Материалдар / Ертеңгілік "Алтын күз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2019
262
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны

«Құлыншақ» балабақшасы.













Мерекелік ертеңгілік.

Тақырыбы «Арайлы алтын күз»

















Тексерген



Арайлы алтын күз.

Жүргізуші

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар,бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Әлішер.

Алақай, алақай

Шаттанды балақай.

Күз түсті дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Ғалымжан.

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын куз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап астық алдық біз.

Жігер.

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық ау.

Аян.

Ой баралар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ салыпты,е

Ел егінін орыпты.

Досжан.

Күздің қазан айында,

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Арайлым.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Мейрамгул.

Бүгін мейман, бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Мейрамбек.

Алтын, сары,қызыл, көк,

Алуан,алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ырысжан.

Алақай,алақай,

Шаттанды балақай.

Күз түсті,дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Айдос.

Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Сары күзде үзіліп,

Себетке кеп үзілдім.

Жүргізуші.

Жарайсыңдар,

Ал балалар,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешемін

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ.

Жиып теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар.(күз)

Дүрыс күз мезгілі. Ал,күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен.

Ендеше ортамызға қонағымыз- алтын күзді шақырайық.

Алтын күз: береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Жүргізуші.

Рахмет, саған алтын күз.

Қабылдадық сыйды біз. Отырыңыз жайғасып ал балалар ендеше бекер қарап тұрмаңдар ойын. кім сәбізді тез жинайды ойынын ойнайық.

Ән. Бүлдіршіндеріміздің орындауында көкөністер мен жемістер әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші.

Балалар аман болсын әр үйдегі,

Таусылмасын ананың әлдилері.

Дождик биін билейді томпаң қағып,

Жауқазын тобының сәбилері.

Би. Дождик.

Жүргізуші:

Тамаққа кеп түсетін.

Мақтанбақшы сендерге

Көкөністер сан түрлі.

Қасымхан.

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Айдар.

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Арай.

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Сары күзде үзіліп,

Себетке кеп үзілдім.

Малика.

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмін.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайың.

Ақбөбек.

Өрік, шие-бәрі бар,

Қауын, қарбыз көбейсін.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейсің.

Мәди.

Ой балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Гүл жапырақ салыпты,

Ел егінін орыпты.

Санжар.

Көк майсалы,көрікті.

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Аруназ.

Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Сары күзде үзіліп

Себетке кеп үзілдім.

Ақжол.

Өрік шие-бәрі бар,

Қауын қарбыз көбейсін

Жегің келсе бәрін ал

Неге аласың демейсің.

Жүргізуші.

Ендеше не тұрыс,

Болмасын жан қалыс.

Тойлайық, күлейік,

Қуанып билейік.

Би. Осень пришла.

Жарайсыңдар ендеше бүлдіршіндеріміздің орындауында жомарт күз әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші.

Алтын күз. Біздің қыздарымыздың аналары тіккен күздік үлгілерін

Көрсетпекші.солай ғой қыздар.

«ендеше Алтын күз -2018» топтамасын ортаға шақырамыз қарсы алыңыздар.

Жүргізуші.

Балалар алтын күзге рахмет айтайық.

Келесі кездескенше аманшылық болсын.

Жүргізуші.

Алтын күздің сыйы жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық. Ал келген қонақтарымызға сау болыңыздар дей отырып,

Күз берекелі астықты болсын демеккіз.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!