Материалдар / «Елбасы – тұңғыш президент»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Елбасы – тұңғыш президент»

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағат 130 бүйрықпен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
335
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатына арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Сынып жетекшінің аты-жөні

Дүйсенбаева А.Д.

Күні:

30.11.2020 ж.

Сынып: 6 «Б»

Қатысушылар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы   

«Елбасы – тұңғыш президент»

Оқу бағдарламасына сәйкес I-Бағыт

1. Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: патриотизм, Қазақстан, Отан, халық; құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығы; адамаралық және топаралық төзімділік құндылығы; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығы; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципі, құқықтық мәдениет.

Сабақтың мақсаты


Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру;

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.




      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Бастапқы кезең


Салемдесу.Психологиялық ахуал жасау.

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)



Бір – бірімізге тілек айту



Ортасы

15 мин























20 мин

Республикамызда тыныш өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр. Сондай – ақ, жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Еліміздің ертеңі, болашағы – сендерсіңдер.Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!

 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 
 
1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
 
1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы. 
 
1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 
 
1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы. 
 1984-1989
 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
 1989-1991
 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы

 

Өткен жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылған-ды. Осы бастаманы үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен  «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»  ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.

 «Миға шабуыл» (блиц-сауал)

1.     Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?

         /қазақ тілі/

2.Қазақстан Республикасының рәміздері:

         /Елтаңба, Ту, Гимн/

3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы:

         / теңге/

4.Қазақстанның бас қаласы:

         /Нұр - Сұлтан/

5.Гимн қалай айтылады?

         /қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/

6.Нұр –Сұлтан қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

          /Есіл/

7.Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?

          /ту/

8.Гимннің авторлары:

         / Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

         /Т. Әубәкіров/

Рәміздерге не жатады?

-Қазақстан  Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы жарлығымен  мемлекеттік символдар бекітілді:

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Туы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Елтаңбасы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Гимні

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба    — Қазақстан   Республикасының   негiзгi   мемлекеттiк     рәмiздерiнiң  бiрi.                    ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заңды күшi бар Жарлығымен  белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан   ҚР мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық  заңды күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту- көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

 

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК Гимн

          Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

         Әні: Шәмші Қалдаяқов

2.     «Нұр-Сұлтан жайлы ой қозғау»

  3.     «АТА ЗАҢЫМ - ЕЛДІГІМ»

  •      Қазақстан тәуелсіздігін нығайту үшін ең алдымен Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін анықтап, бекіту қажет еді. Әр мемлекеттің қалыпты өмір сүріп, тұрақты дамуы үшін өз заңдары болады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Президенттің төрағалығымен Ата Заңды дайындау мақсатында арнайы комиссия құрылды.

•      1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды.

•      1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық рефердум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды.  9 бөлімнен, 98 баптан  тұрады.

•      Қазақстанның Ата Заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандықтары делінген.  

             

Мағынасын ашу, ой бөлісу

Өлең жолдарын айту

















































Слайд












Соңы

5мин


Қорытынды:

Тренинг: «Ақ тілектер»

-Менің еліме деген тілегім қандай болмақ?

-Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылсын!

-Балалар бақытты болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Экономикасы дамыған ел болсын!

-Балалар білімді болсын, мәдениетті болсын!


Кері байланыс

Постер









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!