Материалдар / Электрден қорғау құралдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электрден қорғау құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
191
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

13-дәріс. Электрден қорғау құралдары
Электрден қорғау құралдары негізгі және қосымша болып екіге
бөлінеді. Электрден қорғайтын негізгі құралдарға электр құралдарының
1ООО В астам кернеу өткізетін бөліктерімен жанасқанда қорғайтын құралдар
жатады: өлшеуге арналған оқшаулағыш штангтар, оқшаулағыш және тоқ
өлшейтін қысқьштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар, құрал
жабдықтар (сатылар, алаңдар, ұстап тұратын құралдар). 1000 В дейінгі
кернеулі электр құрылғыларына құралдарға оқшаулағыш тұтқасы
оқшаулағыш қысқыштар, сондай – ақ траптар, және темірбетон тіреуіштері
бойымен қозғалуға арналған құралдар, диэлектрикалық қолғаптар, кернеу
көрсеткіштері
жатады.
Электрден қорғайтын қосымша құралдарға жататындар: диэлектрикалық
етіктер мен галоштар, оқшаулағыш тіреуіштер, диэлектрикалық кілемшелер
мен
жолақтар.
Желідегі немесе электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын
анықтау үшін белсенді тоқтың өту принципі бойынша жұмыс істейтін арнайы
көрсеткіштер мен кернеу сигнализаторлары жатады. Кернеуі 500 В болатын
электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын тексеру үшін арнайы кернеу
көрсеткіштері қолданылады. Кернеуі 1000 В аса болатын электр
құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын тексеру үшін кернеу көрсеткіштері
қолданылады. Көрсеткіштің (индикатор) жұмыс істеу принципі ол арқылы
электр тоғы өткен кезде неон шамдарының жануына негізделген. Өткізгіштегі
10 В дейінгі кернеулі электр тоғының күшін өлшеу үшін тоқ өлшейтін
қысқыштар пайдаланылады. Оқшаулағыш құралдар, кернеу көрсеткіштері
және ток өлшейтін құрылғылар тек тиісті кернеуге ғана қолданылады және
ақаусыз және сынақ мерзімінен өткені туралы белгісі болуы керек.
Резиналық
диэлектрикалық
электрден
қорғау
құрылғылары
басқа заттардан бөлек, жабық шкафтар немесе жәшіктерде сақталады.
Оларды майдың,бензиннің және тағы да басқа заттардың әсерінен қорғау
керек, ал қолданар алдында мұқият қарап шығып, жақсылап тазалау керек.
Өшірулі тұрған электр құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған
электрқондырғылар: қалқандар, оқшаулағыш төсемдер (15 кВ кернеу
болғанда) және резина қалпақтар. Сонымен қатар, электрден қорғау
құрылғыларына биіктікте жұмыс жасауға арналған құрылғылар да жатады:
қорғап тұратын монтер белдіктері, белдігі бар монтер тырнақшалары,
сақтандырғыш арқандар, телескоптық бағаналар, аспалы – баспалдақтар,
қосалқы баспалдақтар. Монтерлық белдіктер мен тырнақтар тиісті сынақтан
өткеннен кейін ғана пайдалануға беріледі. Белдіктер 225 кг жүкті, ал
тырнақтар 135 кг жүкті 5 мин. ішінде көтеріп тұруға шыдайды. Барлық аспалы
– баспалдақтар қосалқы баспалдақтар белгілі бір учаскеде болуы керек және
нысанның номері көрсетілген тақтайшалары болуы керек. Қауіпті орындарда
қағылған ескерту тақтайшалары
да электрден қорғау құралдарына
жатқызылады. Өзінің арналымы бойынша плакаттар төрт топқа бөлінеді:






алдын ала ескертетін: «Ұстама – қауіпті», «Жоғарғы кернеулік –
өмірге аса қауіпті» және т.б.
тиым салатын: «Қосуға болмайды – жұмыс жүріп жатыр», «Қосуға
болмайды – желіде жұмыс жүріп жатыр». Әдетте бұл плакаттар желіде
өңдеу жұмыстары жүріп жатқан кезде қойылады;
рұқсат ететін: «Осында жұмыс жаса», «Осы жерден шық» - жұмыс
орындарын нұсқау үшін.

