Материалдар / Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ата-аналарға және ересектерге арналған кеңестер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ата-аналарға және ересектерге арналған кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір дүниеге келген сәби өз қажеттілігін өтеуде және үйренуде ересектерге тәуелді болады және көмек күтеді. Ересек адамдарға сәби жасынан бастап мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сөйлеу тілін жылдам және жеткілікті деңгейде меңгеруіне,сөздік қорын молайтуға, дұрыс сөйлеу тілін қалыптасыруға көмектесетін бірнеше тәсілдер бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2021
619
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ата-аналарға және ересектерге арналған кеңестер

Әрбір дүниеге келген сәби өз қажеттілігін өтеуде және үйренуде ересектерге тәуелді болады және көмек күтеді. Ересек адамдарға сәби жасынан бастап мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сөйлеу тілін жылдам және жеткілікті деңгейде меңгеруіне,сөздік қорын молайтуға, дұрыс сөйлеу тілін қалыптасыруға көмектесетін бірнеше тәсілдер бар.Баланың туылғанынан бірінші күннен бастап баламен міндетті түрде әңгімелесу - сөйлеу тілінің дамуының бастапқы және маңызды талаптарының біріне жатады. Алғашқы уақыттарда барлық көңіл балаға бөлінеді. Әсіресе бала үшін анасының онымен сөйлесуінің маңызы зор. Бала үшін ана – өмір, махаббат, жайлылықтың, еркелетудің және жеке толғаныстардың көзі. Басқалардың сөздеріне қарағанда анасының айтқан сөздері өте әсерлі болады. Сонымен бірге ерте жастағы баланың сөйлеу тілінің қабылдауы мен дамуына жанұялық және әлеуметтік тәрбиенің үйлесуі арқылы жағымды жағдай туғызу керек. Ересектер тарапынан ұйымдастырылған әрбір іс-әрекет бала үшін сабақ екенің естен шығармағанымыз жөн.

Сөйлеген адамның бет-әлпетін көру. Баланың сөйлеу тілін табысты дамыту үшін оның есту қабілетіне ғана емес, оның көру және ет сезім арқылы әсер ету керек. Бала ересек адамның сөзін естіп қана қоймай, оны көруі де маңызды. Бала сөйлеу тілін ересек адамның бетінің құбылысын бақылап, оларға еліктей отырып, өздері айта бастайды. Түсінуді дамыту үшін бала затты көріп қана қоймай, қолымен ұстауы да маңызды.

Әңгіме айту – баланың сөйлеу тілін дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Ол балаларға өте ұнайды. Балаларға түсінуге қолжетімді жас шамасына қарай және қарапайым, шағын ертегілерді, тақпақ айту маңызды. Өлеңдерді,әңгімелерді балалардың жақсы қабылдауы үшін оларды жатқа айтқан тиімді. Оны тыңдаған балалардың ыңғайлы отыруы, оның бет-жүзін көріп отыруы қажет. Сонымен бірге әңгімелеушінің өзі де балалардың әсерін бақылап отыруы үшін олардың беттерін көріп отыруға тиісті. Балаларға тыңдауға ештеңе бөгет жасамауы керек.

Суреттерді қарау – бұл жағдайдағы сөйлеу тілі көрнекі болып,түсінуге қол жетімді болатынындықтан бұл да сөйлеу тілін дамытудың жақсы тәсілдерінің бірі. Сондықтан әңгіме барысында сурет көрсету немесе сурет бойынша әңгіме айту өте тиімді болады.

Ойын – бұл балалардың сөйлеу тілін және ойлау қабілетін дамытудың ең тиімді тәсілі. Ойын балаларға қуаныш, қанағаттану сезімін әкеледі,бұл сөйлеу тілін белсенді қабылдаудың және өздігінен белсенді сөйлеуді ынталандырудың күшті құралы болып есептеледі. Бір қызығы сәл ересек балалар өзімен-өзі үндемей отырып ойнаса, ал ерте жастағы балалар өзінің ойын сыртқа шығарып, айта отырып ойнайды.

Ойыншықтармен ойнау – ерте жастағы балаларға ойыншықты тек ойнауға ғана беріп қоймай, онымен қалай ойнау керек екендігін көрсету сөйлеу тілінің және ойлау қабілетін дамытуға көп көмектеседі. Бұндай ұйымдастырылған, сөйлеу тілін ілестіретін ойындар балаларды қызықтыратын және олардың дамуына көмектесетін кішкене қойылымдарға айналады.

Сөйлеу тілдік материалдарды қайталау. Балалар ересек адамдардың сөзінен естігендерін есте сақтауға және жатқа айтуға қабілетті. Бұл үшін сөйлеу тілі материалын бірнеше рет қайталау керек.

Үлгі ретінде берілетін материалдар:

Пойыз келеді: ту-ту-ту.

Балалар айғайлайды: ау-ау-ау.

Қоңырау сыңғырлайды: динь- динь- динь.

Даңғара тарсылдайды: там-та-там.

Кірпі пысқырады: фу-фу-фу.

Көкек шақырады: ку-ку, ку-ку.

Есек айғайлайды: иа-иа-иа.

Бала жылайды: іңгә-іңгә.

Жылқы кісінейді: и-го-го, и-го-и-го.

Тауық қытқылдайды: ко-ко-ко.

Қой маңырайды: бе-бе-бе.

Тышқан шиқылдайды: пи-пи-пи.

Музыкамен сүйемелдеу және ән айту балалардың сөйлеу тілін дамытудың маңызды құралдарының бірі. Балалар оларды қызыға тыңдап, музыка естілгенда қайталауға тырысады.

Балаларға кітап оқу да олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілетін дамыту құралы болып саналады. Бұл балаларды қызықтырады және оларға ұнайды, кейіннен кітаптарды қарап отырып, оларға оқығандарды жатқа айту арқылы кітапты балалардың өздері «оқи» бастайды. Балалар кейбір қызықты кітаптарды жатқа есте сақтауы мүмкін.

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру да балалардың сөйлеу тілі мен ойлау қызметін дамытуға көмектеседі. Балалардың назарын оларды қоршаған заттарға және өмірге аудару және олар туралы әңгімелесу өте маңызды.

Жоғарыда айтылған ересектердің көмегімен жүргізілетін әрбір сөздік іс-әрекет бала үшін өте маңызды.Сол себепті баланы дамытуда ұсақ мәселе деген болмай, оның барлық іс-әрекетіне аса мән беруіміз қажет.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!