Материалдар / Ертегі еліне саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертегі еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер әлеміне саяхат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2019
169
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.

2

Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым».............................................................................................. 4
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 15
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 19
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 24
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»............................................................................................ 24
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 35
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 42
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 49
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»............................................................................................ 49
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 59
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 67
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 74
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»............................................................................................ 74
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 81
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 89

3

1-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше

1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты

1.1.1.1.Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз,
сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,
сөйлем) анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңда.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?

Шешуі: (




Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша ұрсаң да сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.
Бұл не?

Шешуі:
)

(

)

Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Бұл не?

Шешуі: (

)

Жұмбақтың шешуін қандай сөздер немесе сөйлемдер арқылы табуға болады?
Түсіндір.
Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- жұмбақтардың шешуін табады;
- жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді
атайды;
- жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырады.

4

Бөлімше

1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы
айтылғанын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін)
атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Өлеңде не туралы айтылған? Белгіле ()
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Ұ. Есдәулетов)

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
- мәтінге сәйкес суретті белгілейді.

5

Бөлімше

1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.
Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба
алмады. Әжесі Әлиядан:
- Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
- Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан
шықпайды,- деді Әлия.

Сұрақтарға жауап бер.
• Балалар қайда келді?


Әжесі Әлиядан не сұрады?



Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсың? Өз ойыңмен бөліс.



Жұпта бір-біріңе мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұраққа қатысты өз ойын айтады және түсіндіреді;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды.

6

Бөлімше

1.4 «Оқиғаны болжау»

Оқу мақсаты

1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрациясы
бойынша болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп,
мәтіннің мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Әңгіме құрастыр.
Қамқорлық

Дескриптор

Білім алушы
- оқиғаның соңын болжап айтады;
- бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

7

Бөлімше

1.5. «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс
қолдану»

Оқу мақсаты

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сыпайы сөздерді орынды қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Тірек сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап бер.
Тірек сөздер:

Көмектесейін

Рұқсат па?

Сәлем
Кешіріңіз

Жарайды

Рақмет

Не деу керек?

Дескриптор

Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?

Добын апар Назардың,
Деді ағаң бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?

Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа,
Қант-кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?

Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың,
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?

Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?

Білім алушы
- өлеңнің мазмұнына сәйкес сыпайы сөздерді атайды.

8

Бөлімше

1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»

Оқу мақсаты

1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті
сөздерді,
вербалды
емес
қарым-қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын,
мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емес
құралдарды, дауыс ырғағын қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда
- Сенің атың кім?
- Менің атым – Марғұлан.
- Сен неше жастасың?
- Мен алты жастамын.
- Сен ше?
- ....
Жұптық жұмыс
Үлгіге сүйеніп, диалог құрастырыңдар. Бір-бірің туралы ақпарат жинаңдар.
• жасы;
• ата-анасы;
• отбасындағы адам саны;
• сүйікті ойыншығы;
• сүйікті ойыны т.б.
Досыңды сыныпқа таныстыр. Таныстыру кезінде басқалардың назарын аудару үшін
дауыс ырғағын, ым-ишараны қолдан.
Дескриптор

Білім алушы
- жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;
- жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;
- тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды,
ым-ишараны қолданады.

9

Бөлімше

1.7. «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

Оқу мақсаты

1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен
білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтінге қатысты пікірін айтады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі
бар. Ол күнде Айдарға ілесіп мектепке барады. Айдар сабақтан
шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды.
Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет
жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай
салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады.

Сұрақтарға жауап бер.


Мәтін кім/не туралы?



Мәтіннің қай бөлігінде күлкің келді?



Мәтін саған ұнады ма? Ұнамады ма? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты көзқарасын айтады;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.

10

Бөлімше

1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

Оқу мақсаты

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме
құрап айту

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сурет бойынша әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

11

Бөлімше

1.9. «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан
жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс
дыбыстау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты/дауыссыз)
ажыратады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттегі заттарды ата. Сөзде неше дыбыс бар? Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз
дыбыстарды көк түспен боя.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі заттарды атайды;
- сөздегі дыбыс санын анықтайды;
- дауысты дыбыстарды анықтайды
- дауыссыз дыбыстарды анықтайды.

12

Бөлімше

1.9. «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін
түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды
• Сөздердің мағынасын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңда. Не байқадың? Өзгерген дыбыстарды ата.
Сөздердің мағынасын түсіндір.



МАЛ - ТАЛ

НАР – ШАР - ҚАР

АРА - ОРА

ТӨЛ - КӨЛ – ШӨЛ

ТАҢ - ШАҢ

САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ

Өзің бірнеше мысал келтіріп айт.

