Материалдар / «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуде ойын терапиясының рөлі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуде ойын терапиясының рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Балалардың негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
1195
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуде ойын терапиясының рөлі»


Ойын оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Балалардың негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.

Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:

  • Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.

  • Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.

  • Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады.

  • А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. 

  • Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор.


Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
1.Заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қатынастарды т.б. зерттеп таниды.
2.Шығармашылық, сюжеттік – рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар, карталар, бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілік т.б. саяхаттар жатады. Балалалар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф, т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындарды балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3.Дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындарәдетте, баланың жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.
4.Еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5.Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер.

Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар баланың біліммен, біліктермен және дағдылармен қаруландыруға бағытайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Балалардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психолгиялық сипаттағы дамыушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, крипотограммалар және т.б.


Ойын технологиясының мақсаты:
1.Дидактикалық :

Ой - өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану,еңбек іс-әрекеттерін дамыту.

2.Тәрбиелік :

Өздігінен жұмыс жасау, ерік, адамгершілік қасиеттерін дамыту .

3.Дамытушылық :

Есте са1қтау,ойлау,салыстыру,қиялдау,дұрыс шешім қабылдау.

4.Әлеуметтендіру:

Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.


Мақсаты:
Нақты бала жасының мүмкіндіктерін дамытуға талпыну.

Алдынғы жастағы балалардың жетістіктеріне сүйену.

Баланың деңгейін ескере отырып,оқу-іс әрекетін дамыту.

Ойын түрінде өтетін сабақ арнайы ережелерге сүйенеді.


Ойын технологиясының функциялары:
Баланың ойын үстінде өзін-өзі көрсете білуі.

Баланың кез келген адаммен тіл табыса алады.

Ойын терапиясы.

Ойын-сауық.

Баланың ойын барысындағы қалыпты қылықтарының диагностикалық кемшілігі.

Баланың ойын үстіндегі іс-әрекеті.

Адамдармен қарым-қатынасы.

Салт-дәстүр.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!