Материалдар / «Ел болашағы жас ұрпақтың қолында»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ел болашағы жас ұрпақтың қолында»

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныптарына сабақ беретін тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2019
306
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ел болашағы жас ұрпақтың қолында»Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: «Ел болашағы жас ұрпақтың қолында» деген. Қазіргі еліміз әлемге танылып, өркен жайып, кемелденген кезінде еліміздің болашағына үміт артып отырғанда ел тарихын мектеп табалдырығынан бастап таныстыру әр ұстазға артылған салмақты міндеттердің бірі. Тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріммен бірге ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған, сан ғасырлар бойы армандаған, ұшса қыран құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы сынатын кең байтақ еліміз тәуелсіздігін алғалы 27 жыл толуына орай ертеңгілік өткіздім. Жыл сайын сол тәуелсіздік жолында құрбан болған жастарды құрметпен еске алу біздің парызымыз. Даярлық тобымда «Егемен елдің ертеңімін!» –атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты: тәрбиеленушілерді Отанымызды сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың ерліктерін құрметтеуге шақыру. Елін, жерін, қорғайтын, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Тәуелсіздік алғаннан бергі еліміз жайлы деректер мен бейнебаяндарды көре отырып, кішкентай бүлдіршіндер өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ақын-жазушылардың өлең-жырларымен жеткізе білді.Отан деген-Атамекен,Отан деген –туған жер.Отан –ана, Отан үлкен,Қазақстан –туған ел. Балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында еліміз, жеріміз, туралы сұрақтарға белсенді жауап бере алды. Еліміздің тәуелсіздігін білдіретін ерекше белгілер -мемлекеттік рәміздер жайлы да білімдерін ортаға салды. «Тәуелсіздік» сөзінің әрбір әрпінің қандай мағына беретініне де қызығушылықпен талдау жасады. Осы айтулы күнге арналған ертеңгілігіміз ары қарай тәрбиеленушілердің дайындаған шағын концертімен ұласты. Атап айтсақ, Сүлейменқызы Тамаша «Еркіндік айғағы» әнін орындаса, Жакупова Жания «Тәуелсіз ел ұланы» әнін тамылжыта шырқады. Тұрсунхан Нұртілеу «Мен қазақпын» әнін орындап, балаларды жігерлендіре түсті. Қыздарымыз «Қамажай» биін мың бұрала билесе, ұлдарымыз-болашақ ел қорғаушыларымыз «Жас сарбаздар» өнерін тарту етті. Келген қонақтар балалардың өнеріне тәнті болып, алғыстарын айтты. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын!

«Айнабұлақ орта мектебі» КММ даярлық сыныбының тірбиешісі. Құмарбекова А.Қ





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!