Адамды электр тоғы соққан кезде дереу тоқтан ажыратып, алғашқы көмек
көрсетуге тырысу керек. Аз ғана кешігудің өзі (5-6 мин жоғары) ауыр, кейде
орны толмас жағдайларға алып келеді. Адамды электр тоғының әсерінен
жылдам ажырату үшін, тоқты жылдам сөндіру керек немесе желіден ажырату
керек. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні ток көзінен
ажырату
қажет.
Егер адам биікте тұрып зақым алса (желігі немесе бағанаға ілініп ), оны
құтқару бойынша және зардап шегушінің зақым алып қалмау үшін барлық іс
– әрекеттерді жасау керек. Мысалы, егер биіктік үлкен болмаған жағдайда
адамды қолына қағып алу керек немесе брезентті, қандай да бір материалды
керіп тұру болмаса, болжалды құлау орнына жұмсақ зат төсеу. Кернеуі 1000 В
болатын тоқ желісінен адамды ажыратып алу үшін қолда бар құрғақ заттарды
пайдаланады: сырық, тақтай, киім, арқан немесе басқа да тоқ өткізбейтін
заттар; бұл кезде құтқарушы электрден қорғау құралдарын пайдалануы керек:
кілемше, диэлектрикалық қолғаптар және зардап шегушінің тек киімін тартып
ажыратады
(егер
құрғақ
болса).
Егер
1000В
астам
кернеуден
ажыратқан
кезде
штангамен
оқшаулағыш қысқыштармен
пайдаланады, оған қоса құтқарушы
диэлектрикалық боты мен
қолғапты киюлері керек.
Зардап шегуші электр тогының әсерінен ажыратқаннан кейін дәрігер
келгенше
тыныштықпен қамтамасыз ету керек, таза ауамендем алғызып, мүсәтір
спиртін иіскету және денесін жылылап қою қажет. Егер зардап шегуші есін
жоғалтқан болса, дәрігер келгенше қолдан тынысалдыруға кірісу керек.
Электр тоғынан зақымданудан сақтандыру үшін электр қондырғыларында
техникалық әдістер мен қорғаныс құралдары қарастырылуы керек. Нақты бір
электр қондырғысында қорғаныс құралдары мен әдістерінің бірін таңдауда
және оның тиімділігі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде:

номиналды
кернеуге;
• электр қондырғысындағы ток жиілігіне, түріне, пішініне;
• электрмен қамтамасыз ету әдісіне (стационарлы желіден, электр
энергиясымен
қоректенудің
автономды
көзінен);
• үш фазалы тоқ көзінің бейтарап тәртібі (тұрақты тоқ көзінің орта нүктесі)

оқшауланған
бейтарап,
жерлендірілген
бейтарап;
• орындау түріне (стационарлы, жылжымалы, тасымалданатын);


сыртқы
орта
жағдайларына;
• адамның ток жүру тізбегіне қосылу мүмкіндігі (тікелей екі фазалы жанасу,
тікелей
бір
фазалы
жанасу);
• жұмыс түріне (монтаждау, жөндеу, тексеру) және тағы басқа.
Осыдан бөлек техникалық қорғау құралдарының әсер етуіне байланысты:
• жанасу кезіндегі кернеудің мәнін рұқсат етілген мәнге дейін төмендететін;

тоқтың
адамға
әсер
ету
уақытын
шектейтін;
• тоқ өткізгіш бөліктеріне тікелей жанасуды алдын алатындар болып
бөлінеді.
Электр жарақаттары тигізетін зардаптарына қарай жергілікті, жалпы және
электр соққылары болып бөлінеді. Жергілікті электр жарақаттары адам
ағзасының анық көрінетін зақымдарымен анықталады. Жалпы және электрлік
соққылары тіршілікке қажетті маңызды мүшелер мен жүйелер қызметтерінің
бұзылуына және бүкіл ағзаның зақымдануына әкеліп соғады.
Қорғаныстық жерге қосу
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр қондырғысының
бөлшектерін жерге тұйықтау немесе корпусқа тұйықталу әсерінен немесе
басқа да себептермен кернеу туындауы мүмкін қондырғыларды жерге электрлі
жалғау. Жердің эквиваленті ретінде өзендер мен көлдердің суы, карьердегі тас
көмірлер болуы мүмкін.
Нөлге қосу
Кернеу туындауы мүмкін ток өткізбейтін темір бөліктердің нөлдік қорғаушы
өткізгіштерге арнайы электрлік біріктірілуі.
Жерге тұйықтау
Жерге тұйықтау құрылғылары бар электр қондырғылары немесе жабдықтары,
желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау.
Қорғаныстық сөну
Электр қондырғыларында берілген мәннен асатын тоқ шығыны пайда
болғандағы немесе бір фазалы (бір полюсті) жанасу кезінде адамға әсер ететін
кернеу шамадан тыс болғандағы электр қондырғылардың автоматты түрде
сөнуін айтамыз.
Жанасу кернеуі
Адамдардың немесе жануарлардың екі тоқөткізгіш бөліктерінің арасында
немесе бір тоқөткізгішпен жерге бір уақытта жанасу барысында олардың
арасында туындайтын кернеу.
Қадамдық кернеу
Адамның 1 м-ге тең деп алынатын бір-бірінен бір қадам қашықтықта жататын
тоқ тізбектерінің екі нүктесінің арасында болғанда туындайтын кернеу, яғни
адам денесіндегі кедергіге түскен кернеу.
Электр қондырғысы
Энергияны өндіруге, жинақтауға, өзгертуге, беруге, таратуға немесе тұтынуға
арналған өзара байланысты электр жабдығының кешені.
Қорғаныстық сөну қондырғысы

Кернеулік күйде болатын бөліктерге бір фазалы жанасу кезіндегі электр
қондырғыларының автоматты сөнуі. Қорғаныстық сөну, арнайы қорғаныстық
сөндіру қондырғыларымен жүзеге асып отырады.
Бақылау сұрақтары:
Адам өміріне қанша ампер ток қауіпті?
Адамды ток соққан жағдайда не істейміз?
Үй тапсырмасы
Тақырыпқа сай кроссворд құрау
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!