Дескриптор

Білім алушы:
- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды;
- сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- өздігінен мысал келтіреді.

13

Бөлімше

1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі
буын санын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөзді буынға бөледі
• Сөздегі буын санын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айт. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсет.

Дескриптор

Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- буынды сызбамен көрсетеді;
- сөздегі буын санын анықтайды.

14

Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше

2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сызбамен берілген сөзді және сөйлемдерді оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөздер мен сөйлемдер құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы:
- сызбаға сәйкес сөздер айтады;
- сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып, оқиды.

15

Бөлімше

2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін
сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сөздерді оқы. Суреттермен сәйкестендір.
ша-на

Дескриптор

тау-лар

та-ға

нан

қо-ша-қан

пар-та

Білім алушы
- сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
- сөздерді мағынасына қарай сәйкес суреттермен байланыстырады.

16

Бөлімше

2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере
білу»

Оқу мақсаты

1.2.5.1 Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен)
сұрақтар қоя білу, қойылған сұраққа жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
• Сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша бір-біріңе сұрақ қой. Жұбыңның сұрағына жауап
бер.

Дескриптор

Білім алушы
- иллюстрацияның мазмұны бойынша сұрақ қояды:
- сұрақтарға жауап береді;
- сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс қояды;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды.

17

Бөлімше

2.9. «Дыбыс пен əріпті тану жəне ажырату»

Оқу мақсаты

1.2.9.1. Əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен
сəйкестендіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп
оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген сөздерді оқы. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады?
Сол әріпті қоршап сыз.

Дескриптор

Білім алушы
- сөздерді дұрыс оқиды;
- көп нүктенің орнына тиісті әріпті анықтайды.

18

Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше

3.3. «Жоспар құру»

Оқу мақсаты

1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар
арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтінге жоспар құруда суреттер мен сызбаларды
қолданады
• Мәтінге ат (тақырып) қояды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Үлгі бойынша мәтінге жоспар құр.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа
кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.
Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті.
Сабақ басталды.
Үлгі:
1

2

3

4



Мәтінге ат қой.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі;
- мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп
көрсетеді;
- мәтінге ат қояды.
19

Бөлімше

3.4. «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»

Оқу мақсаты

1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі
ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіндегі ақпаратты сурет/сызба/ белгілер арқылы
түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз
қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды
бейнеледі. Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін
салыпты. Мен мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді
сыныптың қабырғасына іліп қойдық.



Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Балалардың атын салған
суреттерімен байланыстырып сыз. Бос орынға автор салған суретті сал.

Дескриптор Білім алушы
-кейіпкерлердің салған суреттерін анықтайды;
-бос орынға әңгімелеушінің салған суретін салады.

20

Бөлімше

3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін
сөздерді ажырата алу жəне орынды қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді
ажыратады және дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына санын қосып айт.

Дескриптор

Білім алушы
- заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады;
- заттың санын білдіретін сөздерді ажыратады;
- заттардың атауын санымен байланыстырып айтады.

21

Бөлімше

3.10. «Грамматикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты

1.3.10.2 Тəуелдік жəне жіктік жалғауларының қарапайым
формаларын қолдана алу (терминсіз)

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс
қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айт.



Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
... оқушысың.
... дәптерім.

Дескриптор

Білім алушы
- сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.

22

Бөлімше

3.11. «Пунктуациялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты

1.3.11.1 Сөйлемді бас əріппен бастап жазып, сөйлем
соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөйлем жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін
дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Сөйлемді сызба түрінде жаз. Сөйлемнің соңына
тиісті тыныс белгісін қой.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен
жазып көрсетеді;
- сөйлемді бас әріптен бастап жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

23

2-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше

1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты

1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз,
сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің
мазмұнын түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,
сөйлем) анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Менің Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста.
Мен оны өте жақсы көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі
ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет салуды үйретіп жүрмін.
Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол мені жақсы көреді.



Мәтінде қанша сөйлем бар?



Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып айт.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің негізінде сызба бойынша сөйлем құрастырады;

24

Бөлімше

1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы
айтылғанын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін)
атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Ұзақ пен қарға
Ұзақ пен қарғаны ажырата аласың ба? Ұзақтың денесі қарғадан
кіші. Түсі қап-қара. Тек мойын тұсы сұр. Ұзақ - жыл құсы.
Қарғаның бүкіл денесі сұр түсті. Ал басы, мойны және
қанаттары қара түсті. Қарға - отырықшы құс.
Сұрақтарға жауап бер.




