Ересек топқа арналған «Асыл мұра» жобасының хрестоматиясы – ұлттық тәрбиені жүйелі жүзеге асырудың тиімді құралы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасының әдіскері
Даирова Айгерим Аскаровна
Білім мен тәрбие бастауы балабақша болғандықтан, ұлттық құндылықтарды оқу үрдісіне енгізу қажеттілігі туындайды. Қазіргі қоғамның даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан – жақты дамыған, сауатты саналы, өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығы мықты, ұлтжанды етіп, рухани адамгершілікке тәрбиелеп, ұлттық дүниетаным нормаларын меңгертуде «Асыл мұра» жобасының маңызы зор.
Ересек тобына арналған «Асыл мұра» жобасының хрестоматиясы балаларды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл бағытта балаларға ұлттық аспаптар, әндер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тақпақтар, ертегілер және қолөнер түрлері таныстырылады.
«Асыл мұра бағдарламасы» мемлекеттік стандартқа, оқу бағдараламасы мен бағдарламаларға қойылатын талаптарға сай жасалған.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды, ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ұлттың дүниетаным қалыптастырудың тәсілдерінің бірі бұл – ұлттық музыка. «Музыкалық аспаптар» жобасында балалар қазақтың ұлттық аспаптарымен таныса отырып, өз дәстүрін қастерлеуге тәрбиеленеді. Ұлттық аспаптардың әуендерін тыңдатып, ажырата білуге дағдыланып, есте сақтау қабілеттері, сөздік қоры байып, тілдері дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бір құралы – сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағылымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім – тәрбиеде оқу – ағарту мәсілелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. «Домбыра сөйлейді», «Қобыз жеткізеді», «Сыбызғы білдіреді» - деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Балалардың бойында талғампаздық эмоциялық сезімталдық қалыптастыруында, оның мәдениеті болып өсуіне музыка әлемін түсінуде балабақшадағы музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Ұлттық музыка арқылы балалардың патриоттық сезімдері оянып, ұлттық дәстүр мен әуенге қанық болып өседі. Бұл дегеніміз – ел болашағының жарқын негізі.
«Қазақ халықының қолөнері» жобасы мектепке дейінгі жастағы балаларды өнерді сүюге тәрбиелеуде маңызды. Балалардың ұлттық қасиеттерге баулуда кезінде ата – бабамыз күнделікті тірлігінде пайдаланған тұрмыстық ерекшелігі мол дүниелермен таныстырудың тәрбиелік мәні зор деп білген. «Өнер – туылмас қазына, жұтамас байлық» - дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнерге бай халық деп айтуға болады, оны атап айтсақ: құрақ құрау, ою ою, ағаш өңдеу, сырмақ жасау, жіп иіру, тоқыма тоқу, киіз басу, кесте тігу, тері өңдеу, ши тоқу өнерлерімен ерекшеленеді.
Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шебер, өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген. Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тірбие беру барлық білім беру мекемелеріне жүктелген. Сол себепті балабақшада балалардың көңіл – күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай әр баламен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы қазақ халқының өнеріне деген қызығушылықын арттыру оқыту үрдісінде маңызды орын алу керек.
Баланы өз бетімен жұмыс істеуге және ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, төзімділікке, жинақылыққа тәрбиелеуге оқу тәрбие үрдісінде көп мүмкіндік бар. Мектепке дейінгі жастағы балаларды халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық қолөнерімен таныстыра отырып, шығармашылық жұмыстарында тәрбиешінің көмегімен өнер түрін таңдау, ойлау қабілетін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Ұлттық тәрбие – әрбір баланың жан-жақты дамуы мен қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтарын бойына сіңірудің негізі. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбиені жүйелі жүзеге асыру үшін ересек топқа арналған «Асыл мұра» жобасының хрестоматиясы ерекше маңызды әдістемелік құрал болып табылады. Бұл хрестоматия балалардың ой-өрісін, тілін, шығармашылығын дамытумен қатар, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.
Хрестоматияның басты ерекшелігі – оның кешенді мазмұны. Оған қазақ халық ертегілері, мақал-мәтелдер, тақпақтар, жұмбақтар, сондай-ақ ұлттық музыкалық аспаптар мен қол өнер элементтері енгізілген. Мысалы, әрбір ертегі сюжеті балалардың шығармашылық ойлауын дамытып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін сахналау арқылы ойын арқылы оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Мақал-мәтелдер мен тақпақтар баланың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін жетілдіреді, ал жұмбақтар логикалық ойлау мен зейінін арттыруға ықпал етеді.
«Музыкалық аспаптар» жобасы аясында балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, оның маңызы, дыбысталуы, оларды ажыратып, айта білуге үйрету мақсатындағы білім мазмұны жоспарланған. Ұлттық аспаптардың әуендерін тыңдатып, ажырата білу дағдыларын қалыптастыра отырып, балаларға аспаптардың атауын айтқызу. Есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын байытып, тілін дамыту. Қазақтың ұлттық өнеріне деген көзқарастарын кеңейту өз дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Қазақ халқының қолөнері» жобасы балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын дамытуға, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын оятуға негізделген білім көлемі меңгертіледі. Ұлттық қол өнер элементтері де хрестоматияда кеңінен ұсынылған. Киізден жасалған ойыншықтар, ұлттық өрнекті кілемшелер, түрлі декоративті бұйымдар балалардың шығармашылығын дамытуға, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыруға қызмет етеді. Балалар қол өнер элементтерімен таныса отырып, өздері де шағын қолданбалы жұмыстар жасау арқылы тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.
«Халық ертегілері» жобасында мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын қазақ халық ертегілері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан – жақты жетілдіруге бағытталған

«Асыл мұра» жобасының хрестоматиясы – тек оқыту құралы ғана емес, сонымен қатар балалардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға арналған тұтас мәдени орталық. Оны пайдалану арқылы педагогтер ойын, музыкалық іс-әрекет және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын біртұтас жүзеге асыра алады.
Қорытындылай келе, ересек топқа арналған «Асыл мұра» жобасының хрестоматиясы – инновациялық әдістемелік құрал, мектепке дейінгі ұйымдардағы ұлттық тәрбие мен шығармашылық дамуды үйлестіре білетін тиімді ресурс. Бұл хрестоматияның қолданылуы балаларды қазақ халқының мәдениетімен таныстыруда, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруде, ойлау, сөйлеу, шығармашылық және әлеуметтік қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз