Материалдар / Ертеңгілік:Жаңа жыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік:Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік:Кіші топ балаларының жаңа жылдық ертеңгілігі.Мақсаты:Кіші топ балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
242
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүргізуші:(ортаға қар домалатып шығып)

Қыс келді.Айнала аппақ қар.Қардан аққала жасаған қандай қызық!

Мен ұмытып бара жатырмын,қыс мезгілінде қандай мереке болады екен,ә?кім біледі?

Балалар:Жаңа жыл мерекесі болады.Жаңа жыл мерекесімен сіздерді құттықтаймыз!Бирақ жалғыз жаңа жыл мерекесін қалай өткіземін?Жалғыз өзіме аққала жасап ойнаған қызық емес,балалармен ойнаған қызық.Олай б олса мен балаларды ортаға шақырайық.

Ән:Бала-бала-балапан

Жарайсыңдар балалар!Еңдеше жаңа жыл мерекесіне арнаған балалардың тақпағын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар.Асылжан:Қыс мезгілі көңілді

Аспаннан ақ қар төгілді

Шанамен біз ойнаймыз

Шаңғы теуіп зырлаймыз

Айтжан: Арлы-берлі жол салып

Қар лақтырып ойнаймыз

Қорықпаймыз аяздан

Біз мықты баламыз.

Жарайсыңдар балалар!Қанекей ортаға келіп мерекеге арнаған әнімізді айтайықшы!

Ән:Шырша

Музыка залына Түлкі Қоянды қуып келеді.

Жүргізуші:Түлкі,Қоян сендерге не болды?Бүгін біздің балаларымыздың мерекесі.Қоян сендер босқа жүгіргенше, біздің кішкентай көжектермен көжектер биін биле.

Би:Көжектер.

Жүргізуші:Балалар Аязата мен Ақшақарды мерекеге шақырайық!

Түлкі:Онда бәріміз дауыстап шақырайықшы

Балалар:Аязата,аязата!

Аязата:Ау армысыңдар!

Өздеріңе оралдым

Амансыңба,ұл-қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Қандай әсем жырларын.

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме балалар!Жаңа жылдарын құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзіңмен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырмын,тақпақпын.

Жүргізуші:Әсем ән де, би де бар.Аязата отырып,сәл демалыныз

Балаларымыздың тақпағын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар.Айсана:Әдемілеп ілінген

Ойыншықтары тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқаймыз баршамыз

Альмансұр:Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабынды

Ән:Жаңа жыл

Ақшақар:Аязата балалар шыршаны әдемілеп безендірді,бирақ жанбай тұр.

Аязата:Менің сиқырлы таяғым бар,сендерге көмектесейін,қане бәріміз бірге айтайық!Бір,екі,үш!Шырша жарқырай түс!

Жүргізуші:Балалар шыршамыз қандай әсем жарқырап тұр.

Ойын:Қар атысу

Жүргізуші:Балалар Түлкі мен Қоянға қар атқылайық(Қоян мен түлкі осы кезде шығып кетеді)

Ән:Топ-топ балақан

Аязата:Жарайсыңдар балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың өнерлі,ақылды балақайлар екенсіңдер!Мен сендерге сыйлық алып келдім.Апайларына табыстаймын.Қош,сау болыңдар!

Ақшақар:Сау болыңдар!

Жүргізуші:Жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа жақсылық алып келсін!Үлкен болып өсе беріңдер!Рахмет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!