Мәтін не туралы?
Мәтінге сүйеніп, құстарды сипаттап айт.
Суреттерге мұқият қара. Суреттің астына құстың атауын жаз.

_______________________

Дескриптор

________________________

Білім алушы
-мәтіннің не туралы екенін атайды;
- құстарды сипаттап айтады;
- құстардың атауын жазады.

25

Бөлімше

1.3. «Тыңдалған материалды мазмұндау»

Оқу мақсаты

1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда. Суреттердің ретін тауып, нөмірле.
Екі әтеш
(Ертегі)

Ертеде бір шал мен кемпірдің екі әтеші болыпты. Бір күні кемпір оларға жем
шашады. Әтештер жемді жей бастайды. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр әтешті қайтақайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алады. Содан соң екеуі төбелесе
кетеді. Олар бір-бірімен таласып жатқанда, көрші үйдің балапандары келіп, жемнің
бәрін жеп қойыпты.



Суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

26

Бөлімше

1.4 «Оқиғаны болжау»

Оқу мақсаты

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе
иллюстрациясы бойынша болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастыр. Оқиға немен аяқталуы
мүмкін?

Дескриптор

Білім алушы
- суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;
- тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- өз ойын жүйелі жеткізеді.

27

Бөлімше

1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс
қолдану»

Оқу мақсаты

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сыпайы сөздерді орынды қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сурет бойынша диалог құрастыр. Сыпайы сөздерді қолдан.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша сұрақтар құрастырып, диалогке түседі;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында сыпайы сөздерді орынды қолданады.

28

Бөлімше

1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»

Оқу мақсаты

1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті
сөздерді,
вербалды
емес
қарым-қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын,
мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті
қолдану)

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емес
құралдарды, дауыс ырғағын қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Кім қайда барады?
-

Атай, қайда барасыз?
Немереме базардан
Қауын, қарбыз әкелем.

-

Апай, қайда барасыз?
Балам қыста киетін
Іздеп жүрмін ішік мен

-

Әжей, қайда барасыз?
Немереме қыздардан
Сағыз сұрап әперем.

-

-

Ағай, қайда барасыз?
Балам жақсы көретін
Қарап жүрмін күшік мен.

Бала қайда барасың?
Алаңқайға барамын,
Доп ойнауға жарадым!
(Е. Өтетілеуұлы)

Жұптық жұмыс


Өлеңнің мазмұнын диалог түрінде әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- өлеңнің мазмұны бойынша диалог құрастырады;
- диалог барысында сөйлеу мәнерін сақтайды, ым-ишараны қолданады.

29

Бөлімше

1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

Оқу мақсаты

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен
білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтінге қатысты пікірін айтады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя
тауып алды. Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып
шиқылдай бастады.
Бір кезде балапандардың енесі ұшып келді. Бірақ ұясына
қонбай, балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның
қасынан кетіп қалды.
Сұрақтарға жауап бер.





Мәтін не туралы?
Құс неліктен ұясына қонбады?
Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды?
Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.

30

Бөлімше

1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

Оқу мақсаты

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме
құрап айту

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сурет бойынша әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Жұпта әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- мәтінді жүйелі әңгімелейді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

31

Бөлімше

1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан
жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс
дыбыстау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты және
дауыссыз) анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген сөздерді мұқият тыңда. Сөздегі әр дыбыстың дауысты немесе дауыссыз екенін
анықтап, сәйкес белгіні көтер.

Дескриптор

Білім алушы
- сөздегі дауысты дыбыстарды анықтап, сәйкес белгімен көрсетеді;
- сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтап, сәйкес белгімен көрсетеді.

32

Бөлімше

1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін
түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды
• Сөздердің мағынасын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Анаграмманы мұқият тыңда. Шешуін тап.
мағынасын түсіндір.

Сөздегі өзгерген әріптерді ата. Әр сөздің

Сөз басында «Б»-болса,

Егер «М»-дан бастасаң,

Бас киімің боламын.

Тағамның бір түрімін.

Сөз басында «Ө»-болса,

«М»-ны алып тастасаң,

Жазда пісіп толамын.

Түнгі аспанның нұрымын.

(… - …. )

Дескриптор

(… - …. )

Білім алушы
- анаграмманың шешуін табады;
- өзгерген дыбыстарды анықтайды;
- сөздің мағынасын түсіндіреді.

33

Бөлімше

1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі
буын санын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөзді буынға бөледі
• Сөздегі буын санын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Заттардың атауын буынға бөліп айт. Сөзде неше буын бар? Буынның санын
цифрмен жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- сөздегі буын санын анықтап, жазады.

