Материалдар / Еңбек құқығы негіздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Еңбек құқығы негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
құқық пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
2663
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Адам. Қоғам.ҚұқықСыныбы: 9Мерзімі    ———————Сабақтың тақырыбы: Еңбек құқығының негізгі ұғымдары Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларға еңбек құқығы, еңбек ұғымы туралы түсінік беру.Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.Көрнекілігі: оқулықӘдісі:  баяндау, өзара белсенділікті арттыру.Түрі: аралас сабақСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңа) сәлемдесуб) сабаққа дайындығын тексерув) оқушылар назарын сабаққа аудару
  • 2.  Үй тапсырмасын тексеру
1. Азаматтық құқық дегеніміз не?2. Білімдерін жан- жақты тексеру 3. Жаңа сабақты түсіндіруЕңбек құқығы – бұл құқық саласы ретінде нормалар мен тәртіп жиынтығы. Олар мемлекетте енбек қатынастарын реттейді. Еңбек құқығының қайнар көздері болып ҚР Конституциясы мен ҚР Еңбек Кодексі болып табылады.азақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 1 тармағына сәйкес “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар».Еңбек құқығының пәніне өндірістік қызметте жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан туған қоғамдық қатынастар., яғни еңбек қатынастары мен олармен тығыз байланысты еңбектік емес қатынастар жатады, соңғыларына а) ұйымдық басқару қатынастары; ә) қызметке орналасу мен қызметті қамтамасыз ету қатынастары; б) өндірісте мамандарды тікелей дайындау; в) зиян орнын толтыру; г) еңбек дауларын қарау бойынша процесуальдық қатынастар; д) еңбекті қорғау және еңбек заңын сақтау бойынша қатынастар жатады.Еңбек құқығының қағидалары:1.Еңбек шартының бостандығы.2. Жұмысқа негізсіз қабылдамаудан және жұмыстан заңсыз шығарудан қорғау;3. Еңбектің саламатты және қауіпсіз талаптарын қамтамассыз ету.4. Мемлекетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне құқық;5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету; 6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру;7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы, мекеме мүлкін сақтау; 8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы; 10. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;11. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы; Еңбек құқығының қайнар көздеріне Конституция, ҚР «Еңбек туралы» заң және еңбек шарттары, т.б. актілер жатады. Еңбек шарты (контракт) – жұмыс беруші (мекеме) мен еңбекші арасындағы шарт. Ол бойынша жұмысшы еңбек етуге, еңбек тәртібіне бағынуға тиіс, ал жұмыс беруші (мекеме) еңбекақы төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Еңбек шартының талаптары; 1) қажетті талаптар, яғни, а) қабылдану бойынша өзара келісім мен жұмыс орны туралы келісім; ә) жұмысының еңбек функциясы туралы талап; б) жұмыстың басталу сәті, ал қысқа мерзімділер үшін жұмыстың аяқталу сәті де; в) еңбекақы төлеу шарттары туралы талаптар. 2) факультативті (қосымша, толықтырма) талаптар – бұлар еңбек шартын жасау фактісіне әсер етпейді. Тағайындалуы бойынша әртүрлі болады. Мысалы, жұмысты орындау тәртібін қосымша регламентациялау, міндеттер көлемін нақтылау, мамандық пен лауазымды сәйкестендіру, сынау мерзімі және т.б.Сабақты бекіту: Еңбек құқығының субьектілері кімдер?Бағалау:Үй тапсырмасы:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!