Материалдар / Ертеңгілік тақырыбы: "Алтын күз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік тақырыбы: "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
253
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армысың, алтын күз!



Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығын бәрін түсіндіру. Олардың әрқайсысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.




Жүргізуші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!



Сәлеметсіздер ме, құрметті: Ата-аналар ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі «Балауса» мектепалды даярлық тобының дайындаған «Армысың, алтын күз! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Сіздерге әрқашан осы мезгілдегідей берекелді молшылық тілейміз! Ал бүгінгі, Армысың, алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.


(Балалар залға кіреді)


Балалар:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.


Олай болса, алтын күз мерекесіне арналған әнімізді қабыл алыңыздар:


Хор: «Моншақтар»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар сіздерге арнап дайындаған ұл-қыздарымыздың алтын күз мерекесіне арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Өлең шумақтар: .

Жұмағұл Айзере:

Алтын сары қызыл көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Гүлназ:

Ағаштардан жамырап.

Ұшты кенет жапырақ,

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Кәусәр:

Осень дастала краски

Ей много покрасным,

Листья-желтым икрасным,

Серым-небо и лужи.



Жүргізуші: 

Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсандар шешімін
Қонақты ортаға шақырам.
Көк майсалы көрікті,

алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,

сары жібек көйлегін.

- Бұл кім балақайлар? Әрине (Күз) дұрыс айтасындар.


Күз кіреді:

Сәлем менің достарым

Өмірге көп қосамын

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы;

- Не тойлап жатсыңдар?

- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?

Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.Күз - жылдың берекелі мезгілі.

Күз ханшайымы:Рахмет менің достарым! Ал, мен сендерге құр қол келген жоқпын жұмбақ ала келдім.



1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.( Жеміс)


2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонын шешсе жыладық.(Пияз)


3. Сырты қатты іші тәтті.(Қарбыз).


4. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар.(Мақта)


Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.


Би: «Күзгі жаңбыр»

Шұғыла

Інжу

Инабат

Қасиет

А. Айзере

А.Айзере

Өлең шумақтар:.....

Шұғыла:

Күзде келді, күз келді

Құстар мекен іздеді .

Күзде келді, күз келді

Қондырмайды түзге елді.

Керек оқу бізге енді.

Інжу:

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық алтын тау.

Инабат:

Күзім, күзім, күзім

Пісті алма жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп.

Кел алайық біз теріп.

Қасиет:

Көбейді құт-береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Аманбай Айзере:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Арисалим Айзере:

Келді міне, алтын күз.

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.



Күз ханшайымы: қандай билерің әдемі жарайсыңдар сұлу қыздар.


Жүргізуші : Күз ханшайымы біздің балаларымыз сіздің құрметіңізге арнап жеке ән айтып береді қабыл алыңыздар.


Би: «Қозықұйрық» биін тамашалаңыздар.

Мирас Рауан

Алинұр Ж.Ерасыл

Б. Ерасыл Жанарыс


Өлең шумақтар:

1Мирас:

Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жауады,

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады.

2Алинұр:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

3Б.Ерасыл:

Күздің сыйын алайық

Қызығына қарайық,

Күзге арнап бәріміз

Келіңдер ән салайық.

4Рауан:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

5Ж.Ерасыл:

Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі

6Жанарыс:

Алқаптағы бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.


Хор: «Күзгі жұптасу» әнін қабыл алыңыздар.



Жеке ән: « Апорт алма»

1 Шұғыла

2 Гүлназ

3 Мирас

4 Ж.Ерасыл

5 Аманбай Айзере

6 Жұмағұл Айзере


Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып. Қошсау болыңдар!


Жүргізуші: Балалар күзде , аңдарда қысқа дайындалады . Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Балалар біз алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Ал орманда қандай жаңалық болып жатыр екен:

Білгілерің келеме:

Балалар: Ия

Олай болса, орман тілшісі қоянды ортаға шақырайық.


Қоян- : Сәлеметсіңдер ме балалар! Мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші : Сәлеметсіңбе? Қоян Күз келді біз алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Ал, орманда қандай өзгерістер болып жатыр.

Қоян: орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Бірақ кірпі мен тиін қыстық азықтарын жинап үлгере алмай қалыпты. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

Өзін қорғай алады,

Домаланып қалады қандай аң.


Балалар: Кірпі!


Қоян- дұрыс айтасыңдар балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң,

Балалар: Тиін!


Қоян: Жарайсыңдар балалар сендер өте тапқыр екенсіңдер . Ал, енді сендердің шапшаңдықтарыңды тексергім келіп тұр. Ол үшін сендермен ойын ойнайын ойынның шартымен таныстырайын.

Білесіңдер ме? кірпі мен тиіннің қорегін жинап берейік. Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!


Жүргізуші: Әрине көмектесеміз ! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!


Ойын: «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарма қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарына себеттер. 1,2,3, дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады . Кім көп жинаса сол каманда жеңеді.


Қоян: Жарайсыңдар балалар, сендер өте жылдам екенсіңдер. Сендер ойын ойнау арқылы тиін мен кірпіге азықтарын жинауға көмектестіңдер. Рахмет сендерге.


Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған!Қоян міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жібереді. Ал қоян сенің ойының өте қызықты болды рахмет.

Біздің балалардың өнерлерін тамашала


Би: « Күзгі жұптасу»

Алинұр-Гүлназ

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!