34

Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше

2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

1-тапсырма
Сызбаға
мұқият
қара.
тауып, белгіле (). Түсіндір.

Дескриптор

Сызбаға

сәйкес

келетін

суреттерді

Білім алушы
- сызбаға сәйкес суреттерді белгілейді;
- сөзге дыбыстық талдау жасайды.

2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастыр және оқы.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
- сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

35

Бөлімше

2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін
сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтінді дауыстап оқы.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет пен сөзді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

36

Бөлімше

2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы
келгенін түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Кім кінәлі?
- Кім сызды мына партаны?деп ұстаз бізден сұрады.
Үсенбек айтты:
-Мен емес.
Үміт айтты:
- Мен емес.
Күміс айтты:
-Мен емес.
Бұған жалғыз кінәлі Елемес үнсіз тұр әлі.




Сенің ойыңша, партаны сызған кім? Неліктен?
Елемес неге үнсіз тұр?
Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?

Дескриптор

Білім алушы
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннің кейіпкеріне қатысты пікірін айтады;
-мәтіннің мазмұнына сүйеніп, автордың ойын тұспалдайды.

37

Бөлімше

2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»

Оқу мақсаты

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/
мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын
ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәндес сөздерді анықтайды
• Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Сөздерді оқы және суретпен сәйкестендір.

Дескриптор

Білім алушы
-сөздердің мағынасын анықтайды;
- мәндес сөздерді табады және суретпен сәйкестендіреді.

2-тапсырма
Берілген сөздерді оқы. Сөздерді суретпен сәйкестендір. Суретке сүйеніп, берілген сөзге
қарама-қарсы мағыналы сөз жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- сөздерді мағынасына сәйкес суретпен байланыстырып сызады;
- берілген сөзге қарама- қарсы мағыналы сөзді жазады.
38

Бөлімше: 2.5. «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты

1.2.5.1 Мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен)
сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша
қойылған сұраққа жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
• Сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сурет бойынша жұпта бір- біріңе сұрақ қой және жауап бер.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
- қойылған сұраққа дұрыс жауап береді.

39

Бөлімше

2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»

Оқу мақсаты

1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай
мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді оқы.
Менің інім бар. Оның аты - Талғат. Ол әлі кішкентай. Інім
балабақшаға барады. Інімнің ойыншықтары көп. Олар: мəшине,
доп, текшелер, қонжық. Інім қонжығын жақсы көреді. Ол
ойыншықтарын ұқыпты ұстайды.




Талғаттың қандай ойыншықтары бар? Белгіле ()

Оқыған мәтін ертегі ме, әлде әңгіме ме?
А) ертегі
В) әңгіме
С) өлең
D) мақал

Дескриптор

Білім алушы
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтінге қатысты ақпаратты табады;
- мәтіннің жанрын анықтайды.

40

Бөлімше

2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»

Оқу мақсаты

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен
сәйкестендіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Әріптерді таниды және дыбыспен
сәйкестендіріп оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді оқы.

ш а

ғ

ө

к,г

н,ң

а,я


ө

к

ы

қ

и

н

і

с

р

Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?

Дескриптор

Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқиды.
- сөздегі әріп пен дыбыс санын анықтайды.

41

Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше

3.5 «Мәтінді түрлі формада құрастыру»

Оқу мақсаты

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар,
суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай
сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықта. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Әжем қонақтарға ________________ ұсынды.
______________

шай ішті.

Әкем ____________________________ тартты.

______________

Дескриптор

маған айран құйып берді.

Білім алушы
- сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды;
- суретті қатыстырып сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдерді толықтырып жазады;
- сөзді сауатты жазады.

42

Бөлімше

3. 7 «Қатені табу және түзету»

Оқу мақсаты

1.3. 7.1 Мұғалім көмегімен cөз/сөйлем/мәтінді тексеру
және қателерін түзету

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөз, сөйлем, мәтінде жіберілген қателерді
анықтайды
• Мұғалім көмегімен қатені түзетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқы. Не байқадың? Сөйлемдегі
сөздердің орнын ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастырып жаз.
Менің отбасым шағын. Отбасымда бар төрт адам. Олар әкем, анам,

қарындасым және мен. Менің

сыныпта екінші.

Дескриптор

мұғалім.

- дәрігер. Мен оқимын

кішкентай. Ол барады балабақшаға.

Білім алушы
- сөйлем құрылымында жіберілген қатені анықтайды;
- сөздерді дұрыс байланыстыра отырып, сөйлем құрастырады;
- сөйлемдерді сауатты жазады.

43

Бөлімше

3.8 «Каллиграфиялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жо
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!