.







Кезекті оқушылардың табиғат туралы тақпағына берейік:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе!


Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.


Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің, айың да.

Тегінде жаның жомарт — ақ,

Ізгілік жатыр бойында.


Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.



Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан







шығарсыңдар.

Сөздік жұмыс

Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)

— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтыңкөзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?


Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қызығушылықты ояту.

— Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Аң патшасы.

2. Қазақстанның әсем қаласы.

3. Қазақтың қарт, ақыны.

4. Қазақтың батыр қызы.

5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.

6. Ай аты.





Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.


Тақырыбы: «Экосағат-қазір баста»

Мақсаты: 1.Білімділік: «Экология» туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорларын байыту,логикалық

ойлау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын ояту.

3. Тәрбиелік:оқушыларды табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:көрнекілік, әңгімелеу, сұрақ-жауып, түсіндіру

Технология:дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:психологиялық ахуал тудыру.

Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!

ІІ.Жаңа сабақ:

Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: (логика)


-экология дегенді қалай түсінесіндер?

Мультфильм «Экологияны қорға» талдау

Экология туралы ұғым.  Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі  тобы белгілі бір жерде қоныстанып,  өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.

       Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

       Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.

       Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін  ағзаларды зерттейді, олардың басқа  ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады .

ІІІ.Тапсырмалар орындату:

1.Суреттерді кесте бойынша бөлу.



Пластик

Қағаз

Тамақ қалдықтары

Басқа қалдықтар

Бутылқа

брелок

соска

ілгіш

Кітап

парақ

Сүйек

Банан қабығы

Пружина

жапырақ


2.Әріптерді орнына қойып сөздер құрастыр. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыр.


ЭЛОКОИГЯ РТОА ШАНҚОРҒАН

ЖААРНУ ТАРҚҰС

БАТАРЛЫҚ УАА


ІҮ.Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық

Ү.Бекіту:

«Менің қаламның экологиясы» тақырыбында эссе жазу.

ҮІ.Қорытынды:

Экология-қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үйретеді.

- сабақтың тақырыбы?

-тақырыпты қайталауға қандай тапсырмалар берілді?

-балалардан кім белсенді болды?көп қатысты?

ҮІІ.Рефлексия:

-не білдің?

-не үйрендің?

-нені үйренгің келеді?

ҮІІІ.Үй жұмысы: «Бес жол өлең» құрастыру:Экология

Зат есім Экология

Сын есім Таза, пайдалы

Етістік Тазартады,қорғайды, сақтайды

Сөйлем Таза экология өмір мәні

Мәндес сөз Тазалық





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!