Материалдар / «Елбасы – елдің тірегі» 1-желтоқсан -Tұңғыш Президент күні мерекесіне арналған мерекелік концерт
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Елбасы – елдің тірегі» 1-желтоқсан -Tұңғыш Президент күні мерекесіне арналған мерекелік концерт

Материал туралы қысқаша түсінік
Tұңғыш Президент күні мерекесіне арналған мерекелік концерт
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
443
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Елбасы – елдің тірегі»1-желтоқсан -Tұңғыш Президент күні мерекесіне арналған мерекелік концерт

Ән: «Атамекен»Орындайтын: Суханова Айдын

Жүргізуші.Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып Қазақстан - НұрсұлтанНұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.Елбасыны құрметтейтін ерекшеАрмысыздар, ақ пейілді көпшілік!Жүргізуші. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілді. Бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз. Елбасы Н.Назарбаев 2017жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында: « Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.» деді.Елі үшін көтеріп нар жүгін де,Сенімі нық сезілетін үнінде.Аты озған дүниедегі дүбірдеНұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!Жүргізуші:  Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын. ҚР Әнұраны орындалсын.Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз Аранды ауылдық округінің әкімі Қуанғали Қожахмет сөз ағайға беріледі.Ән: «Сарыарқа»Орындайтын: Жөкеев НұртайЖүргізушіЕл тынысын тереңінен танып кең,Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен.Жүргізуші: Келесі сөз кезегі Мектеп директоры Алдабергенов Дархан ағайға және Аранды ауылдық клубының меңгерушісі Сырғали Қажығали ағайға беріледі.Ән: Қызылорда орындайтын Өткелбай АЖүргізуші:Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күнАртта қалды бодан болған азап күнЕлім, жерім қазағым деп тебіренемӨйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.

Ән: Астана орындайтын Сергалиева Г Жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынды, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.Сахна төріне ауылымыздың жас ақыны Жанғазы Данабекті елбасына арналған жырларымен шақырамыз!

Ән: «Іңкәрім-ай»Орындайтын: Серікбаев Самат

Жүргізуші:Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің,Кілттеулі болып келген еді әлі күн...Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ,Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын!Ауыр күнді артымызға тастауыҚиын сәтте қиындықтан қашпауыТілім, дінім, ұлтым қайта көгергенЕлбасымыз Нұрағаңның бастауы

Би: «Қазақ биі» Ән: «Сарыарқа»Орындайтын: Тағыбаев НұртілекЖүргізуші:Халқым айтқан жер көтерер ел даңқынЕлім айтқан ел көтерер жер даңқынПрезидентім, елбасы, аман болғайМәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!Ән: «Перзент парызы»Орындайтын: Қуатбаева ГүлгүлМіне осымен тұңғыш президент күніне арналған мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше ел аман жұрт тыныш болғай!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!