Материалдар / Ертеңгілік."Арайлы алтын күз" кіші топ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік."Арайлы алтын күз" кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
311
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Топ мерекеге сай безендірілген. «Арайлы, Алтын күз» тақырыбы бойынша суреттер көрмесі, табиғи жапырақтар.әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдірішіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықарға отырады.


Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.


Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар! Бүгін ІІ кіші «Балақан» тобының балалары дайындаған «Арайлы, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.


Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!


-Қараңдаршы, бүгін тобымыз қандай әдемі болып кеткен.


(Сөз «Ақбота» бөбекжайының директоры Умержанова Нургуль Сәбитовнаға беріледі)

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың күз мезгілі.Күз мезгілінде неше ай болады?

Балалар: Қырқүйек ,Қазан,Қараша.

Тәрбиеші: -Күз мезгілінде күн қандай болады?

Табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ал, неге біздер күзді «Алтын күз» деп атаймыз?

Жарайсыңдар!

Топқа Күн кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен де бүгін әдемімін, қараңдаршы (әрі – бері жүреді)

Жүргізуші: - Балалар, бізге Алтын күз келе жатыр деп ойласақ,ал бізге Күн келді , балалар күн әдемі ме?

Балалар: - Иә, әдемі!

Күн: Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

  • Иә, білеміз!

Күн: - Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады

( балалар аяқтарын қаттырақ топылдатады , тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).


«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.

Жүргізуші: Күн, біз жаңбыр туралы ән де білеміз. Тыңдағың келе ме?

Күн: Әрине.





Ән: «Жаңбыр»

(Сырттан әдемі әуен естіледі)

Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.


(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)


Күз ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар: - Сәлеметсіз бе?!


Күз ханшайымы:


Мен - күз ханшайымымын. Сендерді көргенімен қуаныштымын.


Тәрбиеші: -Қош келдіңіз Күз ханшайымы! Төрлет!


Күз ханшайымы:

Келді міне Алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Күз ханшайымы: Балалар маған сендердің көмектерің керек. Менің пісіп жетілген жеміс –жидек, көкеністерім кім пайдалы, кім дәмді деп дауласып келеді көмектесіңдер!

"Көкеністер дауы". Көрініс.

КӨКӨНІСТЕР: (бәрі бірге)
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?


Алма.

Мен алмамын домалақ,

Дәмім менің тәтті-ақ.

Ең үлкенін жақсысын,

Досыңа сен сыйлайсың. Маржан


Апельсин

Спелый, сочный апельсин,

В фруктах первый витамин.

До чего же я хорош,

И на солнышко пахож. Адина


Қияр

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне. Меирхан


Қарбыз

Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма. Нұрхан



Қауын

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргенде тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын. Айлана


Қызанақ

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма дам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген. Көркем



Шие

Мынау шие шырағым,

Қызыл болып піседі.

Тезірек жинап алмасаң,

Торғайдың көзі түседі.


Асқабақ

Күзді күтіп жатырмын,

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын, жараймын,

Қыстай сақтап қоюға. Жандаулет


Өрік

Мен - өрік күнім,

Ерте ашар гүлін.

Қара өрік, сары өрік,

Ектім екі түрін. Әділ


Картоп

Мен домалақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар! Саят


Қырыққабат

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана! Арай




Зеленый огурец,

Большой-большой хитрец:

Сидит себе на грядке,

С людми играет в прятки. Саша


Хоть лимон и кислый очень,

Он полезен между прочем.

Положи-ка ломтик в чай,

И конфетку запивай! Ясмина



Медбике

Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер. Дильмира


Тәрбиеші:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Бәріміз де дәмдіміз,

Адамға тиеді пайдамыз,

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық!



Тәрбиеші: -Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.


Би: «Часики»



Тәрбиеші: -Күз ханшайымы, біздің балалардың өнерлері ұнады ма?


Күз ханшайымы: -Иә. Балалардың бәрі өнерлі екен.

-Өте тамаша, балалар! Жарайсыңдар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Сиқырлы орамал» деп аталады.

Ойын мақсаты: Баланың немесе келген қонақтардың көзін орамалмен жұмып қолында қандай жеміс-жидек екенін сипаттап беру.

Тәрбиеші: Рахмет Алтын күз .Балалармыздың саған арнап тақпақтар дайындады ,қәне тыңдайық


Күз айлары тамаша,

Қыркүйек, қазан, қараша.

Сары кілем бейне бір,

Жердің беті қараса. Аниса



Алақай, күз келді,

Қарық қып жеміске.

Сарғайды түз, белде,

Толқысын егіс те. Ғанижамал





Күз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар

Би: «Қолшатыр»


Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып. Мирлан


Күз мезгілінде,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Бәрі жерге түседі. Рахман



Алтын күз: Рахмет балалар! Сендер дұрыс айтасындар күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Сиқырлайды.Қолшатырды айналдырам, қыздарды күзгі жапырақтарға айналдырам!

Жүргізуші: Би «Жапырақтар»


Алтын күз: Рахмет қыздар! Жақсы билейді екенсіңдер.


Күз ханшайымы: -Рахмет, балалар! Менің де балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен сыйлықты тәрбиеші апайларыңа берейін. Сосын сендерге таратып береді. Сендерге тек денсаулық, көңілді күй тілеймін!

-Ал, балалар мен қайтып келгенше аман-сау болыңдар!


Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде. Айару

Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ,би мен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер!

Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы жапырақтар.

Ортаға себетті қояды орамалмен жабады.

Күн:Қазыр біз алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер айтамыз! Сендер көздерінді жұмындар, бірақ ешкім қарамайды. Балалар көздерін жұмғанда, Күн себетті айырбастайды басқа алмалары бар себетке.

Алтын күз: Жапырақтар кәне кей, тәтті алма болындар!

Ормалды алайын не боғаның қараңдар!

Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып береді.

Кәне балалар сыйлықтарды алындар!

Балалар сыйлықтарға риза болындар!

Тәрбиеші: - Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Сыйлыққа көп рахмет! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол, Күз ханшайымы!

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді- дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Сондықтан сендерде еңбекқор болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерің білім алу.

Міне, балалар осымен «Арайлы,Алтын күз!» атты ойын-сауық кешіміз аяқталды.

Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт пен береке тілеймін!

Балаларға Күз ханшайымы берген сыйлықтар таратылып, мереке аяқталады.










Тексерілді ___________ Бекітілді _____________

«Ақбота» бөбекжай әдіскері «Ақбота» бөбекжай меңгерушісі

« » __________ 2021ж. « » __________ 2021ж.






Shape1


ІІ кіші «Балақан» тобы.


Picture 2





















Тәрбиешілер: Аққайырова А.К.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!