Материалдар / Ертеңгілік "1-наурыз Алғыс айту күні"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік "1-наурыз Алғыс айту күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік. Балабақша тәрбиешілеріне арналған. Балаларды үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелейміз. Ертеңгілік арқылы балалардың көңілі көтеріледі, ойын ойнайды. Өз өнерін көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2022
1170
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «1 наурыз – Алғыс айту күні».

Мақсаты: Балаларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкенге, кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, əдептілікке, ізеттілікке тəрбиелеу, қуанышты көңіл-күй сыйлау.

Керекті құралдар: 2 орындық, секіргіш.

Əдемі киінген балалар музыка бөлмесіне кіреді.

Жүргізуші: Сəлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Бұл жаймашуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан бері өткізіліп келеді. Ризашылық, алғыс айту күні барлық адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды, өз жетістіктермен бөліседі, бір-біріне алғыс айтады. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі. «1 наурыз- алғыс айту күні» құтты болсын! Осы мерекеге арналған балалардың өнерін тамашалаңыздар. Ән-хор «Алғыс». Әннен кейін ертегілер елінен Ханшайым келеді.

-Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар, балалар, балалар өте әдемі болып кетіпті. Бұл жерде қандай мереке болып жатыр? Жүргізуші:Сәлеметсіз бе, Ханшайым. Балалар бізге ертегілер елінен Ханшайым келіп отыр. Ханшайым хош келдіңіз! Біз бүгін Алғыс айту күні мерекесін тойлап жатырмыз.

Ханшайым: Алғыс айту күні ме? Ертегілер елінде Алғыс айту мерекесі жоқ. Егер бұл мереке маған ұнаса, ертегілер елінде де тойлайтын боламыз. Жүргізуші: Ханшайым, келіңіз, төрлетіңіз, бізбен бірге Алғыс айту мерекесін бірге тойлайық. Балалардың өнерін тамашалаңыз. Балалар өздерінің тақпақтарын айтып берсін.

Жақсылық: Бүгінгі күн нұрлы күн,

Жарық шашқан əлемге.

Ескеретін күн бүгін,

«Ризашылық» қой бар елде.

Аяла: Балалар бақшасында бүгін той,

«Ризашылық-Алғыс айту күні» біліп қой.

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би-билеп.

Нұрсұлтан: Ұстазға ұлы рақмет,

Нəрі мен білім су сатқан.

Балалық досқа рақмет,

Қуанған, бірге мұңдасқан.

Вова: Халқыма туған рақмет,

Шыңдаған елге танытқан.

Жеріме байтақ рақмет,

Таза ауа үшін сіңірген.

Барша əлем саған рақмет,

Əр күнім үшін кешірген.

Сұлтан: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн.

Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

Қазына: «Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

Нұршат: «Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жақсылықтың мерейі.

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі.

Айша: Жақынды, досты аяла,

Қанатын сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

-Құрметті қонақтар, біздің өнерлі балаларымыздың «Солнышко» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Көңілді өскен балалар,

Күлім қағып тұрады.

Тойымызға сəн беріп,

Шырқап əнге салады.

Біздің әнші ұл-қыздарымыз Аяла, Жақсылық, Айшаның орындауында «Әдепті бола біл» əнін қабыл алыңыздар.

Əн «Әдепті бола біл».

Ханшайым: Уа балалар, балалар,

Енді маған қараңдар.

Алғыс айту күнін тойлайық,

Қызық ойын ойнайық.

«Кім жылдам» ойыны.

Ойынның шарты: 2 орындыққа 2 бала қарама-қарсы отырады, 2 орындықтың арақашықтығы 2 метр. 2 орындық арасына секіргіш қойылады. Музыка басталған кезде балалар билейді, музыка біткен кезде тез орындыққа отырып, секіргішті тартып қалу керек. 1-ші тартқан бала жеңіске жетеді. Ойынды осылай 2-3 рет қайталау. Жүргізуші: Балалар, сендер ойынды жақсы ойнадыңдар, Ханшайым, сізге рақмет, ойын ойнап көңіліміз көтеріліп қалды. Ал енді кезекті биге берейік. Біздің мың бұралған биші қыздарымыздың «Айгөлек» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Келесі кезекті ұлдарымыз Жақсылық, Вова, Сұлтанның орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» əніне берейік.

Əн «Жас дәуірдің түлегіміз».

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естен шығармайық. Құрметті қонақтар, біздің балаларымыз ұжымға өз ризашылығын білдіріп, алғысын, рақметін айтқысы келеді.


Жақсылық: Қамқор болып әрқашан,

Тәтті тағам бергізген.

Жақсы киім кигізген,

Анамыздай ардақтап,

Құрметтейміз біз сізді.

Балаларға жанашыр,

Г.Жиекбаевнаға мың алғыс.

Сұлтан: Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып, билеткен.

Доспен тату ойнауды,

Мерекені тойлауды.

Бойымызға сіңірген,

Тәрбиеші әпкелерге мың алғыс!

Аяла: Үйренгенбіз өнербіз, Айша: Ақ халатты абзал жандар,

Шетімізден бишіміз. Бәйек болып жүргені.

Бал татиды әніміз. Дәрі беріп, қамқор болған,

Оны бізге үйреткен, Дәрігер мен медбикелерге рахмет!

Сәуле апкеге мың алғыс!

Нұршат: Ақ төсекке жатқызған, Нұрсұлтан: Томпиған тәтті күлшесі,

Топты таза ұстаған. Бізге арнап пісірген.

Күтуші әпкелерге Тәтті тағам ұсынған,

Көмегіңіз үшін, көп рахмет! Шебер қолды аспазшы,

Апайларға көп рахмет!

Қазына: Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Еліме – қорған, жанашыр болғаны үшін

Сөзге – жанды жылытатыны үшін

Күнге – жылы шуағы үшін алғыс айтамыз.

Вова: Мейірімді жүректерініз үшін,

Жылулық пен жылы сөздерініз үшін.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз үшін.

Ыстық алақандарыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін

Бүкіл ұжымға – мың алғыс айтамыз!

Жүгізуші: «Өнерге құштарлық» әнін қабыл алыңыздар.

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар, маған сендердің өнерлерің ұнады, сендер әнді жақсы айтып, биді де жақсы биледіңдер, сендерге көп рақмет, бұл мерекені енді біз де ертегілер елінде жыл сайын тойлайтын боламыз. Сендерге менің сыйлығым бар соны қабыл алыңдар.

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар, əрқашан алғыс айтып, рақмет айтып, дос болып, бауырмашыл болып жүрейік. «1наурыз - Алғыс айту» мерекесі құтты болсын! Əр отбасында құт береке, сыйластық болсын. Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің денсаулықтары мықты болып, бақытты болсын. Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды, келгендеріңізге рақмет!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!